Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Жылдық қайталау


Жылдық қайталау

Тақырыбы: Жылдық қайталау

Мақсаты:         1.Оқушылардың тіл білімі салаларынан алған білімдерін 
                              жинақтау, қорытындылау.
                           2.Өз тілін, ұлттық құндылықтарды құрметтеуге, 
                             сақтауға баулу,имандылыққа адамгершілікке 
                              тәрбиелеу.
                           3.Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту, 
                             сөйлеу тілін  жетілдіру, сауатын арттыру, шешен 
                             сөйлеуге дағдыландыру сөйлеу  мәдениетін жетілдіру.
Әдісі:                  сұрақ-жауап, СТО эелементтері, топтау, талдау,
                            саралау, ой қорыту, шығармашылық ізденіс.
Көрнекілік:      кесте сызбалар, тест сұрақтары, жаттығу 
                           жұмыстары,  парақшалар.
Сабақ түрі:       қайталау, білім бекіту.
Пәнаралық байланыс:     әдебиет, педагогика, өнер
Сабақтың барысы
І.Ұйымдастыру 
Сабақтың эпиграфы:                                          Басқа жұрт балалары оқу қуған,
                                                                      Біліммен өз жұртының бетін жуған
                                                                     Ішіп-жеп жүрсе егер жайған малдай,
                                                                     Адамзат жер жүзіне не үшін туған?!
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру
Үйге берілген жазба жұмысы тексеріледі.
 
ІІІ. Жаңа сабақ
1.Ой шақыру.
- Балалар, біз оқу жылында «Стиль және пунктуация» тарауларын оқып білдік. Олай болса, «Зымыран»сұрақтар арқылы сол материалдарды еске түсірейік.
           - Стиль деген не? Тіл стильдері нешеге бөлінеді? Қолдану аясы мен мақсатына тоқтал. Мысал келтір. Пунктуация деген не? Оның негізгі қызметін ата? Қандай тыныс белгілері бар. Олардың қойылатын орындарын ата.  Тыныс белгілерін қою үшін, қандай белгілерге сүйенеміз? (грам.пр. мағ.пр. сөй инт.) 
2.Оқулықпен жұмыс.
          213-жаттығудан жекелеген сөйлемдер жазылып, талданады. 
Сайыста Қарақыпшақ Қобыланды жан шыдатпаған. 
Бүкіл ел жұрты ардақтаған Асан өтінішіне хан да қарсы келе алмаған. Қазтуған – тапал, тоқты жілігінің қорғасын құйған асығындай шымыр адам. 
 
 
 
3. «Бал балалық қызықтары» Сергіту тренингі 
(мектеп өмірінен қызықты оқиғаларды еске түсіру сәті)
4.Қайталау білім анасы
        - Балалар, өткенге тағы бір көз салсақ.
Қазақ тілінде неше сөз табы бар? Оларды қалай топтастырамыз? Көмекші сөздер туралы айт. Оқшау сөздердің түрлерін, ерекшеліктерін ата. Тілімізде сөйлем мүшесі нешеу? Мына сызба бойынша сәйкестендіріңдер: (тақтаға сәйкестендіру тест ілінеді, оқушылар орындайды).
«Сәйкестендіру» кестесі
 
Сөйлем мүшелері Анықтамалары
Бастауыш Сөйлемде зат есімнен немесе заттық ұғымда жұмсалған басқа да сөз таптарынан болған мүшелерді сындық, сапалық, сандық, иелік жағынан сипаттайтын тұрлаусыз мүше.
Баяндауыш Баяндауыш білдіретін амал-әрекетті, іс-оқиғаны заттық мағына жағынан толықтыру үшін жұмсалатын сөйлем мүшесі.
Анықтауыш Сөйлемдегі бастауыштың іс-әрекетін, қимылын, жай-күйін, оқиғаның қай шақта болғанын білдіретін сөйлем мүшесі.
Толықтауыш Етістіктен болған баяндауышты мекен, мезгіл, қимыл-сын мен себеп, мақсат жағынан айқындайтын тұрлаусыз мүше.
Пысықтауыш Атау септігінде тұрып, іс-оқиғаның иесін білдіретін сөйлем мүшесі.
 
4. «Өзін-өзі жарнамалау» тренингі оқушылар 3-4 мин ішінде өзінің көрсететін қызметін, білімін, ерекшелігін, икемділігін, жетістіктерін көрсетіп хат жазады. Хатына қолын қояды. Өзім дауыстап оқимын, тындаушылар баға береді. 
(Мақсаты – оқушылардың сөйлеу, сауатты жазу, ойларын жүйелі айту, дағдыларын жетілдіру. Өзін-өзі ашу, өзін-өзі тану, психологиялық мінездемесін анықтау.)
Сөйлем талдау. Зәулім ағаштардың сары жапырақтары ауада қалқып жүр. 
 Енді, фонетика тарауына көз жүгіртейік. 
        - Фонетика нені зерттейді? Буын деген не? Буынның неше түрі бар?  
Фонетикалық талдау
Отан. Халық. Атамекен. Тәуелсіздік.  
Морфологиялық талдау.
Оқушылар сабақта білімді балалар жайлы әңгімені қызығып тындады.
Осы сөйлемді байланысу тәсілдері мен түрлеріне қарай талдау.
Оқушылар тыңдады. 
Қызығып тыңдады. 
Сабақта тыңдады.
 Әңгімені тыңдады. 
Алғыр бала. 
Бала жайлы тыңдады.
5. «Жейдешедегі қолтаңба» треніингі. (Оқушыларға кәсіптік бағдар беру, өз - өзіне сенімді болуға тәрбиелеу.)
Парақ таратылып, оғын өз жейдешелеріне қандай жазу жазатындары түсіндіріледі, 2 мин. уақыт беріледі. Оқушылар соңынан өз таңдауын түсіндіреді
ІV. Қорытындылау
Оқушыларға тест тапсырмалары таратылады. Оқушылар болған соң, жинап алып тексеріледі.
Мұғалімнің қорытынды сөзі: 
V.Білім бағалау
VІ.Үйге тапсырма. Қайталау 215-жаттығу (Түсіндіріліп беріледі)
Сайт каталог с проститутками https://intim24.org досуг тут
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Жай сөйлем түрлерін қайталау
Ұлылар елі. Сөйлем мүшелерін қайталау
Толықтауыш
Пысықтауыш
Тұрлаулы мүшелер
Сөздердің байланысу тәсілдері
Баяндауыш
Анықтауыш
Қазақ тілі 8 сынып
Тұрлаушы мүшелері. Бастауыш
Бөлім: Уроки / Қазақ тілі | Көрсетілім: 4382 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык