Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Есімшеден өткенді қайталау


Есімшеден өткенді қайталау

Сабақтың тақырыбы: Есімшеден өткенді қайталау

Сабақтың мақсаты:
а) есімше туралы алған білімдерін пысықтау, есімше түрлерін ажырата отыра білуге үйрету;
ә) сөйлеу тілдерін жетілдіру, ойлау белсенділіктері мен шығармашылық қабілеттерін дамыта түсуге ықпал жасау, ой мен іс-әрекеттегі жүйелілік, қиял мен сезімнің ұшқырлығы сияқты қабілет-қасиеттерді дарыту;
б) талдауға алынған мысалдар арқылы адалдыққа, туған жерін, елін сүюге баулу, бауырмалдық,үлкенге құрмет, кішіге ізет сияқты адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру;
Сабақтың түрі: қайталау сабағы
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, талдау, сатылай кешенді талдау, іздендіру, шығармашылық жұмыс
Пәнаралық байланыс: әдебиет, математика, риторика, бейнелеу өнері. музыка
 
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі.
Оқушылардың сабаққа қатысымын қадағалап, зейіндерін сабаққа аударту;
Бүгінгі сабағымыз қайталау сабағы ретінде бірнеше деңгейлік тапсырмалардан тұратынын ескеріп, класты 3-ке бөліп, топтастырамын.
І деңгейлік тапсырма.
«Үш қадам сұхбат» әдісі 
«Қызыл үстел» тобы-интервью алушы
«Көк үстел» тобы-интервьюге жауап беруші
«Сары үстел» тобы- ақпаратты жинап реттеуші.
1. Етістік дегеніміз қандай сөз табы?
2. Етістік құрамына қарай қалай бөлінеді?
3. Есімше дегеніміз не?
4. Есімше қалай жасалады?
5. Қандай сұрақтар арқылы жасалады.
ІІ деңгейлік тапсырма
Есімшені тап, оларды зат есімдермен тіркестір.
 
І топ                        ІІ топ ІІІ топ
Көреген                 қашаған береген
Сүзеген                  ойнаған           тыңдаған
Көрген                   жуған               жазған
Тебеген                  алаған              оқыған
Жылтыраған       алған               білген
Кітаппен жұмыс. 251-жаттығу
ІІІ деңгейлік тапсырма.
 
Мына мақалдарды толықтыр.
1-топ
1.   Отанын сүй... отқа жанбайды,
      Суға батпайды.
 
2.  Егілме... жер жетім,
     Елінен айырыл...ер-жетім.
 
    3.Ынтымақ жүр... жерде ырыс бірге жүреді.
2-топ
1. Талапты ерге нұр жау...
2. Жолдасын таста... жолда қалдыр...
3. Ерді талап ұшыр..., құсты қанат ұшыр...
 
3-топ
1.  Ақ сұңқар ұш... жем үшін, ер жігіт ту... ел үшін.
2.  Ердің ұял...ы-өл...і, еменнің майыс...ы – сын...ы.
3.  Сыпайы сырын сақта....
ІҮ деңгейлік тапсырма
Сіріңке шыққанға дейінгі от.
Ертеде адамдар отты аулайтын болған. Найзағай оты түскен ағашқа ұрланып келіп, жанып жатқан бұтағының біреуін ала қашқан. Сонымен от тұтатқан. «Отты сақтаушылар» оның өшіп қалмауын қадағалап, күні-түні күзеткен. Кейін келе ағаш қуысына екінші бір ағаштың ұшын тығып қойып, оны жылдам айналдыру арқылы от тұтатқан. Қуыстың түбіне құрғақ мүк салған. Ағаш қатты қызған кезде  мүк тұтанып кеткен. Бұл тәсіл үйкеліс арқылы от тұтату деп аталады.
Қазіргі кездегі сіріңкелер де шиенің басын қораптың жақтауына үйкеу арқылы тұтанады. Бүгінде жаңбырда  да тұтана беретін, су өтпейтін сіріңкелер бар.
 
«Қызыл үстел» тобына «От» сөзінің лексикалық мағынасын ашу;
 «Көк үстел» тобына «отқа» байланысты тыйым сөздерді, мақал-мәтелдерді толықтырып, олардың мағынасын ашу;
Тыйым сөздер:
Отты үрлеп өшірме-
Отты осқылама-
Отқа түкірме-
Мақал-мәтелдер
От...жау
Отпен ... күйерсің.
«Сары үстел» тобына «От» сөзіне қатысты тілімізде кездесетін төмендегі сөздердің мағынасын ашу
Бетінен ... шықты
Жүрегіне ... тастады
Екі ... ортасында қалды
... кешіп, мұз жастанды
Сергіту сәті.
 «Көбейту кестесі». Мақсаты- оқушының ойын жинақтап, сабаққа белсенділігін арттырады.
Ү деңгейлік тапсырма
Ертеде  бір «Етістік» атты тайпалы ел болыпты. Ол тайпа өсіп-өнген іргелі үлкен ел екен. Бұл тайпаның оң жағында бірлігі бекем төрт тайпа, сол жағында азуы алты қарыс төрт тайпа жатыр екен. Тайпа расында от ұрлау шайқасы болады екен. От ұрлау ол елдің елдігін, бақытын ұрлау болып саналады екен. Тайпа көсемі Етістік қарт жүзге келсе де, ұрпағының келешегін кеңінен ойлайтын көсем екен. Ол өзгеге сенбей күнде өзінің бір ұлына отты күзеттіреді екен. Бір күні кезек ортаншы ұлдарының бірі Болымсыз етістікке келіпті. Оның түн ортасы ауған шақта сәл көзі ілініп, қалғып кетсе керек, сол мезетте отын жау ұрлап ктеіпті. Мұны естіген көсем:-Болмай кетпегір, Болымсыз, қалғымасаң, мүлгімесең болмас па еді?-деп байбаламдап, өзінің ерекше туған Есімше, Көсемше,Тұйық етістік деген ұлдарын шақырып, оны қайдан тауып, қалай қайтарсақ болар еді деп ақылдасыпты.
 
ТАПСЫРМАЛАР:
«Қызыл үстел» тобы-Есімше, Көсемше, Тұйық етістік есімді батырларын сөйлетеді
«Көк үстел» тобы-өз батырларының көрсеткен ерлігін баяндайды
«Сары үстел» тобы- ертегіні аяқтайды.
Сергіту сәті. «Құлақтан кіріп, бойды алар» 
 («Жаса, қазақ!» әуенін тыңдата отырып, ішінен есімшелі етістіктерді теріп жазу, әуен ырғағымен дене қимылдары арқылы билейді)
Балама тест.
1. Есімше сөйлемде екі түрлі қызметте қолданылады иә\ жоқ
2. –қан,-кен,-ған,-ген жұрнақтары арқылы өткен шақ есімше жасалады иә\ жоқ
3. –ар,-ер,-р көсемшенің жұрнағы иә\ жоқ
4. Есімше есім сөздерше түрлене алады иә\ жоқ
5. Есімше етістіктің ерекше түрі иә\ жоқ
Үйге тапсырма. «Ақ киімді, денелі, ақ сақалды...» (қыс мезгіліне байланысты есімшелі етістіктерді қатыстыра отырып, мәтін құрау.)
Бағалау

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Етістіктен өткенді қайталау
Есімшеден өткенді қайталау
Жаттығу жұмысы
Көсемшенің жасалу жолдары
Көсемшенің түрленуі
Етістіктен өткенді қайталау
Етістікті қайталау
Етістіктен өткенді қайталау
«Есімше», «Көсемше» тақырыптары бойынша
Сөз тіркесі, күрделі сөз, тұрақты тіркестен өткенді қайталау
Бөлім: Уроки / Қазақ тілі | Көрсетілім: 2498 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык