Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Мақатаев, Аққулар ұйықтағанда поэмасы


Мақатаев, Аққулар ұйықтағанда поэмасы

Сабақтың тақырыбы: М.Мақатаев: «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы

Сабақтың мақсаты: 
1. Ақынның өміріне қысқаша шолу, поэмасына талдау жасай отырып, ақын өлеңінің идеясын, мақсатын ұғындыру. 
2. Ақиық ақынның жырларымен таныстырып, оқушылардың поэзиясынан ойлау қабілеттерін дамыту. 
3. Оқушыларға поэзияны сүйе отырып сұлулық пен махаббатты тануға, адамгершілік пен мейірімділік қасиеттеріне тәрбиелеу. 
Сабақтың көрнекілігі: оқулық, ақынның суреті, үлестірмелі перфокарталар, ақынның өлеңдер жинағы, үнтаспа. 
Сабақтың түрі: қайталау. 
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, салыстыру, ой жинақтау, пікір талас. 
І. Ұйымдастыру кезеңі. 
А) Оқушылармен амандасып, жоқ баланы белгілеу, сабаққа дайындықтарын шолып шығу. 
В) Оқушыларды үш топқа бөлу, атын тағайындау. 
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. 
1. Ақиық ақынның өмірі мен шығармашылығы 
2. Қосымша оқулықтан тыс мәлімет. (Шығармашылықпен айналысатын оқушылар). Проблемаға шығу. - Ақынның поэмасына арқау болған тақырып? 
Тақырып: Сұлулық , Махаббат, Зұлымдық. 
Тақырыпты ашу мақсатында зерттеу жұмысын жүргізейік. 
«Аққу» тобына 
1. Аққудың рең әсемділігін білдіретін сөз. 
2. Поэмадан аққудың жарасымды әрекетін табыңдар. 3. Оқ тиген аққудың мүшкіл халін өрнектеген детальды табыңдар. 
«Табиғат» тобына 
1. Поэмада Жетікөл сұлулығы қалай суреттеледі? 
2. Су тазалығын ашатын деталь көріністі тап. 
3. Табиғаттағы тыныштық салтанатын тағы қай көріністен байқаймыз? 
«Ана» тобына 
1. Ана аққуды неге атпақ болды? 
2. Аққуды ату кезіндегі ана әрекетіне баға беріңдер. 
3. Құсты құлатқаннан кейінгі ана өкініші. 
4. Бала өлімін көрген ана қасіреті қалай көрсетілген? 
Тест сұрақтарына жауап алу. 
Пікірталас – дебат 
- аққуды атуға болмайды. 
- Ана махаббаты құдіретті. (Табиғат тобы екі топқа баға береді) 
Мәнерлеп оқу. 
Поэмадан оқушылар үзінді оқиды. (Жай дауыспен күй ойналады.) 
Сатылай талдау. Оқиға, байланыс, оқиғаның дамуы, шарықтау шегі, шешімі (1 мин) 
Сурет сөз. 
І топ: «Аққу қандай құс?» 
ІІ топ: киелі тағы қандай құстарды білесің? 
ІІІ топ: М.Мақатаев қандай ақын? 
Шығармашылық тапсырма. 
Үйге тапсырма: «Аққу және ақын» еркін шығарма жазу.
Бағалау


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Мұқағали Мақатаев шығармашылығына арналған " Жырлайды жүрек" әдеби- сазды кеш
Аққу
М. Мақатаев «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы
М. Мақатаев «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы
М. Мақатаев «Аққулар ұйықтағанда»
Мақатаев Аққулар ұйықтағанда
Мақатаев Райымбек, Райымбек! поэмасы
Аққулар ұйықтағанда
Мақатаев «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы
М.Мақатаев. Аққулар ұйықтағанда.
Бөлім: Уроки / Қазақ тілі | Көрсетілім: 2822 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык