Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Бауырсаққа көмектес


Бауырсаққа көмектес

Тақырыбы: Бауырсаққа көмектес

Сабақтың мақсаты: 1) Білімділік: Бауырсақ ертегісін әңгімелеу танымдық белсенділігін  арттыру, өткен тақырыптарды пысықтау.

2) Дамытушылық: оқушыларды өнерге бейімдеп, ойлау қабілетін арттыру.

3) Тәрбиелік: өзара сыйласып, достық қарым-қатынаста болуға тәрбиелеу. (слайд №2)

Көрнекілігі: интербелсенді тақта, слайд-презентация

Сабақтың барысы:

  • Сәлеметсіңдер ме, балалар! Ертегілер еліне қош келіпсіздер! Біз бүгін «Бауырсақ» ертегісімен таныса отырып, әр түрлі тапсырмаларды орындаймыз.

«Бауырсақ» ертегісі

Ертеде бір Шал мен Кемпір болыпты. Кемпір бір күні қаймаққа нан илеп, оны майға қуырып бауырсақ пісіріпті. Оны терезенің алдына суытып қойыпты. (слайд №3).

     Бауырсақ суып тұрып тұрып, бір кезде домалай жөнеледі. Домалап келіп терезе алдындағы орындыққа, орындықтан еденге, еденнен дәлізге, дәлізден аулаға, ауладан сыртқа, одан әрі, одан әрі домалай береді, домалай береді. Шал мен Кемпір оны байқамай қалыпты. (слайд №4)

Слайд №5. Бауырсаққа Шал мен Кемпірден кетіп қалуға көмектес. Тапсырма: Отбасы мүшелерін атап, гүлдерді тер.

Бір кезде оған Қоян жолығып:

-   Бауырсақ, Бауырсақ! Мен сені жеймін! – дейді.

-   Қоян, сен мені жеме. Мен саған өлең айтып беремін: «Менің атым Бауырсақ, Бауырсақ! Қаймаққа иленгем, майға пісірілгем, терезеде суығам. Ұстатпай кеттім Атама, Әжеме ұстатпай кеттім. Ұстатпаймын Қоян саған да!».

Слайд №5. Бауырсаққа Қояннан құтылып кетуге көмектес. Тапсырма: Үй жануарларының төлдерін ата.

Содан Бауырсақ қара жолмен домалап кете барады. Оған Қасқыр кездесіп, оның да жегісі келеді.

Слайд №6. Бауырсаққа Қасқырдан қашып құтылуға көмектес. Тапсырма: Жемістерді атап, себетке теріп ал.

Бір кезде Аю жолығады:

-  Бауырсақ, Бауырсақ! Мен сені жеймін! – дейді ол.

-  Сендей майтабанға мені жеу қайда? Ұстатпай кеттім Атама, ұстатпай кеттім Әжеме, Қоян менен Қасқырға ұстатпағам ендеше.

-   Ал сендей ұстатпаймын мүлде де!

 

Слайд №7. Бауырсаққа қашып кетуге көмектес. Тапсырма: Көкөкністерді атап, себетке теріп ал.

Бауырсақ әрі қарай домалай жөнеледі. Аю тек көзімен шығарып салады.

Бауырсақ домалағаннан домалап келе жатса оған Түлкі жолығады:

-  Бауырсақ, Бауырсақ, қайдан домалап барасың? - дейді ол.

-  Жолмен домалап барамын.

-  Бауырсақ, Бауырсақ, маған өлең айтып берші!...

- Содан Бауырсақ: «Менің атым Бауырсақ, Бауырсақ! Қаймаққа иленгем, майға пісірілгем, терезеде суығам. Ұстатпай кеттім Атама, ұстатпай кеттім Әжеме. Ұстатпай кеттім Қоян менен Қасқырға. Ұстатпай кеттім Аюға, ұстатпаймын саған мүлде де!» деп өлеңін айтып береді.

Түлкі оған:

- Әнің өте жақсы екен. Бірақ жөнді ести алмай тұрғаным. Бауырсақ, сен менің тапсырмамды орындашы, - дейді.

Слайд №8. Бауырсаққа Түлкінің тапсырмасын орындауға көмектес. Оқу құралдарын атап, шарларды үрле.

Сөйтіп, Бауырсақ Түлкіден де құтылады. Әжесі мен Атасының үйіне барып,  терезенің алдында өзінің әнін айтып отырады. (слайд №9)

Сабақты қорытындылау.

Бағалау.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Ертегі- ертегі сыр шертеді.
1-ден 10-ға дейінгі сандар.
Жабайы аңдар
Зат есімнің жекеше, көпше түрі.
Жабайы аңдар
Ана- бақыт, ана -нұр
Бала-бақшаға 100 күн.
Мамандықтар әлемі
М.Дулатов «Бөрік» мәтіні.
Геометриялық пішіндер
Бөлім: Уроки / Қазақ тілі | Көрсетілім: 3588 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
avatar
• 25 октября 2015 10:34
керемет рахмет
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык