Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Сан есім



Сан есім

Заттың санын, мөлшерін, шама-шарқын, ретін білдіретін сөз табын сан есім дейміз. Сан есім қанша? неше? нешінші? нешеу? деген сұрақтарға жауап береді. Сан есім заттың санын анықтайтындықтан зат есіммен тіркеседі. Сан есімдердің ерекшелігі басқа сөз таптарынан жұрнақ жалғау арқылы жасалмайды. Тілдегі бар 20 сан есім өз ішінен құрамы жағынан дара және күрделі сан есім құраса, мағыналық жағынан 6 түрге жіктеледі. Сан есімдер септік, көптік, тәуелдік жалғауды қабылдаса, зат есімге айналады. Мысалы: Үшінші орнынан турды. Кім тұрды? - үшінші.

Дара және күрделі сан есімдер

Дара сан есімдер деп бір түбірден құралған сан есімдерді айтамыз. Мысалы: он бола, екі үй, жиырма қалам, жүз кітап т.б.
Күрделі сан есімдер - дара сан есімдердің. тіркесуі, қосарлануы арқылыжасалатын сан есімдер. Мысалы: бір мың тоғыз жүз оныншы жыл, жиырма бес сөз, жүз он төрт шақырым т.б.

1. Төмендегі сөздерді сөзбен жазып, оларды дара және күрделі түріне ажыратыңдар. 
Үлгі: Дара сан есімдер: үш, ... .
          Күрделі сан есімдер: қырық бір, ... .
3, 41, 68, 7, 5-6, 50-60, 4, 27, 9, 1000, 50, 70, 1597, 878, 2525, 5.27, 20.

2. Берілген тірек сөздерді қатыстырып, сан есімі бар сөйлемдерден мәтін құраңдар.
Үлгі: Атам мен әжемнің екі – үш сиыры, он – он бестей қойы бар.
Атам мен әжем. Жеке меншік мал. Бақташы. Ұжым малы. Кезектесіп бағу. Малдың күтімі. Ауыл өмірі. Еңбек адамдары. Көңілді сәттер. Балалардың бірлігі.
30. Сан есімнің мағыналық түрлері.

Сан есімдер заттың санын анықтау дәрежесіне қарай, мағыналық жағынан есептік, реттік, жинақтық, топтау, бөлшектік, болжалдық болып бөлінеді.
1.  Есептік сан есім
Есептік сан есім заттың нақты, дәл санын білдіреді. Қанша? неше? деген сұрақтарға жауап береді. Құрамына қарай дара және күрделі деп бөлінеді, басқа сан есімдердің жасалуына негіз болады. Мысалы: үш мың төрт жуз елу алты оқулық, он көше, отыз екі қала т.б.
2. Реттік сан есім
Реттік сан есімдер есептік сан есімдерге -ыншы, -інші, -ншы, -нші жұрнақтарын қосу арқылы жасалып, заттардың сандық ретін білдіреді. Күрделі сан есімдерде -ыншы, -інші, -ншы, -нші қосымшасы соңғы санға жалғанады. Мысалы: Гүлжан жуз он төртінші пойызбен келді.
Реттік сан есімдердің ерекшеліктері
1. Реттік сан есімдер сөйлемде цифрмен де беріледі.
2. Реттік сан есімдер араб цифрымен берілсе, -ыншы, -інші, -ншы, -нші жұрнақтары орнына дефис (-) қойылады: 20-бет, 5-тарау, 6-бөлім т.б.
3. Реттік сан есімдер рим цифрымен берілсе, ешқандай тыныс белгісі қойылмайды: ХХ ғасыр, V тарау, VІ бөлім  т.б.
4. Реттік сан есім жыл, ай аттарын көрсетсе, сан есімдерден кейін тыныс белгісі қойылмайды: 1970 жыл, 18 қыркүйек т.б.
3. Жинақтық сан есім
Жинақтық сан есім заттың жинақталған санын білдіріп, нешеу? деген сұраққа жауап береді. Қазақ тілінде жинақтық сан есімдердің саны жетеу. Олар -ау, -еу жұрнақтарымен жасалады: біреу, екеу, үшеу, төртеу, бесеу, алтау, жетеу.
4. Топтау сан есім
Топтау сан есімдер - біркелкі заттар мен құбылыстардың мөлшерін топтап көрсететін сан есімдер. Сұрақтары: қаншадан? нешеден?
Топтау сан есімдердің ерекшеліктері
1.  Топтау сан есімдер дара сан есімдерге -даң -ден, -таң -тен қосымшаларының жалғануы арқылы жасалады: үштен, төрттен, екіден, алтыдан т.б.
2.  Қосарланған сан есімдерге -даң -дең -таң -тең -наң -нен қосымшалары қосылады: бір-бірден, он-оннан, жүз-жүзден, отыз-отыздан т.б.
Топтау сан есімдерге сөз түрлендіретін де, сөз тудыратын да қосымшалар қосылмайды.
5.  Бөлшектік сан есім
Бөлшектік сан есімдер - таза математикалык ұғымға негізделген сөздер. Бөлшектік сан есімдер құрамы жағынан тек күрделі ғана болады.
Бөлшектік сан есімнің құрамы
1.   Сөздердің бірінші сыңары ілік септікте, екінші сыңары тәуелдік жалғауда тұрады: үштің екісі, жүздің жиырмасы, тоқсанның отызы т.б.
2.   Бірінші сыңары шығыс септікте, екінші сыңары тәуелдік жалғауда болады: екіден бірі, оннан бесі, сегаден алтысы, мыңнан бірі т.б.
3.   Бірінші сыңары шығыс септікте, екінші сыңары атау септікте болып келеді: оннан төрт, жиырмадан бес, жүзден он, мыңнан бір т.б.
4.   Бірінші сыңары шығыс септікте, екінші сыңары тәуелдік жалғаудағы бөлік сөзінің тіркесуімен жасалады: жүзден он бөлігі, мыңнан бір бөлігі т.б.
5.   Белгілі бір заттың тиісті бөлшегін атау үшін есептік сан есімдерге жарым, ширек,жарты сөздері тіркеседі. үш жарым мың, жиырманың жартысы, алты жарым, төрт ширек, үш ширек т.б.
6.  Таза математикалық бөлшектік санда бүтін сөзі қолданылады: он бүтін алтыдан екі, жиырма бес бүтін оннан сегіз, тоқсан сегіз бүтін алпыс екі ден қырық төрт т.б.
6. Болжалдық сан есім
Болжалдық сан есімдер заттың санын дәл көрсетпей, шамалап, болжалдап білдіреді.
Болжалдық сан есімнің жасалу жолдары
1. Морфологиялық тәсіл арқылы
1. Жалғаулармен:
а) көптік жалғаумен: алтылар, жетілер, елулер т.б. ә) көптік және септік жалғаулармен: отызда, он екілерде, жиырма үштерде т.б.
2. Жұрнақтармен:
а)  -даған, -деген, -таған, -теген: ондаған, жүздеген, мыңдаған  т.б.
ә) -дап, -деп, -тап, -теп, -лап, -леп: ондап, мыңдап, жуздеп  т.б.
б) -дай, -дей, -тай, -тей: алты сағаттай, он шақырымдай т.б. Бұл жұрнақтар есептік сан есімдерге тіркескен зат есімдерге жалғанады.

1. Берілген есепті сан есімдерден реттік сан есім жасап, оларды сөзбен жазыңдар.
Үлгі: жеті – жетінші, ... .
7, 10, 1, 3, 100, 28, 37, 695, 478, 542, 627, 1996, 158, 369, 2695.

2. Сөзбен берілген есептік сан есімдерден реттік, болжалдық және топтау сан есімдерін жасап жазыңдар 
Үлгі:  Реттік сан есім: жүзінші, ...
Болжалдық сан есім: жүздеген, жүз шамалы, жүзге тарта,     
жүздей, ...
Топтау сан есім: жүз – жүзден, ...
Жүз, елу, алпыс, тоқсан, мың.

3. Сөйлемдерді оқып, құрамындағы сан есімдерді  мағыналық түріне  қарай ажыратыңдар.
1) Білекті бірді жығар,
Білімді  мыңды жығар.
2) Екі достың бірі ыңғайлы,
Біреуінің ебі жоқ
Екеуін де бірдей көрем,
Маған артық, кемі жоқ.
(Жұмбақ: оң қол мен сол қол)

3) Мың кісінің түсін білгенше, бір кісінің атын біл
(Мақал)
4) Қырық километрге төрт жүз шұңқыр керек. Жиырма адамның жетеуі үшеуден ғана қазып жатыр.
(Ғ.Мұстафин)


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Сан есім
Сан есімнің түрленуі
Жинақтық, болжалдық сан есімдер
Сын есім
Топтау сан есім. Бөлшектік сан есім
Сан есім
«Сан есім» тақырыбы бойынша
Сан есімнен өткенді қайталау.
Сан есімнің емлесі
Сан есімнің емлесі
Бөлім: Уроки / Қазақ тілі | Көрсетілім: 27519 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык