Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Сан есім



Сан есім

Сан есім

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: бұрынғы өткен  сабақтан алған мәліметтерді тереңдету, білімді жетілдірудегі негізгі заңдылықтарды есте бірік қалдыру. Сатылай кешенді талдау технологиясыарқылы білімдерін нығайту. Сан есімді қайталай отырып, тапсырмаларды дұрыс, қатесіз орындауға меңгерту.

2. Дамытушылық: жұмыс істеу дағдыларын, ізденімпаздық қасиеттерін, ойлау қабілеттерін дамыту, сөздік қорларын байыту, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру,сан есім туралы оқушылардың өздеріне ой  қорытындысын жасату.

3. Тәрбиелік: қазақ тілін құрметтеуге, бірлесіп өзара көмектесіп жұмыс жасауға, ұйымшылдыққа, алғырлыққа, жылдамдыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Қайталау сабақ.

Сабақтың әдіс – тәсілдері: Сұрақ – жауап, ойын.

Көрнекілігі: «Тазша бала» тапсырмалары, әшекейлі бұйымдар, нақыл сөздер, үлестірмелі қағаз,  сызбалар.

Сабақтың барысы:

І. Ұымдастыру кезеңі.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

Сұрақ – жауап әдісі арқылы оқушы білімін тексеру.

Сан есімді қайталау бойынша жұмыс

«Қайталау – оқу анасы» -,

Мақалдың ішіндегі данасы.

Білімді берік игерсең,

Ешкімнің жоқ таласы – дегендей, бүгінгі біздің қайталау сабағымызға «Тазша бала» қонаққа келіпті.

Көк сандығында – тапсырмалар.

Қызыл сандығында – әшекейлі бұйымдар бар.

«Тазша баланың» сұрақтарына нақты, дұрыс жауап берген оқушыға әшекейлі бұйымдардың суреті беріледі.

Үлестермелі тапсырма

  1. Сан есім дегеніміз не?
  2. Сан есімнің сұрақтарын ата.
  3. Сан есімнің құрамына қарай түрлерін ата.
  4. Дара сан есім дегеніміз не? Мысал келтір.
  5. Күрделі сан есімдер қалай жасалады?
  6. Сан есімнің мағыналық түрлерін ата.
  7. Есептік сан есімнің ерекшіліктері неде?
  8. Реттек сан есім нені білдіреді және қалай жасалады?
  9. Жинақтық сам есімдердің сұрағы мен жұрнағын ата.
  10. Болжалдық, топтау сан есімдердің ерекшелігі неде?
  11. Сан есімнің емлесін айтындар.

 

Құрамына қарай

дара

күрделі

Тұлғасына қарай

туынды

негізгі

САН ЕСІМ

Зат есім ағайынының бірі менмін,

Оның санын толығымен білдіремін

     Есептік, реттік, жинақтық, бөлшектік,

       Топтау, болжалдық болып бөлінемін....

 

Сан есімнің мағыналық түрлері мен олардың жасалу жолдары

Есептік сан есім қанша? неше?

Реттік  сан есім нешінші?

-ыншы

-інші

-ншы

-нші

---

---

               

Бөлшектік сан есім қаншау? нешеу?

Жинақтық сан есім қаншау? нешеу?

   

-ы, -і

-ден, -ның

-еу

-ау

    

Болжалдық сан есім

Қанша? Неше?

Топтау сан есім

Қаншадан? Нешеден?

-тан

-тен

-дан

шамалы.

шақты,

таман,

тарта...

 

-лаған,

-леген,

-даған,

-деген

-ден

-нан

-нен

ІІІ. Тіл – өнер:

Мақал – мәтел, жұмбақ, жаңылтпаштарды оқып, көп нүктенің орнына тиісті сан есімдерді қоямыз.

А) Білекті... жығар, білімді...жығар.

Ә) ... атасын білмеген жетесіз.

Б) ... ала болса, төбедегі кетеді,

    ...  түгел болса, төбедегі келеді.

В) ... сомын болғанша ... досын болсын.

Жұмбақтар:

... ін, ... інің, ... аузы, .... ін Бұл не?

Алтын терек ...... екі бұтақ

.... алпыс бес жапырақ. Бұл не ?

Жаңылтпаштар:

... кіші ішік тіктім,

.... кіші ішік піштім

2. Есет атам, ет асатар,

ІV. «Кім жылдам?» ойыны.

Дәптермен жұмыс.

  1. Есептік сан есімдерді реттік сан есімдерге пйналдырып жаз. 2,11,3,102,68.
  2. Берілген есептік сан есімдерден реттік, топтау, жинақтық , болжалдық сан есімдер жасап, сөзбен жазыңдар.

Тақтаға 3 оқушы шығып, тез тауып, жазу керек: 5,7,20,71,82.

Үлгі: Есептік сан есім: бес...

Реттік сан есім:

Жинақтық сан есім:

Топтау сан есім:

Болжалдық сан есім:

  1. Сатылай кешенді талдау

               Отыз

                                       Бұл сөз бір құрамнан тұр.

                                    Тұлғасына қарай – негізгі түбір

                                    Себебі, сөздің әрі қарай бөлшектенбейтін,

                                    негізгі мағына беретін бөлігі

                             Құрылысына қарай – дара.Себебі, бір ғана негізгі түбірден тұрады.

                      Отыз – қанша? Деген  сұраққа жауап береді. Ендеше, бұл  - сан есім.                   

                      Сан есім дегеніміз заттың мөлшерін, санын, ретін білдіретін сөз табы.

              Мағынасына қарай – есептік сан есім. Себебі, заттың наөқ санын     

                білдіреді.

 

VІ. Жалғастыр

Бірінші бағандағы сөздердің тіркесін тауып, бағдар сызықпен  белгілеңдер.

Бір шамшыл                                              өлең

Бір жайым                                                 бұлт

Бір шөкім                                                  ет

Бір ауыз                                                     тұз

Бір қанатым                                               нан

 

Мына даналық сөздерден сан есімдерді табыңдар.

Алпыс бестен, асқанда, жетпіске қадам басқанда. (Жамбыл)

Атадан алтау, анадан төртеу, жалғыздық көрер жерім жоқ. (Абай)

«Жеті – киелі сан», «Жеті ата», «Жеті қазына» атаңдар.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Сан есімді оқыту.
Сан есімнің түрленуі
Сан есімді қайталау
Жинақтық, болжалдық сан есімдер
Сан есім
Топтау сан есім. Бөлшектік сан есім
Сан есім
«Сан есім» тақырыбы бойынша
Сан есімнен өткенді қайталау.
Сан есімнің емлесі
Бөлім: Уроки / Қазақ тілі | Көрсетілім: 4672 | Қосты: Тукушева Аида Советжановна | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык