Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Етістіктен өткенді қайталау


Етістіктен өткенді қайталау

Сабақтың тақырыбы: Етістіктен өткенді қайталау

Сабақтың мақсаты:

3. Білімділік 4. Дамытушылық       3.Тәрбиелік

Етістіктен алған білімдерін нығайту, оқыған материалдарынан қажетті мәліметті өзара меңгеруге дайындық жүргізу. Оқушыларды өз бетімен ізденуге,  іскерлік дағдыларын қалыптастыруға, белсенді ойлау мүмкіндіктерін жетілдіруге үйрету, жағдай жасау. Зиялы азаматтар жайында мағлұматтар бере отырып, оларды құрметтеуге, қадірлеуге үйрету.

Сабақтың түрі:
- Жаңа оқу материалын беру сабағы
- Білім, білік, дағдыны қалыптастыру сабағы
- Білімдерін жалпылау және жүйелеу, қайталау сабағы
- Білімдерін бағалау, тексеру және бағыттау сабағы
- Білім, білік, дағдыны қолдану, аралас сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері:
Репродуктивті Эвристикалық зерттеу Шығармашылықпен оқыту
Сұрақ-жауап, пікіралмасу + Көркем шығарма талдау, тың астарын ашу Мұғалімнің мәнерлеп оқуы, әңгіме жүргізу +
Шолу лекция, түсіндіру,әңгімелеу, баяндау + Жоспар құру, пікір жазу, жаттау Оқушының мәнерлеп оқуы, реферат оқу +
Тапсырма орындау, тақтамен жұмыс + Мәтінге жақын баяндау, логикалық сұрақтар қою Шығармашылық тапсырмалар
Танымдық ойындар Теориялық мәселелер Проблемалық сұрақтар
Өзіндік жұмыс,оқулықпен жұмыс + Баяндама жасау, пікірсайыс, жарысу Шығарма, мазмұндама жазу, тест

Жаңа технология элементтері:_____________________________________________

Сабақтың жабдығы: Кестелер, портреттер, үлестірме қағаздар, видео, слайд, интерактивті тақта, электрондық оқулық

Сыныппен жұмыс түрі: даралап, жұппен, топпен, ұжымдық

Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі
5. Оқушыларды түгендеу
6. Сабаққа дайындықтарын тексеру
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.
1. Жазбаша берілген тапсырманы тексеру.
2. Теориялық материалды еске түсіру. 
    ІІІ. Жаңа сабақ.
    1. Қазақ тілінен интеллектуалды олимпиада. Мақсаты: сыныпты екі топқа бөліп, жарыстыра отырып, етістіктен алған білімдерін қорыту.
    Сабақ жарыс түрінде өтеді. Әр сұраққа топтар өздерінің бағаларын тігеді. Максималды баға – 5 ұпай.
І тапсырма. Салт етістікті сабақтыға, сабақты етістікті салтқа айналдыратын жұрнақтарды атаңдар. Мысал арқылы дәлелдеңдер. 
ІІ тапсырма. Берілген сөйлемдерден етіс жұрнақтарын ажыратыңдар.
1991 жылы Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі жарияланды. Еліміздің тәуелсіздігі бірінші болып Түркия Республикасы тарапынан танылды. Біздің еліміз өз тәуелсіздігін алған соң, жан-жақты тиімді саясат жүргізді. Шет елдермен дипломатиялық қатынастар орнатты. Әлем елдеріне өзін жақсы әріптес, сенімді одақтас екенін мойындатты. 1992 жылдың қаңтар айында еліміздің мәдениет және өнер қайраткерлері мен зиялы қауымынан тұратын топ құрылды. ҚР-ның елтаңбасы жасалды және әнұранының үздік жобасына бәйге жарияланды. Бұл бастамаға еліміздің көптеген азаматтары мен қоғамдық ұйымдары ат салысты.
ІІІ тапсырма. Берілген мақалдарды етістіктермен толықтырыңдар. (5 мин)
1) Тіліңмен ... , біліммен ...
2) Талапты ерге нұр ....
3) Ел үмітін ер ...
   Ер атағын ел ...
4) Аңдамай ... ауырмай өледі.
5) Жаманға сырыңды ...
    Сырыңды айтсаң да, шыныңды ...
6) Ақылсыз адам ... келеді,
   Жан-жағын жайпай келеді.
   Ақылды адам жай-жай келеді,
   Жан-жағын ... келеді.
Сергіту сәті. «Ойна да ойла!»
-ғалы/ -гелі Айтып, ойнап
Ойландыр, жазғыз -у
-ған/-ген Сырласатын, күлімсірейтін
ІҮ тапсырма. Етістіктің ерекше түрлерін атаңдар және не себепті ерекше аталатынын дәлелдеңдер. 
Ү тапсырма. Мәтін ішінен дара және күрделі етістіктерді екі топқа бөліп жазыңдар. Үзінді қай мәтіннен алынған және авторы кім? (5 мин)
Кешегі күні Беларан маңынан ыққан мұз Қаратүп шыңына тіреліп еді; бірақ балықшылар қайдан шыққанын болжай алмады, олар тек үлкен мұздың тұмсығы ілгері жағынан бір тұйыққа тірелгенін сезді. Таң таяу секілді. Таң атқасын болмаса, мына қараңғыда қалай қарап жүрерін білмей, ашық мұз үстінде ызғырық жел ығырын алған бір топ кісі бүрсеңдеп тұр. 
ҮІ тапсырма. Берілген сөйлемдердегі етістіктерге толық морфологиялық талдау жасаңдар. (10 мин)     
2010 жылдың 29 қаңтарында Қазақстан Республикасының Елбасы Нұрсұлтан  Әбішұлы Назарбаев халыққа «Жаңа онжылдық – Жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты жолдауын жолдады. Бұл жолдауда Қазақстан Республикасының алдағы он жылдық даму бағыты белгіленген. Жолдауда білім және денсаулық саласына көп көңіл бөлінген. Өйткені дені сау, білімді ұрпақ – еліміздің болашағы.
Ү. Сабақтың қорытындысы, ой қорыту (рефлексия).
Ойтолғау. «Етістіктің ерекшеліктері»
VІ.  Үйге тапсырма беру. 268-жаттығу. Мақсаты: мәтінді оқып, қарамен жазылған сөздерге толық морфологиялық талдау жасау.
ҮІІ. Бағалау.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Етістіктен өткенді қайталау
Абай жолы роман – эпопеясы
Айтыс және көркемдік ерекшелігі
Әдеби тіл және оның нормалары
Зат есімнің сөйлемдегі қызметі
Тоғызқұмалақ
Қазақ драма театры. Деректі кино
Сан есімнің зат есіммен байланысы. Дене тазалығы
Етістіктен өткенді қайталау
Етістіктен өткенді қайталау
Бөлім: Уроки / Қазақ тілі | Көрсетілім: 1922 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык