Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бөлім: Уроки / Қазақ тілі |
Көрсетілім: 2564 |
|
|
|
Көнерген сөз тақырыбын қайталау
Сабақтың тақырыбы: Көнерген сөз тақырыбын қайталау
Сабақтың мақсаты:
а) білімділік: Көнерген сөздерден алған білімдерін
тереңдету.
ә) Тәрбиелік: Тіл құдіретін таныта отырып, ұлттық
рухты бойға сіңіру.
б) Дамытушылық: Оқушының сөздік қорын
байыту, ойындар арқылы ойлай білу дағдысын
Сабақтың түрі: Дәстүрлі емес сабақ
Сабақтың әдісі: Оқыта дамыту ойындары
Көрнекілігі: Бағалау парағы, тест парағы, топшамалар, “Сиқырлы сандықша” ойыны, ұпай дөңгелекшелері.дамыту.
Сабақтың жүру барысы:
Сабақ жоспары:
Реті Жоспар Уақыты
1 Ұйымдастыру кезеңі 10 минут
2 “Сиқырлы сандықша” ойыны 20 минут
3 Нәтиже. Тест жұмысы 7 минут
4 “Түртіп алу”стратегиясы 5 минут
5 Өзіңді бағала. 2 минут
6 Үй жұмысы 1 минут
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Сынып оқушыларын түгелдеу. Түстер арқылы топтастыру.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
“Сиқырлы сандықша” оқыту үйрету ойыны.
Сандықтың ішіне сұрақтар салынады. Сұрақтар өткен тақырыпқа байланысты құрылады. Әрбір топ оқушылары сандықтың кезегімен сұрақтар алып, дауыстап оқып, жауап береді.
Сұрақтар:
1. Көнерген сөз дегеніміз не? Мысал келтір.
2. Архаизм деген не? Мысал келтір.
3. Көнерген сөздер нешеге бөлінеді? Олар қалай аталады?
4. Тарихи сөздер дегеніміз не? Мысал келтір.
5. Берілген сөйлемнен көнерген сөзді тап.
Хан нөкерін ертіп, серуенге шықты.
6. 159- жаттығу бойынша мәтінді оқып, көнерген сөздерді ата.
7. Өзің оқыған ертегі, аңыздардан қандай батырлар мен таныссың? Олар жауға шапқанда не ұстаған?
8. “Сиқырлы сандықша” сізге бір жұлдызды тегін сыйға тартады. Ұтысыңыз құтты болсын.
9. Теледидардан көрсетіліп жүрген көне сөздердің мағынасын түсіндіретін ойын қалай аталады?
10. Қазіргі кезде қайтадан қолданыла бастаған, көнерген сөздер бар ма? Атап көрші.
11. “Сиқырлы сандықша” сізге бір жұлдызды тегін сыйға тартады. Ұтысыңыз құтты болсын.
12. Мына сөздердің қайсысы көнерген сөздер: жандарал, құжат, ұшақ, ғарыш, хан, уәзір, кеден, нөкер, шонжар, тілмаш, майор.
ІІІ. Ой толғаныс сатысы.
“Түртіп алу стратегиясы” бойынша мен оқушыларға мәтін оқып тұрамын, ал оқушылар сол мәтіннің ішінен көнерген сөздерді тез- тез жазып алып, үш сөйлем ойлап жазады.
Екі шонжар бұл жолы ханның айтқанына қарсы болып жатады. Хан нөкерін ертіп, сейілге шықты. Жандарал келді, жандарал келді,- деген хабар жұртты дүрліктірді. Хан бұйыраған соң, амал жоқ, уәзірлері өзара ақылдасып, іздеуге кіріседі. Үстеріндегі зере сахыттары, бастарындағы дулыға жағылары, белдеріндегі кіселері, асынған бес қарулары түгелінен бір миясардың қолынан шыққандай.
IV. Нәтиже / тест жұмысы/
10 сұрақтан тұратын тест жұмысын беремін.
V. Өзіңді бағала.
Топ оқушылары бір- бірін өздері бағалайды.
VI.Үйге тапсырма. 160- жаттығуды орындау тапсырылады.
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |