Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » «Ұшқан ұя» әңгімесі


«Ұшқан ұя» әңгімесі

Сабақ тақырыбы: «Ұшқан ұя» әңгімесі


Мақсаттары: 1) Оқушыларға Б. Момышұлы туралы мәлімет бере отырып, мәтін  мазмұнымен таныстыру. Оқушыларды өз ойларына қорытынды жасай білуге дағдыландыру; 2) Оқушылардың тіл белсенділігін арттыру, ойлау ойын білдіру, есте сақтау қабілеттерін және оқу мен жазу мәдениетін дамыту; 3) Оқушыларды адамгершілікке, адалдыққа, батыл да төзімді болуға тәрбиелеу. Ата тегін біле отырып, ел нысанасын қорғайтын азамат болуға тәрбиелеу.
Түрі: Аралас сабақ.
Әдістері: Сұрақ-жауап, әңгімелеу, ой қозғау, Венн диаграммасы, топтастыру, түртіп алу, бес жолды өлең құрастыру.
Көрнекілігі: Б. Момышұлының шығармалары және ол туралы кітаптар, Б. Момышұлының әр жастағы суреттерінің жиыны, автор орындығы.
                     САБАҚ БАРЫСЫ
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау («Балғын суретші»).
Бала суретшінің әуес ісі туралы мәтінде не айтылған? Ә.Қастеевтің қандай әйгілі суреттерін білесіңдер?
ІІІ. Жаңа сабақ.
Біз бүгінгі сабақ барысында «Өнегелі өмір» бөлігінен тағы бір қазақтың ардақты ұлы туралы оқып танысамыз. Ол үшін алдымен екі нұсқаға бөліп, мына жұмысты орындайық.
А) Ой шақыру (Топтастыру). І нұсқа-Отбасы. ІІ нұсқа- Соғыс.
- Мына сөздерді айтқанда сендердің ойларына тағы қандай сөздер келеді? Ендеше бүгінгі сабақта неміс – фашист басқыншаларымен  болған соғысқа қатысып, елін,жерін, Отанын қорғаған, әділдік пен шындықтан соғылған алмас семсер Б. Момышұлы туралы өзінің жазған «Ұшқан ұя» әңгімесімен оқып танысамыз.
 Б. Момышұлы 1910 жылы 24 желтоқсанда Жамбыл облысы, Жуалы ауданында дүниеге келген (Отбасы, балалық шағы туралы шағын кіріспе әңгіме айту, суреттерін көрсету).
Ә) Оқулықпен жұмыс.
Сөздік жұмысы: ата-тегі – арғы аталары; баппен-асықпай; араз-тату емес,өш.
Әңгімені оқығанда «түртіп алу» әдісі бойынша қарындаштарынды алып, өздерің үшін түсініксіз, жаңа сөздерді белгілеп отырындар. (Ол сөзді – білетін оқушы немесе мұғалім түсіндіреді).
«Жеті атасын білмеген – жетесіз» деген сөзді аталарымыз бекер айтпаған. Ал сендердің әкелерің, аталарың ата-тектерің туралы айтып, үйрете ме? Кім жеті атасын айта алады?
Б) Оқулықтаға әңгімені талдап, түсінгеннен кейін, Бауыржан ата туралы, оның өмірінен оқиғалар айтып, оқылады (көрмедегі кітаптардан).
- Осы үзінділерден Бауыржан атаның қандай мінезін, ерекшеліктерін байқауға болады? (Батыл, адал, намысқой, шыншыл, өжет, зерек).
В) Сергіту сәті.
Г) Венн диаграммасы: осы диаграмма арқылы, оқушылар алдыңғы сабақта өтілген суретші Ә. Қастеев пен Бауыржанға мінездеме береді.
Ғ) Б. Момышұлының мақалдарының мағынасын түсіндіру.
1. Тексізден тезек артық, Арсыздан айуан артық.
2. Намысты нанға сатпа.
3. Тізе бүгіп, тірі жүргеннен, Тік тұрып өлген артық.
Плакатқа жазылған Б. Момышұлының өленің оқып түсіндіру.
ІV. «Бес жолды өлең» әдісі. Жаңа сабақты қорытындылау бекіту.
Кім? – Бауыржан.
2. Қандай? – Адал,шыншыл,ер,батыр,ұят жанды, қайсар, жігерлі.
     3. Не істеді?  - Елі, жері үшін соғысты, ерлік.
     4. Кім үшін? – Отаны, елі үшін, біз үшін жасады.
    5. Ой түйіндеу. (Эссе).
- Бауыржан атаның ерекше қасиеттерін ескере отырып, ол туралы өз сенімдеріңді, ой толғаныстарыңды, әңгімелеріңді, автордың орындығында  (ерекшеленген) отырып оқып беріндер.
V. Оқушылардың білімдерін бағалау.
VI. Үйге тапсырма беру Әр оқушы өзінің жеті атасын біліп келу
II. Қорытынды.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бауыржан Момышұлы 8-сынып қазақ тілі
Шерхан Мұртаза "Бала Тұрар"
Құлын мінген бала.
Бала Мәншүк
Аты аңызға айналған батыр
Бауыржан Момышұлы. Ұшқан ұя
Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Маметова
А. Хамзин: Мейірім
Б. Момышұлы «Жауынгердің тұлғасы »
Бауыржан Момышұлы
Бөлім: Уроки / Бастауыш сынып | Көрсетілім: 4762 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык