Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Білімнің жағып шырағын. Зат есімнің түрленуі


Білімнің жағып шырағын. Зат есімнің түрленуі

Сабақтың тақырыбы: Білімнің жағып шырағын. Зат есімнің түрленуі

Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: Зат есімнің түрленуі туралы алған білімдерін бекіту, зат есімнің қасиеттерін ашу
2. Тәрбиелік: өнер-білімге деген құштарлықтарын арттыру, адамгершілікке баулу
3.Дамытушылық: оқушылардың өз бетімен іздену қабілеттерін дамыту, еркін сөйлеуге баулу, ойларын дәл, нақты айтуға дағдыландыру
Сабақтың түрі: дәстүрлі емес, жарыс сабақ
Әдісі: түсіндіру, ой қозғау, деңгейлік тапсырмалар орындау, талдау, топпен жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі: презинтация, плакаттар, кестелер, флипчарт, деңгейлік тапсырмалар, интерактивті тақта
Пәнаралық байланыс: әдебиет, музыка, бейнелеу өнері
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі: оқушылармен амандасу, сабаққа дайындау, оқу-құралдарын тексеру.
- Салеметсіздер ме, құрметті ұстаздар, оқушылар! «Білімнің жағып шырағын» атты интеллектуалды саяхат сабағымызға қош келдіңіздер! (1 слайд)
Көріп отырғандай алдарыңызда саяхатқа шығуға екі топ дайын отыр. Олай болса сол топтардың дайындықтарын көрейік! Саяхатқа шығатын топтарды бағалайтын әділ-қазы алқасымен таныстырайын! 
Оқу –ісінің меңгерушісі Кабдыкаримова Марфуза Кабдыкаримовна
Қазақ тілі мен әдебиеті пән бірлестігінің жетекшісі – Макимова Айнұр Ерденбаевна
Бастауыш сынып мұғалімі – Нығметжанова Айнұр Қабжанқызы
Топтарды 5 ұпаймен бағалайсыздар! Саяхатқа шығатын топтың аты және де ұраны болу керек. Сонымен қатар сол топты жеңіске алып келетін топ басшысы болады. Олай болса әр топ өздерің таныстырады!
1 топ
Топтың аты: «Інжугүл» 
Топтың ұраны: Біз достыққа сенеміз
Қарсыласқа жол бермей
Сарбаздарды жеңеміз
Інжугүлміз шырайлы
Күн нұрындай арайлы
Топ басшысы: Асылбек Асем
2 топ
Топтың аты: «Сарбаздар»
Топтың ұраны:
Біз сарбаздар әрқашан да біргеміз
Берік біздің ажырамас іргеміз
Елін, жерін қорғайтын
Інжугүлді әрқашан да қолдайтын
Топ басшысы: Ханат Тілеубек
2. Үй тапсырмасын сұрау: 
- Балалар сіздерге үй тапсырмасына не берілді? (үй тапсырмасы 42- жаттығу)
Ой қозғау стратегиясы
-Балалар, бүгін біз сіздермен зат есімді қайталап,  алған білімдерімізді бекітеміз. Ол үшін әртүрлі белестерді бағындырамыз. Сабағымыздың мақсаты: (2 слайд)
Сабағымызды бастамас бұрын бірнеше сұраққа жауап беріңіздер! 
Қандай сөз табын зерттеп бітірдік? (зат есім) (3слайд)
Зат есім қандай тіл білімінің саласында зерттеледі? (морфология) (4слайд)
Морфология қандай мағынаны білдіреді? (грек. тілінен аударғанда «түр») (5слайд)
Зат есім қалай түрленеді? (септеледі, көптеледі, жіктеледі, тәуелденеді) (6слайд)
Қандай зат есімдер жіктелмейді? (не? деген сұраққа жауап беретін зат есімдер) (7слайд)
Қандай зат есімдер жіктеледі? (ауыспалы мағынада қолданған) (8 слайд)
-Балалар, өте жақсы. Астана десе ойларыңызға не түседі? 
- Қаланы аралап көргілерің келе ме? 
- Ендеше, бәріміз бірге Астана қаласына саяхат жасайық. (9слайд)
Бірінші біз Хан Шатырға барамыз! 
 1.Дұрыс орналастыр:
Мағынасына қарай: негізгі, туынды (деректі, дерексіз, жалқы, жалпы)
Құрамына қарай: деректі, дерексіз (дара, күрделі)
Тұлғасына қарай: дара, күрделі (негзгі, туынды)
Жасалуына қарай: жалпы, жалқы (жоқ)
Ал енді Бәйтерекке барамыз!
Мәтіннен түрленген зат есімдерді көшіріп жаз!
Астана ерке Есіл өзенінің оң жағалауында, Сарыарқаның төрінде орналасқан. Бас қалада салынған өте әсем ғимараттар: Конгресс-холл, Л:Н: Гумилев атындағы Еуразия университеті, Пирамида, Астананың символына айналған Бәйтерек тағы да басқа ғажап құрылыстар жетерлік. Ол планетамыздың ең әсем қалаларының біріне айналған. Сол себепті ЮНЕСКО «Әлем қаласы» деген атақ беріпті.
ЮНЕСКО-Юнайтед Нэйшнз Эдьюкейшн Сайенс Энд Калчер Организейшн деп аталады екен. (Организация Обьединенных наций по вопросам науки, культуры и образования) Қазақша: -«Білім және мәдениет, ғылым сұрақтары бойынша Біріккен Ұлттар Ұйымы» деп аталады.
Келесі біздің көретініміз ол Бейбітшілік пен Келісім сарайы!
Артықты тап?
Септелген зат есімдер артығы – үйім, жұмыскерлер, жұмысым
Көптелген зат есімдер артығы – балам, ұстазым, дәптерге
Жіктелген зат есімдер артығы – бөлмем, мектепке, ойыншықтар
Тәуелденген зат есімдер артығы – көліктен, жолмен, киімнен
Ал келесі біз Ақ Ордаға барамыз! 
Ақ Ордада бізде сөзжұмбақ дайындалып тұр екен, сол тапсырманы орындасақ қана біз келесі Нұр-Астанаға барамыз! 
1. Ұзын сөзінің антонимы
2. Қазақ тілінде қанша жалғау бар?
3. Қазақ тілінде қанша сөз табы бар?
4. Күл, оқы, сөйле қандай сөз табына жататын сөздер?
5. Зат есім мағынасына қарай қандай болып бөлінеді?
6. –ға, -ге, -қа, -ке қай септіктің жалғауы?
7. Жұрнақ пен жалғау неге жатады?
-Өте жақсы, жарайсындар! Сөзжұмбақты шештіңдер, Нұр-Астана мешітіне саяхатқа барамыз! Бұл жерде де сіздерге тапсырма бар, соны орындап «Думан» атты ойын-сауық орталығына өтеміз! Қане!
Заттарды зат есімнің тұлғасына, мағынасына, құрамына қарай бөліп орналастырыңдар! Флипчарт
Негізгі Туынды Дара Күрделі Жалқы Жалпы Деректі Дерексіз
көбелек көбелек көбелек көбелек
алма алма алма алма
гүл гүл гүл гүл
Астана Астана Астана Астана
достық достық достық достық
қоян қоян қоян қоян
-Ал енді «Думан» атты ойын – сауық орталығына барамыз!
-Ал енді балалар сергіту сәті, орнымыздан тұрып бірге жасаймыз! 
Сергіту сәті.
«Қызыл өрік» әніне билеп жатқан қыз бен ұлдың видеосына балар бірге солардың қимылдарын қайталап билейді.
Сабақты бекіту:
-Қазір мен сіздерге мынандай қағаздар берем бір қағазда гүлдің суреті, екінші қағазда жұлдыздың суреті. Бірінші топтың аты «Інжугүл» болғандықтан оларға гүлдің суретін берем, ал екінші топтың аты «Сарбаздар» болғандықтан оларға жұлдыздың суретін берем. Осы суреттерді пайдалана отырып, зат есімді толық қорғап шығасыңдар!
Ал қазір балалар мына жерден екі түсті стикерлер бар біреуі қызыл түсті – ол өте жақсы деген мағынаны білдіреді, ал екінші түс – жасыл ол орташа деген мағынаны білдіреді. Біреуін таңдап, күліп тұрған немесе көңіл-күйі жоқ смайликтерге ілеміз. 
Үйге тапсырма:
-Үйге: зат есімге байланысты жұмбақ, өлең немес қызықты әңгіме дайындап әкелесіздер!

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Жұрнақ пен жалғау
Қыс келбеті. Зат есімнің жекеше, көпше түрі.
Зат есім
Сын есім
Зат есім
Сын есім
Зат есім
Зат есім
Сан есімнің емлесі
Сын есімнің мағыналық түрлері
Бөлім: Уроки / Қазақ тілі | Көрсетілім: 4301 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык