Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Көктемгі табиғат


Көктемгі табиғат

Тақырыбы: Көктемгі табиғат

Мақсаттары:
Білімділігі:Оқушылардың көктемгі табиғат туралы түсініктерін кеңейту, көктемгі табиғат құбылыстарын,өлі табиғат пен тірі табиғат байланысын ұғындыру.
Дамытушылығы:Оқушылардың шығармашылық қабілетін, тілін дамыту, жүйелі сөйлеуге үйрету.
Тәрбиелілігі:Құстарға, ағаштарға, өсімдіктерге қамқор болуға тәрбиелеу, пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Сабақтың түрі:Жаңа білімді меңгерту.
Сабақтың әдіс тәсілдері: Ойын тұжырымдау, дәлелдеу, бақылау, өзіндік жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі:Көктем көрінісін бейнелейтін суреттер, гүлдердің суреттері, электронды  оқулық.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі:
Психологиялық дайындық.
«5»болсын алар бағамыз,
Біліммен бақыт табамыз.
Өнер-білім көп оқып,
Өсе берсін санамыз.
II. Жаңа білімді меңгеру.
А)Релаксация 
/Оқушыларды музыка арқылы табиғаттың су сылдырымен еліту/
/Кұс, өзен,  табиғат дауысын шығаратын картина қосылып, көздерін жұмып тыңдау,сезіну,елестету/
Ә)Жыл мезгілдерін табу.Электронды оқулықпен жұмыс.
-Қыс мезгілі(ақ қар, боран,т.б.)
-Көктем(ағаштың бүршік атуы, күн ұзарып, түннің қысқаруы т.б.)
-Күз мезгілі(күннің салқындауы, жапырақтың сарғаюы, т.б.)
-Жаздың ерекшеліктері
Б)Көрнекілікпен жұмыс
Көктем көрінісін бейнелейтін суреттер бойынша жұмыс. Суретті қарап, ондағы көріністер бойынша жұмыс жүргізу.
-Бұл жылдың қай мезгілі? Неге олай деп ойлайсың? Көктемде өлі табиғатта қандай өзгерістер болады?
-Күн жылиды, топырақ жібиді, қар ериді, жылғалардан су ағады, күн күркірейді.
- Тірі табиғатта қандай өзгерістер болады?
-Жан-жануарлар ұйқысынан оянады, құстар ұшып келеді, ерте гүлдейтін гүлдер шығып, жер құлпырады.
(Оқушылардың жауабын толықтыру)
-Ағаштар бүршік жарады, күн ұзарып,түн қысқарады.
Тақтадан көктем туралы өлеңді оқыту, талдау.
Ақ қар еріп, су көбейіп
Сай-салаға толады.
Ағаш басы, бүршік шашып,
Гүл бәйшешек толады.
Бұл қай кезде болады?
-Көктемде.
-Көктем екенін қайдан білдіңдер? Көктемде ағаштар қайтеді?
(Оқушыларды толық жауап беруге жетелеу.)
III. Сергіту сәті:Көктем
Жаңбыр жауды себелеп,
Гулге қонар көбелек,
Жапырақтың астына
Тығылады ғой көбелек.
В)Оқулықпен жұмыс. 
1)Оқулықтағы сурет бойынша әнгіме  жүргізу.
Суреттегі бейнеленген көріністерді талдау
2)Ең алғаш келетін құстарды топтау:
Г)Мәтінмен жұмыс,талдау:
-Бунақденелілер дегеніміз не?
-Будақденелілерге шыбын,маса,ара,инелік,көбелек,өрмекшілер,шегіртке жатады.
Бунақденелілер туралы білетінін еске түсіру.
Оқулықта берілген тапсырмаларды орындау.
IV. Ой толғаныс
Өздерің осы аталған жәндіктерді көрдіңдер ме?Олар қандай?
(Көргендері мен білетіндерін өз тілімен жеткізуге жетелеу)
V. Қорытынды.
Үш қатарға тірек сөздерді пайдаланып, өлең құрастыру.
1 қатар 2 қатар 3 қатар
 
Көктем келді... Бәйшешектер...         Қар...
 
Құстар ұшты... Көбелектер көп...     Сай-саланы...
Нөсерлетіп...           Аспан шайдай...           Гүлдер...
 
Жаңбыр жауды...     Дала нұрға...           Ағаш басы  бүршік...
 
Тірек сөздер:           Далаға, селдетіп, көлдетіп, сайрады. Тірек сөздер : Келді, гүлдеді,  ашылып, бөленді.                 Тірек сөздер:
Басты,еріді, жайнап,шашты.
Құрастырған өлеңдерді оқыту,бағалау.
VI. Үйге тапсырма:
Ерте гүлдейтін гүлдердің суретін салу.
VII. Бағалау

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Жыл мезгілдері өлеңдері
Жыл мезгілдері
Тақырыбы: Көктем гүлдері
Қасым Аманжолов. «Көктем»
Көрікті көктем
Көктем
Заттың атын білдіретін сөздер. Көктем
Көктем
Көрікті көктем
Көрікті көктем ашық сабақ
Бөлім: Уроки / Ашық сабақтар | Көрсетілім: 9982 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык