Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Зат есімнің сөйлемдегі қызметі


Зат есімнің сөйлемдегі қызметі

Сабақтың тақырыбы Зат есімнің сөйлемдегі қызметі

Сабақтың мақсаты

1.Білімділік 2.Дамытушылық       3.Тәрбиелік

Зат есімнің сөйлемдегі қызметімен таныстыру, оны практикалық жаттығулар арқылы бекіту..

Белсенділігін ояту, өзін-өзі
сыйлау идеясын дамыту, талдау
дағдыларын қалыптастыру.
Сөйлеу мәдениетін, тіл байлығын дамыту. + Салауатты өмір салтын дәріптеу, алғырлыққа тәрбиелеу. +
- Жаңа оқу материалын беру сабағы +
- Білім, білік, дағдыны қалыптастыру сабағы +
- Білімдерін жалпылау және жүйелеу, қайталау сабағы
- Білімдерін бағалау, тексеру және бағыттау сабағы 
- Білім, білік, дағдыны қолдану, аралас сабақ +
Сабақтың әдіс-тәсілдері:
Репродуктивті Эвристикалық зерттеу Шығармашылықпен оқыту +
Сұрақ-жауап, пікіралмасу Көркем шығарма талдау, тың астарын ашу Мұғалімнің мәнерлеп оқуы, әңгіме жүргізу
Шолу лекция, түсіндіру,әңгімелеу, баяндау Жоспар құру, пікір жазу, жаттау Оқушының мәнерлеп оқуы, реферат оқу
Тапсырма орындау, тақтамен жұмыс + Мәтінге жақын баяндау, логикалық сұрақтар қою Шығармашылық тапсырмалар
Танымдық ойындар Теориялық мәселелер + Проблемалық сұрақтар +
Өзіндік жұмыс,оқулықпен жұмыс + Баяндама жасау, пікірсайыс, жарысу Шығарма, мазмұндама жазу, тест

Жаңа технология элементтері: «Топтастыру»  стратегиялары
____________________________________________________________
Сабақтың жабдығы: Кестелер, портреттер, үлестірме қағаздар+, видео, слайд + , интерактив. Тақта + , электрондық оқулық

Сыныппен жұмыс түрі: даралап+, жұппен+ , топпен,  ұжымдық +

Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі. 
Оқушылардың назарын сабаққа аудару. 
Психологиялық дайындық.
-Көңіл күйлерің қалай? Неліктен?
- Жақсы көңіл-күй – жақсы денсаулықтың кепілі деп, сабақты бастаймыз.
ІІІ. Жаңа білімді меңгерту кезеңі.
            Сабаққа кіріспе жасау.
І. Сабақтың тақырыбы, мақсаты, өтілу формасы туралы хабарлау.
            ІІ. Мұғалімнің кіріспе сөзі: 
- Бүгінгі сабақта біз Зат есмінің сөйлемдегі синтаксистік қызметімен танысамыз және Денсаулық, спорт туралы әңгімені жалғастырамыз. Сабақтың мақсаты
- Жалпы, зат есмінің сөйлемдегі негізгі қызметі қандай?/Оқушылардың жпуаптары тыңдалады/.
- Сонымен, жаңа тақырыпты меңгеру үшін Зат есімнен және «Сөйлем мүшелері
 Тақырыбына байланысты алған білімдерімізді еске түсірейік. Сабақтың 1 кезеңі «Қайталау – білім анасы» деп аталады. «Лото» ойыны арқылы бұрынғы өткен білімдерімізді ортаға салайық. /Оқушыларға жетон таратылады. Кімге қандай номер түседі, сол ұяшықтағы сұрақтарға жауап береді./ 
1. Сөйлем мүшелері не?     2. Сөйлем мүшелері неше топқа бөлінеді? 
3. Тұрлаулы мүшелер дегеніміз не? Атап шығыңыз.    4. Тұрлаусыз мүшелер дегеніміз не?
5. Зат есім дегеніміз не? Қандай сұрақтарға жауап береді?
6. Зат есімнің қандай грамматикалық категорияларын білесіздер? Мысалдар келтіріңіз. 
7. Құрамында зат есімдері бар  мақал – мәтелдер келтіріңіздер. 
       8. Бастауыш пен баяндауыш не? Қандай сұрақтарға жауап береді?
9. Тұрлаусыз мүшелер: Анықтауыш, толықтауыш, пысықтауыш.
10. Тосын сыйлық.
ІІІ. Грамматикалық тақырыпты меңгерту.
Сабақтың 2 кезеңі «Жаңа білім құпиясы» деп аталады.  Жаңа сабақ. Сөйлемдер бойынша ереже шығару.
1. Тіл – ұлттың жаны.   
2. Өз тіліңді қадір тұтпай тұрып, өзге тілді сүйе алмайсың. 
3. Біз тіл арқылы рухани байлығымызды меңгереміз. 
А. /Осы мысалдар арқылы  өздерің «Зат есімнің сөйлемдегі қызметі» тақырыбына байланысты ереже шығарады/.
Ә. «Топтастыру»  - «Зат есімнің сөйлемдегі қызметі»    Б. Оқушылардың мысалдарын тыңдау.
ІҮ. Бекіту жұмыстары (жаттығулар, жұмыс түрлері, кластер, диаграмма құру). 
Сабақтың 3 кезеңі «Білімді мыңды жығады». Алған теориялық мағлұматты пысықтаймыз.
1. Сергіту сәті. Мақал-мәтелдердегі түсіп қалған сөздерді тауып, орысша, ағылшынша    
                 баламасын табу. /слайд/.
2. Жазба жұмысы. 
3. 1. Әр адам өз денсаулығына жауапты болу керек.
4. 2. Салауатты өмір салты – адамның денсаулығын сақтау мен нығайтуға бағытталған адамның белсенді әрекеті. 
5. 3. Тазалық – саулық  негізі, саулық – байлық  негізі.
             Сөйлемге синтаксистік талдау жасау. /3 оқушы тақтада жұмыс істейді – қалғандарының қолдарына кеспе    
             қағаздар таратылып,  орнында орындайды.
Келесі кезең «Сөйлей-сөйлей шешен боласың» - берілген тақырып бойынша диалог құру
 /Жұптық жұмыс/.  
             Диалог дайындау.  «Салауатты өмір салты». Тірек сөздер беріледі.
Ү. Сабақтың қорытындысы, ой қорыту (рефлексия).
 «Рефлексия» 
«Ұқсастық пен даралық» стратегиясы.
Қазақ тілі мен орыс тіліндегі зат есімнің ұқсастығы мен даралығын көрсетіңіздер.
ҮІ. Үйге тапсырма беру. «Зат есімнің сөйлемдегі қызметі» - тақырыбын пысықтау.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Сөйлемдегі сөздердің байланысы. Мамыр
Ұлылар елі. Сөйлем мүшелерін қайталау
Ұлттық тағамдар
Абай жолы роман – эпопеясы
Әдеби тіл және оның нормалары
Тоғызқұмалақ
Қазақ драма театры. Деректі кино
Сан есімнің зат есіммен байланысы. Дене тазалығы
Етістіктен өткенді қайталау
Қазақ тілі 8 сынып
Бөлім: Уроки / Қазақ тілі | Көрсетілім: 6768 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык