Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Грамматикалық ойындар


Грамматикалық ойындар

Грамматикалық ойындар

Алғы сөз
Бұл әдістемелік құралдағы грамматикалық ойындар оқушының тілін, ой-ұшқырлығын дамытады, тапқырлыққа жетелейді, өзіндік пікір айтуға жағдай жасады және пәнге деген қызығушылығын арттырады.
Фонетикалық ойындар оқушылардың сауаттылығын арттырады, дыбыстарды терең меңгеруге көмектеседі.
Ойынға бала бар ынтасымен беріліп, оны білуге, меңгеруге талпынып, алуан түрлі дағды, мәліметтерді алып, шеберліктерін шыңдайды. 
Олардың білімдерін одан әрі дамытады, тереңдетеді, ізденімпаздығын арттырады, шығармашылық қабілетін дамытады. 
 
 
«КІМ ЖҮЙРІК?» ойыны
Көңілді шумақтар
1-БІР
Же1 екен 1қазан:
Ке1 жемді 1қазан
1-ақ сәтте қойды жеп,
Кү1 етті:
«Тойдым»,-деп.
Естіп 1 кез дү1ді,
Жағадағы тү1ді
Паналауға жүгірді.
 
2-ЕКІ
Баласына ж2ріп,
Ұрсып жатыр К2лік:
-2леніп с2ріп,
Алып қапсың «2лік».
2ншілей «2ңді»
Көрсетпе!-деп ж2ді.
К2рейіп баласы,
2ленбей таласып,
«Жоймасам ба 2мді!»
Деп б2нген с2лді.
 
3-ҮШ
3 тентек баласы
3інші кластаың 
Доп 3ін таласып,
К3терін сынасты.
Бір допты кішкене
3еуі ап құшаққа,
Барынша к3ене,
Тартысты 3 жаққа...
3 досқа 
Үйшікте
Жатқан кеп к3ікте,
Тұмсығын 3кілдеу
Көтеріп, т3кірді.
«Жағдай м3кілдеу»,-
Дегендей, 3 үрді-
Өзінше 3 досты
Басқансып «3кірді».
 
 
 
 
 
5-БЕС
 
«Тебесің,-деп,-қойларды»,
5ті айғырды қораның
Тө5іне лақтырдым.
5 аспап батырмын.
Сен5ең, сұрағын:
5іктегі бөпемнен,
5 жастағы көкемнен.
 
6-АЛТЫ
 
6 бала ел с6н баққан
Тепті ұзақ күн 6бақан.
Бөсті бізге 6ш тым:
-Тұрмаушы едім қ6тырап,
Б6қта көп м6дым:
Жауырыным ж6рап,
Көрінбейтін б6рым.
 
 
10-ОН
 
10 бала қоршады
10ыншы вагонды,
Т10 әкеп қарсы алды
Ағайды пог10ды.
Құрметті бұл қ10ақ
Ауылға ж10дағы,
С10арда ол болмақ
Аңшымен с10дағы.
 
АДАСҚАН АТАУЛАР
 
Қолына алып қаЗықты
Ашқарақ асқа асықты
 
Жарасқа бәрі күліпті.
Жазда еСік киіп жүріпті
 
Көпен қатты ысқырды,
КепСерлерді ұшырды.
 
Балық аулай барғанмын мен,
Шортан ілдім Бармағыммен.
 
Қол бұлғайды балалар,
Келеді ұшып тырМалар
 
Атам шАпан байырғы
Қойын кері қайырды
 
Түні бойы бҰқалар
«Бақ-бақ»-десіп жақ талар
 
 
Татты да сорпаны,
Мұз салды ол тағы
 
  ЕЛекті ерттеп алады,
Базарға атам барады.
 
Інім менің мүскентай
Қолқанатқа жарады-
Қалтасымен кішкентай
Күнде отын жарады
.
Айман апай айналды
Бәрін жиып қасына:
Бір-бір бантик байлады
Бес қАзының шашына.
 
Ойны қанбас Тілектің,
Күнімен асық атады.
Сыбанып ап білекті,
Бақасын баптап жатады.
 
 
Жазда  ауылда атама 
Шөп шабыстым шаҢғымен
Қыста қарап жатам ба-
Қырдан астым шалғымен
 
Екі жасар шамасы
ҚарындаШы Қымбатты
Жеті жасар аТасы-
Жомарт келіп жұбатты.
 
КЕРІ ОҚЫП КӨР
«УА!»-десіп отырар
Кейде үлкендер білсендер
«УА!»-дан тағы сөз туар,
Кері оқып көрсеңдер.
 
«АУ!» болады ол сөзін
Екі әріптен тұрады-
Көріп жүрген күнде өзің
Балықшының құралы.
 
«СҮТ»-сүйікті тамағың,
Теріс оқып қарағын:
Кейде ұйқыда көретін
«ТҮС» боп шығар жаңағын.
 
Көп қой ыдыс түрлері,
«КЕСЕ» деген және бар.
Көп жүк артып жүреді,
«ЕСЕК»-күшті жануар.
 
 
 
 
Оңға қарай оқысаң,
ҚАМЫТ-әбзел бұйымы.
Солға қарай оқысаң,
ТЫМАҚ –қысқы киімін.
 
Кері оқуға келетін
Тең мағына беретін.
Қызық сөздер тағы бар,
Оны өздерің табыңдар!
 
ҚАЙСЫСЫ ДҰРЫС, ҚАЙСЫСЫ БҰРЫС?
 
Мынау- қалпақ,
Мынау-қармақ,
Мынау-қаңбақ,
Мынау-қаймақ.
 
Аттары ғой бұл әлі,
Ал осылар туралы
Былай десем дұрыс па,
Әлде мұным бұрыс па?
 
Көлге салам қалпақты,
Басқа кием қармақты,
Күнде жеймін қаңбақты,
Жонда қуам қаймақты.
 
Бұрыс болса,  ұрыспа,
Әлде былай дұрыс па?
 
Жонда қуам қалпақты,
Күнде жеймін қармақты,
Басқа кием қаңбақты,
Көлге салам қаймақты.
 
 
Бұрыс болса,  ұрыспа,
Әлде былай дұрыс па?
 
 
Күнде жеймін қалпақты,
Жонда қуам қармақты.
Көлге салам қаңбақты,
Басқа кием қаймақты.
 
Бұным-дағы бұрыс па,
Әлде былай дұрыс па?
 
Басқа кием қалпақты,
Көлге салам қармақты,
Жонда қуам қаңбақты,
Күнде жеймін қаймақты.
 
 
 
ТАСЫМАЛ
 
«Тасымалды» өттік біз,
Жаздық мысал көп-көп біз.
 
Деген сөзді: «темір»
Бөлдім былай: т-
емір,
Оған алдым
Мен бір.
 
Деген сөзді: «түлкімен»
Бөлдім былай:тү-
лкімен .
оған алдым
2 мен.
 
Деген сөзді: «іргелес»
Бөлдім былай:ірге-
лес .
Бұған  алам
Енді 5!
 
 
ШАРАДАЛАР
Бас буынмын-батырмын,
Зат есіммен келесі
Талай асқа батырдың.
Біріктіріп екеуін,
Елімде ағып жатырмын.
(Ер-тіс)
Бастайтыным -сан
Неше?
Қостайтыным-бір мүшең.
Енді келер жалғасын
Асқа күнде саласың.
Бәрін қоссаң,
Табасың 
Қазақстан қаласын. 
(Екі-бас-тұз)
Бір бөлігі-сын есім,
Екіншісі-топырақ.
Біріккенде,
Білесің 
Атын үлкен атырап.
(Қызыл-құм)
 
 
Басың тәтті дер едім,
Бұйрық райда-ал соңы
Тұтас-
Атын береді
Таныс көлдің,
Тап соны.
(Бал-қаш)
 
АНАГРАММАЛАР
Жылқышының қолында-
«Ұ» әрпімен,
Ондық саны тобында-
«Ы» әрпімен. 
(Құрық-қырық)
 
«С»-мен айтсаң,
Тағам ішем онымен.
«З»-мен айтсаң,
Қағам жерге оны мен.
(Қасық-қазық)
«Ж»-дан бастасаң,
Жыл мезгілі болады.
«Қ»-дан бастасаң,
Құсқа айнала алады.
(Жаз-қаз)
«Қ»-мен егер бітірсең,
Ыдыс-аяқ ол бірі.
«Н»-мен егер бітірсең,
Балықтың ол бір түрі.
(табақ-табан)
 
ЖАҢЫЛТПАШТАР
 
ЖАЛҒЫЗ ЖОЛ ЖАҢЫЛТПАШ
Жаңылтпаштарымнан  
       жаңылысыңқырағандарың
жаңылысыңқырамағандарыңды  
Жаңылыстырмасаңдарсайшы!
 
ЖЕТІ ЖОЛ ЖАҢЫЛТПАШ
 
Бүлдіршіндерді 
Күлдіргендер
Бүлдіргендер екен десек,
Бүлдіргендерді
Бүлдіргендер-
Сөйтіп бәрін күлдіргендер
Бүлдіршіндер екен, білсек.
 
(Е.Өтетілеуов)
 
Талқы 
(Жалғауларын қойып оқы)
 
Қып-қызыл күнделігі
Көр қыз...Моншақ атты.
Ол жайлы мен де бүгін
Айтамын сонша қатты.
 
Ойынға үйір неме
Сабақ... оқымайды.
Келмейді үйірмеге,
Кестеде тоқымайды.
 
Теңеді халық оны
Түз... жел, құйынына.
Сынадық салып оны
Ұландар жиынына.
 
Сын оған бір... өтті
Садақтың жебесіндей.
Моншағым терлеп кетті
Монша... төбесіндей
 
 
«МАҒЫНАСЫН ТАП» ойыны
 
Н-ЖАТТЫҒУ
 
Төбе деген жарық,
Түсті одан жарық.
 
Жауып еді бұршақ,
Сынды содан бұршақ.
 
Жоғалса да атың,
Жоғалмасын атың.
 
Ұйқасқан көп сөздің,
Айтшы несін сездің?
 
 
ҰЙҚАСЫН ТАП
Мына тұрған арғымақ,
Мінем оған...
Тістемейді, теппейді,
Бос қойсам да...
 
Мына тұрған тайлағым,
Келмейді оны...
Сирақ, мойын көрік деп,
Жүр жирафқа...
 
Мына тұрған торайым,
Танауына...
Шалшыққа кеп аунайды,
Нас баладан...
 
«ЖАЛҒАСЫН ТАП» ойыны
 
1.Ұяда...
  Ұшқанда...
 
2. Көп...
   Терең...
 
3. Ата көрген...
   Ана көрген...
 
4. Істі...
   Икемді...
 
5. Туған жер...
   Туған ел...
 
6. Жақсы бала...
   Жаман бала...
 
«КІМ БІЛГІР?» ойыны
Тақтадан заттардың,  жан-жануарлар суреттері көрсетіледі. Суретке байланысты айтылған мақал-мәтелдерді кім біледі? (көп айтқан оқушы жеңімпаз болады)
«КІМ ТАПҚЫР?» ойыны
 
Ішінде антоним сөздері бар мақал-мәтелдерді тауып жазыңдар.
1. Ашу-...,
   Ақыл-...
2. Ақылдан... жоқ.
   Ашудан... жоқ.
3. ... тауып айтады,
... қауып айтады.
4. Дос...
Дұшпан...
5. ... жарқырап жүреді,
.... қалтырап жүреді.
6. ... дос жанынды сақтайды,
... дос малыңды сақтайды.
 
ӘЗІЛ ЖҰМБАҚ- ОЙЫНЫ
 
1. Бірі айтылады да естіледі,
Екіншісі жазылады көрінеді.
 
2. Өз құрамында 3 буын, 7 әріп,
Жалпы қарауындағы әріптері құрамындағыдан алты есе көп.
 
3. Бір ағашта 36 алма, 
оны алып жемек болсаң
Он шақтысы тамағыңнан еркін өтеді,
Қалғандары қақтығып барып өтеді.
 
СӨЗЖҰМБАҚ ОЙЫНЫ
 
1. Егер Ж –дан басталса, жыл мезгілі,
Қ-дан басталса, онда ол құс белгілі.
Ол қай сөздер?
2. К-ден басталсам,
Маған қарап сабақ айтады.
П-дан басталсам,
Маған балалар жүгін артады.
3. Басы-ашық, аяғы-қысаң,
Екі-ақ дыбыс, есеп қылсаң.
Саған да ол керек болар,
Өзен-көлге жақын тұрсаң.
4. Қалай қарай оқыса да, бірдей мағына беретін басқы және саңғы  дыбыстары бірдей сөздерді кім тауып жаза алады?
Е-е             н-н
Қ-қ            с-с
К-к            а-а
М-м           ы-ы
 
ФОНЕТИКАЛЫҚ СҰРАҚТАР
1. Дыбыс емес, таңба
   Оқылмайды, жазылады.
   Бірақ сөзден табылады
  Ол қай әріп еді?
 Ойлап көрші, есіңде бар ма?
 
2. Бір дыбыстан құралған қандай сөздерді білесіңдер?
 
3. Әрі дауысты, әрі дауыссыз, әрі жуан, әрі жіңішке дыбыстар қатарында қолданылатын қай дыбыс? Кім мысалмен дәлелдеп бере алады?
 
 
4. Бес дыбыспен айтылып, алты әріппен жазылатын қай сөз, ол кімнің аты?
 
5. Мына сөздерде неше дауысты, неше дауыссыз дыбыстар бар?
Қауын, жуан, миуа, қияқ, жуу.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН  ӘДЕБИЕТТЕР:
 
1.«Ақылдың көзі» Алматы, «Жазушы» 1990ж
2. Қазақ тілі, «Атамұра» А, 2006 ж
3. С.Мәуленов, «Жазушы» А, 1982ж
4. Қ.Мырзалиев «Күміс қоңырау»
                          «Атамұра», А, 1989ж
5.М.Әлімбаев, «Атамұра», А, 2006ж
6. Е.Өтетілеуов «Жазушы», А, 1972ж
7. Г.Айтмағанбетова, «Сапар»,
                                 «Жазушы», 1975ж
8.Ә.Мұсаханов, «Жазушы», А, 1968ж
9. Ж.Сәтібеков, «Таңсәрі», 
                             «Жазушы», А,  1965

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Ойнайық та, ойлайық
Әдеби тілдің грамматикалық нормалары
Тест сұрақтары, Фонетика
Фонетикадан өткенді қайталау
Фонетикалық талдау
Дауысты дыбыстарды қайталау жаттығулары
ДАУЫССЫЗ ДЫБЫСТАР, ТҮРЛЕРІ
Фонетика
«Дауысты дыбыс» бойынша тест сұрақтары
«Дауыссыз дыбыс» тақырыбы бойынша
Бөлім: Уроки / Қазақ тілі | Көрсетілім: 11616 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык