Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бөлім: Уроки / Қазақ тілі |
Көрсетілім: 6884 |
|
|
|
Аты аңызға айналған батыр
Сабақтың тақырыбы: Аты аңызға айналған батыр
Сабақтың мақсаты: Аты аңызға айналған халық қаһарманы Бауыржан
Момышұлының өмірінен мағлұмат бере отырып, Отан үшін
отқа түсетін, егемен еліміздің ертеңі болатын ұрпаққа
елжандылық тәрбие беру. Батыр ата ерлігінен үлгі алуға
баулу. Отанын, туған жерін сүюге, туған елін қорғай білуге
тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Б.Момышұлы суреті, шар, қанатты сөздер Кіріспе сөз: Құрметті оқушылар!
Біз «Ерлік» бағыты бойынша көптеген жұмыстар жасап келеміз. Тәуелсіздікке жету жолындағы ерліктерімен атағы шыққан батырларымыздан өнеге алып келеміз.
- Батырлардан кімдерді білеміз?
( Қабанбай, Бөгенбай, Исатай,Махамбет, Төлеген, Талғат, Әлия,Мәншук,Бауыржан, Қайрат,Ләззат, т.б.)
Бүгінгі біздің сынып сағаты қазақ халқының даңқын шығарып абыройын асырған айтулы ұлдарының бірі- гвардия полковнигі,жазушы, Совет Одағының Батыры, аты аңызға айналған халық қаһарманы Бауыржан Момышұлына арналады.
Атыңды аңыз ән қылып,
Жырлайды алыс-жақының.
Ұмытпайды мәңгілік
Халық нағыз батырын!- деп сабағымызды бастаймыз.
Оқушы: Кешіп өтіп кешегі от жалыннан,
Дүниеге ерлігімен танылған,
Кең жауырынды, Талғардай тік иықты
Бөрі кеуде, бүркіт қабақ Бауыржан.
Қалтыраған атынан жау ордасы,
Панфиловтың жорықтағы жолдасы,
Данқ туын майдандағы көтерген
Гвардия бөлімінің қолбасы.
Оқушы: Мен де қазақпын жаралған сүйек-еттен,
Мен де ар бар, мен де ой бар жан тербеткен.
Халқымның қарапайым бір ұлымын,
Жанымды арым үшін құрбан еткен.
Оқушы: Б.Момышұлы 1910 жылы Жамбыл облысы Жуалы ауданында қарапайым
отбасында дүниеге келген. Әкесі-Момыш. Шешесі- Рәзия. Әкесі жаны
жомарт, көзі ашық, көкірегі ояу кісі. Отбасыларында 4 қыздан кейін әкесі
Момыш 50-ді еңсерген шағында Бауыржан дүниеге келіпті.
Оқушы: Б.Момышұлының туғаннан өлгенге дейінгі кезеңі драма мен трагедияға
толы. Ол да «кәдімгі ет пен сүйектен жаралған адам». Ол да нәресте болды.
Бала болды. Ауыл мектепсіз еді. Көршілес орыс мектебіне барып оқиды.
Келесі жылы Жамбыл қаласындағы интернатта үш жыл оқып, бастауыш
мектепті бітіреді. 1921 жылы Шымкенттегі жеті жылдық мектепке түсіп,
1928 жылы бітіреді. Жиырма жастан сәл асқан кезде ол міндетті әскери
қызметке шақырылып, өзінің бүкіл болашағын Қызыл Армиямен
мәңгілікке байланыстырады.
Оқушы: Бауыржан атамыз сұрапыл соғыстың басынан аяғына дейін қатысты. Ол
лейтенант шенінен бастап, полковник атағына дейін көтерілді, взвод,
батольон, полк және дивизияны басқарды.
Оқушы: Мазасыз сол күндерде Б.Момышұлы басқарған бөлімшелердің жау
шабуылын қайтарған ерліктері аз емес. Оның батырлығымен көзге түскені
де осы тұс. 1941 жылы Москва түбінде 27 рет сәтті шайқас жүргізді.
Оқушы: Батырдың 207 рет ұрысқа қатысып, 5 рет өлімнің құрсауында қалған, 2 рет
өлімші болып жараланғаны туралы «Ақиқат пен аңыз» кітабында
жазылған.
Оқушы: 1955 жылы Армиямен қоштасты. 11 ай қызыл әскер, 14 ай взвод
командирі, 9 ай атқыштар полк штабының бастығының орынбасары, 6 ай
Республикалық әскери комиссияның аға нұсқаушысы, 5 ай батольон
орынбасары болды.
Ән: «Жойылсын жалғыз сөз соғыс деген» Орындайтындар: Мұғзиева С.
Дүзелбаева М.
Мұғалім: 1955 жылы қаруын қаламға айырбастап азматтық өмірге ауысқанда әдеби
шығармаларымен де өз биігіне көтерілді. Екінші дүниежүзілік соғысты
суреттеуде айтарлықтай еңбек еткен жазушының бірі- халқымыздың
қаһарман перзенті- Бауыржан Момышұлы.
«Москва үшін шайқас», «Жонарқа», «Бір түннің оқиғасы», «Ұстазында»
соғыстың талай ауыр сырын суреттеген. Ер азаматтың тұлғасын жасаған
атақты қолбасшының шығармасында әскери адамға тән батылдық,
табандылық сияқты қасиет айрықша көзге түседі.
Оқушы: Б.Момышұлының «Ескертпе» өлеңі
Найзадан қол босаса қалам алдым,
Толғанып оқиғаны көп ойладым.
Тырмысып әл келгенше көргенімді,
Жалтақтамай, именбей, ашық жаздым.
Отырсам көп ойланып, күнім жақын,
Әр адам біле бермейді сөздің парқын.
Ұрпаққа арнап істеген адал еңбек
Ақ ниетпен ұсындым саған халқым.
Жазушы болмаған соң менің затым,
Көркемді жұмыр емес жазған хатым.
Салмақтайтын саналы ер табылса,
Атаусыз неге қалсын менің атым.
Мұғалім: Еліміз тәуелсіздік алып, қазақ тілі мемлекеттік тіл болды. Ана тіліміздің
мәртебесі биіктеді. Осы орайда даңқты батыр, әскери жазушы
Б.Момышұлының 1944 жылы жазған «Қазақ тілі туралы пікір» деп
аталатын хаты ойға оралады.
«Тілсізді айуан дейді, тілі кедей елді мәдениетсіз, анайы, надан халық деп
санайды». «Ана тілінен бірнеше жағдайлар себеп болып , ажыраған ел
«азғын»ел атанып, кейіннен аты өшіп, ұрпақтары бұршақша бытырап,қардай
еріп, құмға сіңген судай дерексіз жоғалып кетеді. Ондай сормаңдай ел
бұрынғы кезде аз болмағанына тарихта дәлелдер аз емес»-деген болатын.
Б.Момышұлының қазақ тілінің хал-жағдайына, болашағына алаңдап,
елдің басшы азаматтарына хат жазуы-аса көрегендік әрі бүгінде маңызын
жоймаған өткір пікір еді.
Оқушы:1. «Ана тілін ардақта» өлеңі
2. «Достыма» өлеңі
Мұғалім: Б.Момышұлының немересіне жасырған жұмбағы:
Борп-борп борпылдақ,
Борпылдақта қызыл тақ
Қызыл тақта үш тармақ,
Үш тармақта шұқыршақ,
Шұқыршақта бал қаймақ,
Бал қаймақта сұр жайдақ,
Сұр жайдақта сері бойдақ.
Күл,от, мосы, қазан, тамақ, қақпақ, ожау)
Бауыржан атамыз шығарған мақал-мәтелдер:
1. Тексізден тезек артық,
Арсыздан айуан артық
2.Отан үшін отқа түс, күймейсің.
3. Өлтірсең, өлімнен құтыласың,
Өлтірмесең, өлімге тұтыласың.
4. Қайратыңа әдісіңді жолдас ет,
Әдісіңе ақылыңды жолдас ет.
5. Именіп жүрген игіліктен
Қарсыласып жүріп көрген бейнет артық.
6. Бақаның бағынан
Сұңқардың соры артық
7. Ежелден ел тілегі-ер тілегі,
Адал ұл ер боп туса-ел тірегі.
Оқушы: М.Мақатаев «Бауыржан Момышұлына» өлеңі
Қорытынды сөз: Мұғалім
«Ат шабысына қарай, ер намысына қарай шабады» деген атақты Сырым шешен. «Ел намысы-ер қолында, ер намысы- ел қолында» депті Б.Момышұлы. Заманы басқа, алар қамалы басқа, алысар дұшпаны басқа, қос алыптың қосақтаулы жүйріктей ұшқыр ойлары бір жерден шығуын көрмейсіз бе?
Бүгінгі жас ұрпақ осындай әрі шешен, әрі көсем, әрі батыр аталарын қалай мақтан етсе де орынды.
- Құрметті балалар! Бауыржан атамыз сияқты өмірі өнегелі істерге толы қасиетті тұлғаны жете біліп, оларды мәңгі есте тұту-біздің қасиетті борышымыз.
Хор: «Ақ көгершін» әні орындалады.
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |