Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Етістік



Сабақтың тақырыбы: Етістік

Сабақтың мақсаты: 
Білімділік: Оқушыларға етістік туралы түсінік бере отырып,
                            сөйлем ішінен табуға, ажыратуға  және сұрақтарын дұрыс қоя  
                           білуге   үйрету;
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, сөздік қорын дамыту, сөйлеу,
                               әңгімелеу дағдысын жетілдіре отырып, мәнерлеп сөйлеуге, 
                               әдемі жазуға, өз бетінше жұмыс істеуге дағдыландыру.
Тәрбиелік:  Сауаттылыққа, тапқырлыққа, еңбекшілдікке, ана тілін қадірлеуге    
                      тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Саяхат сабағы
Сабақтың әдісі:   түсіндіру, сұрақ-жауап, топпен жұмыс, ойындар, топтастыру
                               стратегиясы.
Сабақтың көрнекілігі: Етістік картасы, суреттер.
Пәнаралық байланыс:  Дүниетану, ана тілі
Жоспары:
І. Ұйымдастыру кезеңі                 2 мин
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру        10 мин
ІІІ. Жаңа сабақ                              25 мин
IV. Жаңа сабақты бекіту              5 мин
V. Қорытындылау, бағалау         2 мин
VI. Үйге тапсырма                       1 мин
 
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
- Балалар қазір қай мезгіл?
- Көктем
- Көктем мезгілінде неше ай бар?
- Наурыз, сәуір, мамыр.
Көктемгі көңіл күйге байланысты өлең
Бүгінгі сабағымызда “Көктем мезгіліне” саяхатқа шығамыз. 
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
411-жаттығу. “Менің оқу құралдарым” тақырыбына әңгіме құрап келу, ереже жаттау.
-Балалар көктемде ең алғаш қандай гүл бүршік ашады.
-Бәйшешек
-“Бәйшешек гүлін теру”арқылы өткен сабақты бекітейік.
 Зат есім дегеніміз не?
 Жалқы есім дегеніміз не?
 Жалпы есім дегеніміз не?
 Сөз таптарын ата?
 Зат есімнің жекеше және көпше түрі дегеніміз не?
 Көптік жалғауды ата?
 Кісі аттарына қандай сұрақтар қойылады?
ІІІ. Жаңа сабақ
Көктем мезгілі жайлы сұрақ-жауап арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашу.
1. Көктемде қандай өзгерістер болады?
Қар ериді
Құстар келеді
Ағаштар бүршік ашады
Ағаш отырғызады
Жер аударады
Жануарлар ұйқыдан оянады
Бұлардың барлығына қандай сұрақ қойылады.  Не істеді? 
Бүгінгі өтетін сабағымыздың тақырыбы “Етістік”
Заттың қимылын іс әрекетін білдіретін сөздерді етістік дейміз. Етістіктерге не істеді? қайтті? не қылды? деген сұрақтар қойылады.
2.  Көктем мезгілінің алғашқы мерекесі қандай мереке?
8-Наурыз халықаралық аналар мерекесі
Оқулықпен жұмыс:
Суретпен жұмыс
412-жаттығу. Суретке қара. 
Кім анасына сыйлық жасағысы келсе осы тапсырманы дұрыс орындайық.
Айдос отын жарды. Самал гүлге су құйды. Айнұр секіртпемен секірді. Әжем ұршық үйірді. Арман  домбыра тартты.
3. «Көктемгі табиғат өзгерісіне»саяхат
o Қар ериді.
o Жылғалардан су ағады.
o Күн жылынады.
o Жаңбыр жауады.
o Егіншілер  жер жыртады.
Осыған байланысты мен сендерге жұмбақ жасырамын.
Дәптермен жұмыс
413-жаттығу . Жұмбақтарды оқы. Шешуін тап.
Жазда қыдырады, қыста тынығады. 
                                                            (су)
Таңмен көзін ашады, әлемге нұрын шашады.
                                                                         (күн)
4. «Көктемдегі аңдар мен құстардың тіршілігіне» саяхат.
 Құстар жылы жақтан ұшып келеді.
 Ұйқыға кеткен аңдар ояна бастайды.
 Мал төлдейді.
 Аңдардың терісі түлейді.
Дәптермен жұмыс
414-жаттығу. Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып жаз.
Тоғайда түрлі аңдар..... Терең шатқалға қояндар .... Қызыл түлкілер тоғайда ..... Тиіндер ағаштан ағашқа ....
Керекті сөздер: жүреді, жасырынады, болады, секіреді.
Сергіту сәті
«Орамал тастау» ойыны
Шарты: Орамал тастай отырып, зат есімге етістікті байланыстырып айту;
5. «Наурыз мерекесіне» саяхат.
 Қандай ұлттық ойындарды білесіңдер?
– Асық ойыны
– Арқан тартыс
– Бәйге, көкпар
– Орамал тастау
– Ақ сүйек
– Күрес
– Қыз қуу
Шығармашалық тапсырма:
413-жаттығу. «Білім керек бәріне» тақырыбына әңгіме құрау;
Оқушыларды үш топқа бөліп, тапсырманы орындату;
 Ал, балалар сендер табиғатқа қандай үлес қосасыңдар?
 Құстарға қамқорлық жасаймыз.
 Ауланы тазартамыз.
 Ағаштар отырғызамыз.
 Ағаштардың түбін ақтаймыз.
 Құстарға ұя жасаймыз.
415-жаттығу. Берілген етістіктерді қатысытырп, сөйлемдер құра.
Қонды, жауды, тасыды, жүзді. 
ІІІ. Сабақты қорыту
«Топтастыру» стратегиясы бойынша
ІҮ. Бағалау
Белсенділік танытқан оқушыларды мадақтай отырып, бағалау;
Ү. Үйге тапсырма
416-жаттығу. Берілген сөздердің ішінен етістіктерді тауып, етістік екенін дәлелдеу, ережелерді жаттау

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Тақырыбы: Көктем гүлдері
Етістік
Көрікті көктем
Үстеуді пысықтау, Көктем табиғаты
Сын есім
Көктем
Тұрлаулы мүшелер
Көктемгі табиғат
Етістік
Етістік
Бөлім: Уроки / Қазақ тілі | Көрсетілім: 6081 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык