Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бөлім: Уроки / Қазақ тілі |
Көрсетілім: 19917 |
|
|
|
Көсемшенің жасалу жолдары
Сабақтың тақырыбы: Көсемшенің жасалу жолдары
Сабақтың мақсаты: 1.Білімділік: Оқушылардың көсемшеден алған білімдерін саралап, әр түрлі әдіс-тәсілдер арқылы білімдерін толықтырып бекіту;
2. Дамытушылық: Оқушылардың ойлау, сөйлеу, есту, қабылдау қасиеттерін, зейінін, ақылын, дүниетанымын дамыту;
3.Тәрбиелік: Оқушыларды адамгершілікке, ізденімпаздыққа, шығармашылыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың типі: аралас сабақ
Көрнекілігі: сызбалар, қанатты сөздер,слайдтар
Әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап, венн диаграммасы, талдау, топтастыру
Пәнаралық байланыс: әдебиет
Барысы: І.Ұйымдастыру:1.Сынып тазалығына назар аудару;
2.оқушыларды түгендеп зейіндерін сабаққа аудару.
Сабаққа ден қою (ой қозғау)
Барша заттың бір өзімде қимылы,
Сөз табының күрделісі, қиыны
Сабақты, салт, есімше мен көсемше
Шақ пен рай, етіс те боп жиылдым.
Балалар, осы бір шумақ арқылы қай сөз табының ерекшелігін көріп тұрмыз?
Үй тапсырмасын сұрау:.
Қазір біз,«Жетіқарақшы» ойыны арқылы өткен тақырыптарға шолу жасап өтелік. (Жетіқарақшы жұлдызы жайлы аңыз, ертегілер біле ме сұрай кету) Тақтаға Жетіқарақшы жұлдызы ілінеді .Ондағы сұрақтарды алып оқушылар жауап береді.
Сұрақтары:1.Етістіктің өзіне тән белгілері қандай?
2.Етістік құрамына қарай қалай бөлінеді?
3.Етістіктің болымды, болымсыз түрінің ерекшелігі неде?Мыс келтір.
4.Салт, сабақты етістіктің айымашылығы қандай?Мыс келтір
5.Етістіктің есімше түріне анықтама бер?
6.Есімшенің жасалу жолдарына тоқтал,мыс келтір?
7.Етістіктің етіс түрлерінің өзіне тән белгілерін ата.
Жаңа сабақты меңгерту: Көсемше оның жасалуы:
1. Көсемше де –етістіктің ерекше түрі.Есімше сияқты көсемше де екі түрлі мәнде,екі түрлі қызметте қолданылады.Іс-әрекеттің жай күйін білдіріп, пысықтауыш болады,жіктеліп немесе көмекші етістікпен тіркесіп,баяндауыш болады. Көсемшенің жұрнақтары
1 -а, -е, -й Айт-а, кел-е-, сөйле-й
2 -ып, -іп, -п Айт-ып, кел-іп, қара-п
3 -ғалы, -гелі, -қалы, -келі Ал-ғалы, бер-гелі, бас-қалы, төк-келі
Көсемшенің –а,-е, -й және –ып,-іп,-п жіктеледі, -ғалы, -гелі,-қалы,-келі жіктелмейді(Ауызша бір-екі етістікті алып жіктету)
Көсемшелер көптік, септік,тәуелдік жалғауларды қабылдамайды
2.1-2оқушыны тақтаға шығарып, мақалдарды сөз табына талдату.
Мыс: 1. Әкеге қарап ұл өсер, Шешеге қарап қыз өсер.
2.Батыр жауда көрінеді.
3. Сыныпта 257-жаттығу көсемшелерді теріп жазыңдар(Дәптерлеріне теріп жазады да, оқиды.)
№3 Тапсырма.
№6.Көсемше жұрнақтарын қатыстыра отырып,мағынасы сәйкес сөзбен тіркестір.
1.Таң----------------------жымыңда+ п тұр
2.Жұлдыз---------------------ағар+ып атты
3.Ай-----------------------------жау+ғалы тұр
4.Боран------------------------- сыңғырла+й соғылды
5.Қоңырау-----------------------жарқыра+й+ды
6.Жаңбыр------------------------- гуілде+й соқты
№4 «Ойлан, тап!» ойыны(плакатқа 1-бағанның тапсырмасын сызу.Қалғанын оқушылар өздері орындайды.)
Көсемшелерді етістіктермен тіркестіріп, күрделі етістіктер жаса.
Етістік Көсемше Күрделі етістік
1. Жабу
2. Көрсету
3.Қону
4. Жүру
5.Айту
6.Түсу
7. Сынау
8 Бару
9. Шегіну
10. Сөйлеу
№5 Тапсырма «Кім жылдам?»Есімше мен көсемше тұлғалы сөздерді екі бөлек ажыратып жазыңдар
Сыныпты 2 топқа бөлу. Бір топ есімшені, екінші топ етістікті теріп жазады
Айтып, жазған, көрген, барып, бере, көрмес, сөйлей, болмай, шығара, жазбақ, баратын, сөйлейтін, айта, көре, кірісіп, бармас, келгелі, көрер, берер, күле, айтқалы.
№6 Үштілділік өмір талабы дейміз . Мен берген сұрақтардың жауабын үш тілде айтып көрсек қайтеді?
1.Көсемшенің жұрнақтарын атап жібер? (жұрнақ-суффикс-suffixе)
2. Заттың іс қимыл- әрекетін білдіретін сөз табы? (етістік- глагол- verb)
3.Көсемшенің өзіне тән ерекшелігі қандай?( көсемше- деепричастие-participte)
№7 Венн диаграмма арқылы есімше мен көсемшені салыстырту
№8 Сыныпты екі топқа бөліп бүгінгі сабақты жинақтау, қорытындылау барысында шағын тест алу. Көрші отырған екі бала бірін-бірі тексереді.Дұрыс жауап(кілті) тақтаға ілінеді.
Оқушының білімін бағалау:
Үйге тапсырма:Оқу, білім және тіл өнері тақырыбындағы көсемшесі бар мақал-мәтел теріп жазу.
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |