Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Мақатаев Аққулар ұйықтағанда


Мақатаев Аққулар ұйықтағанда

Сабақтың тақырыбы: М. Мақатаев Аққулар ұйықтағанда

2.Сабақтың мақсаты  Білімділік- сезіммен өлең өрген  жыр пырағы- Мұқағали туралы деректерді  пайдалана отырып, поэманың идеясы мен тақырыбын, көркем бейне, поэтикалық тілі туралы білімдерін кеңейту және поэма мазмұнын ұғындыру.
Дамытушылық- оқушылардың ой-өрісін, танымдық қызығушылығын ояту, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру.
Тәрбиелік – Табиғат-ананы сақтай отырып, туған жерді қадірлеуге, халқымыздың салт-дәстүрін сақтай отырып, елжандылыққа баулу.
3. Көрнекіліктер: интерактивті тақта, компьютер, электронды оқулық, маркерлі тақта, Нұрғиса Тілендиевтің «Аққу күйі» ,Слайдтар
4. Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер: Комбинаторлы инновациялық технологиялар: АКТ, ой шақыру, талдау, болжам, ізгілендіру,салыстыру, суреттеу, қорыту,т.б.
5. Сабақтың түрі: Жаңа сабақты меңгеру
6.Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру
                 2.Жаңа сабақ
I. Қызығушылықты ояту фазасы
....ой шақыру стартегиясы негізінде жүзеге асады
Мұқағали Мақатаев алғашқы өлеңдерін неше жасында жазған?
Ең алғаш өлеңі қандай газеттерде жарияланды
Мұқағалидың әдебиетімізде ереше орын алатын себебі неде?
1.Электронды оқулықтан «Табиғат-Ана» тарауы бойынша жұмыс жүргізіледі
.... Ой қозғау стратегиясы
Біздің заманымызға дейінгі VII –V  ғасырлардан заманымыздың IV ғасырына дейінгі аралықты қамтитын сақ-ғұн дәуіріндегі жазу-сызулар мен аңыз-жырларда,Түркі дәуіріндегі, ислам дәуіріндегі, Алтын орда , қазақ хандығы, 19-20 ғасырлардағы ұлы тұлғалардың туындыларындағы туған жер қалай суреттелгені айтылып, талданады.
 Ал, Мұқағали Мақатаевтың «Аққулар ұйықтағанда» поэмасында табиғат ақынға шабыт беретінін бейнелеп жеткізген.
-Поэма дегеніміз не?
II .Мағынаны тану фазасы
... Ізгілендіру стратегиясы негізінде жүреді.
(Алдын-ала берілген тапсырманы сұрау)
-Қызыл кітап, оған енген қандай құстар бар екен?
-Аққудың қандай түрлері қызыл кітапқа еніпті.
Сұңқылдақ аққу, сыбырлақ аққу, кіші аққу
Олай болса, құрметті оқушылар! Ақиық ақынымыз кейінгі ұрпағына аманат етіп тапсырып кеткен, өсиетін ескере отырып, поэманы тұтастай оқып талдаймыз.
-Ақын өз  шығармаларының оқырманына не деп кетіп еді?
Слайд – Жетімкөл суреті (күй ойналып тұрады)

1.Мұғалім бастайды: Өзен де жоқ сыймаған арнасына,
   Жылға да жоқ даламен жалғасуға.
   Таста тұнған жаңбырдың тамшысындай,
    Қалай біткен мына көл тау басына?
2.Әмір Әйгерім «Сызат та жоқ...»
3.Құсайын Әйгерім, слайд «Таң алаулап...»
4.Әнел, слайд «Тербетілген аққулар...»

 5.Мұғалім сөзі:   Оралмады аққулар осы маңға,
Жылдар өтті, байғұстар шошынған ба?
Жетімкөл жетімсіреп қала берді,
Арман-ай, аққуымен қосылар ма?!

6.Көрініс: Ауру бала- шарасыз ана- қалжыраған әке ( Тербетілген аққу суреті слайд)
7.Сымбат сөзі: Қасқа таң.
Бұлбұл үні.
Көл бетінде
Аққулар ұйықтап жатыр тербетіле.
8. Н.Тілендиевтің «Аққу күйі» және «Аққу мен көгілдірі»
 +  Слайд (аққу суреті)
9.Омар Әйгерім ...Аққулар...
10.Есбол: Мерген отыр жағада.
      Ей, ақша бұлт,
      Жаулығыңмен оларды жасыр барып.
       Бас бағады шыршаның қалқасынан,
       Қаруынан қолында қан сасыған.
11. Ана сөзі: «Сірә, сорлы жоқ шығар менен өткен,
 Құлынымның қасынан неге кеткем?!...
12.Хайролла Жадыра...Аққулар ақ айдынды қалдырды да,
       Тартты кеп ана отырған жағалауға.
13.Мадияр :Алып аспан астына сыя алмай бір,
  Айдын көлін аққулар қия алмай жүр...
14.Ә.Айгерім: Сыңар қанат сынық құс байлауда тұр,
    Тағы бірі айдында жайрап жатыр..

15.Шал (Нұржан): а)«...Апыр-ай,бұл кім болды, таңсәріде,
 ә) «Бұл маңның адамы емес, сірә-дағы»
 б) –Ей,
     -Кімсің?
  г) –Әй, балам!...
16. Әйел : а)Әлек боп,арпалысып,сор қайғымен,
       ә) «Мына жатқан Жетімкөл, мына аққуды,
                  б) «..Қазір ботам...
                       Мінеки, таң атады...

17. Эпилог. Әсет:
Сол кеткеннен мол кеттім, оралмадым,
Жерді аңсаймын...
Жалғыз-ақ сол- арманым.
--- Поэманың шешімін ЭО кестесөз арқылы шығарамыз.

***
Орнында екен Жетімкөл жоғалмапты,
Ортаймапты немесе тола алмапты.
Жағалауын жауыпты жасыл жалбыз,
Қасиетті аққулар оралмапты.

Поэмада оқушылардың түсінуіне қиындық тудыратын сөздермен жұмыс

Қасиет- айрықша ерешелік, жақсы белгі
Қасірет –басқа түскен уайым-қайғы
Сызат- болар-болмас сызықтың ізі, жарықшақ
Тегеш- ас-су құюға арналған шұңғыл үлкен ыдыс.
Қаныпезер- жауыз, қаныішер
Желік- бір нәрсеге елігіп,құмарлану
Кәззап – жексұрын, алаяқ, оңбаған
Аракідік- анда-санда
Жалбыз – сулы жерде, бұлақ басында өсетін хош иісті, көпжылдық дәрілік өсімдік.
Қазақ тілімен байланыс:
Әйел-ана                айқындауыш, оның ішінде қосарлы айқындауыш мүше.
Табиғат-ана

Поэмадан көркемдегіш тәсілді тауып, поэманың стилін анықтау.
 (оқулықпен жұмыс)
- М.Мақатаев қай стильде поэманы жазыпты?
- Әрине, көркем әдебиет стилі (неге десеңіз, бейнелі сөздер, экспрессивті сөздер, ақынның сезімі, ритм, көкемдегіш тәсілдер қолданған)

Салыстыру

 

 

 


III.Ой толғаныс фазасы: Әдебиет лотосы

Электронды оқулықпен жұмыс жүргізіледі.

Сөз мерген.
 Поэмадағы ана әрекеті дұрыс...
Поэмадағы ана әрекеті бұрыс...

7. Үй тапсырмасы:
 «Менің Мұқағалиым» айдарымен ақынды әр қырынан таныта отырып, ойтолғау жазу.
Үй тапсырмасының негізгі шарты «Ақынның өзіңе ұнаған өлең-жыр –естелігін оқып, «Сенің Мұқағалиың» ерекше тұлға екенңн дәлелдеу.
8. Бағалау: Баға қою тәртібіне негізделе отырып, оқушыларды бағалаймын.

9. Сабақты қорытындылау:Н.Тілендиевтің  Мұқағали ақын туралы естелігі
оқылып, «Қазақ поэзиясының Хан Тәңірі» атанған поәзия тарланын еске алу.
«Есіңе мені алғайсың» әні шырқалады


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Аққу
М. Мақатаев «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы
М. Мақатаев «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы
М. Мақатаев «Аққулар ұйықтағанда»
Қарасаз, қара шалғын өлеңде өстім
Мақатаев, Аққулар ұйықтағанда поэмасы
Мақатаев Райымбек, Райымбек! поэмасы
Аққулар ұйықтағанда
Мақатаев «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы
М.Мақатаев. Аққулар ұйықтағанда.
Бөлім: Уроки / Қазақ тілі | Көрсетілім: 4523 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык