Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бөлім: Уроки / Қазақ тілі |
Көрсетілім: 9676 |
|
|
|
Етітіктің түрленуі. Етістіктің шақтары туралы түсінік
Сабақтың тақырыбы: Етітіктің түрленуі. Етістіктің шақтары туралы түсінік
Сабақтың мақсаты: оқушыларға етістіктің түрленуі туралы, яғни шақтары туралы түсінік беріп, таныстыру.2. Оқушылардың ойлай қабілеттерін дамытып, сөздік қорларын молайту. 3. Патриоттық сезім, өз Отанына деген сүйіспеншілікті, табиғатты қорғай білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, топтастыру, тірек сызбалар арқылы әңгімелеу.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, слаидтар, «кім жылдам» ойыны, тірек сызбалар, суреттер.
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру
Сәлеметсіңдер ме балалар! Бүгінгі біздің сабағымыз ерекше болмақ, себебі бүгінгі сабағымыздың қонақтары, сіздерді тек қана жақсы жақтарыңыздан көргісі келеді.
2.Психологиялық дайындық.
сабақтың ережесі:
Белсенді қатысу
Тыныштық сақтау
Бірін-бірі тыңдау
Ойын ашық айту
Бір-бірін сынамау
Ынтымақтылық
3. Ойын «Кім жылдам» Мына сөздер жиынтығынан жаңа сөз шығару қажет. Ол үшін әр сөздің екінші әріпттерінен сөз жасау керек,соны кім тез тауып береді.
Сөздер жиынтығы:
ақпарат, шыны, арба, қала, ана, аспаз, сұлы, аңшы,
ақпан, сабақ, арман, ата, құлын, үлкен, апта, маса, арна
ҚЫРАН, СҰҢҚАР, ТҰЛПАР
Дұрыс, сонымен бізде пайда болған өздер (қыран, сұңқар, тұлпар) ендеше қазір біз 3 топқа бөлінеміз.
1 топ Қыран
2 топ Сұңқар
3 топ Тұлпар
Сұрақ – жауап.
Енді әр топ өз аттарың туралы не білесіңдер? Соны айтып көрелік.
1 топ (Алтын күнді қанатымен жебеген,қыран құс ерліктің белгісі. Кең- пейілділікті білдіреді.)
2 топ (жыртқыш құстардың үкен бір тобы сұңқар тектес немесе сұңқар тұқымдастар деп аталады. Жер шарында олардың 58 түрі бар. Біздің елімізде оның лашын, сұңқар, ителгі, бөктергі т.б. 10 түрі бар. Сұңқар тұқымдастардың тұмсығы темірдей, қанаты ұзын, жіліншігі қысқа, саусақтары салалы, сүйек бітімі жұмыр, денесі мығым болып келеді. )
3 топ (-Қанатты тұлпардың мәні қазақтың аңыз-ертегісінен алынған. Аңыз бойынша қанатты тұлпарға мінген алып батыр алты қат аспанға ұшып, жеті қат жер астына түсіп, халықты қасіреттерден аман алып қалған. Еліміздің азаттығының, жеңімпаздығының белгісі.)
4. Қайталау білім анасы
1) Әр топ өз топтарының атын буынға бөліп, фонетикалық талдау жасайды.
Қыран: қы-ран (2 буын, 5 әріп, 5 дыбыс бар.1 тасымадану түрі болады.)
Сұңқар: сұң-қар (2 буын, екеуі де де бітеу буын, неге? 6 әріп, 6 дыбыс бар. 1 тасымалдану түрі бар)
Тұлпар: тұл-пар (2 буын, 2-еуі де бітеу буын, 6 әріп, дыбыс бар. 1 тасымалдану түрі бар.)
2) Есімдіктің түрленуі тақырыбы бойынша қайталау тест тапсырмасы
(10 сұрақ)
5.Жаңа тақырып ,тақтамен жұмыс (слайд)
Қыран: Алты алаштың азаттығын аңсап-армандап, бостандық идеясын бүкіл шығармашылығының алтын арқауы еткен ұлтымыздың ұлы перзенті Мағжан атындағы тұңғыш фестиваль өңір басшысы Серік Біләловтың бастамасымен ұйымдастырылды.
Сұңқар: Міне, биыл Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл толады.
Тұлпар: Еліміз ХХІ ғасырға жаңа, жас мемлекет болып кірді. Енді бүгін қарасам, Айналам бақыт кең жатыр. Бір-бірімен туысқан, Қол ұстасқан ел жатыр.
Сөйлемдерді оқып, етістікті тауып, талдау жасау
1 топқа сұрақтар. Осы сөйлемдегі етітіктерді тауып алайық. Етістік дегеніміз не? (заттың қимылын, іс-әрекетін, күй-жайын білдіретін сөз табы, Ал осы сөйлемдегі етістіктерді тап: аңсап-армандап, еткен, ұйымдастырылды. Бұл қай кезде болып кеткен қимыл, іс әрекет деп ойлайсыңдар? Дұрыс, бұл бұрын өтіп кеткен іс-әрекетті білдіріп тұр. Яғни сөйлеп тұрған сәттен бұрын болып кткен әс-әрекет екен.)
2 топ сұрақтары: (етістік толады. Бұл сөйлемдегі толады етістігі қай кездегі іс-әрекет, қимылды білдіреді, дұрыс, бұл сөйлеп тұрған кезде әлі болмаған, бірақ кейін болуға тиісті қимыл, іс-әрекетті білдіреді.)
3 топ сұрақтары: етістік-болып кірді, жатыр. Яғни бұл іс-әрекет сөйлеп тұрған уақытта болып жатқандығын айтып тұр.)
- Дұрыс, ендеше балалар бүгінгі тақырып Етістіктің түрленіу, етістіктің шақтары туралы түсінік деп аталады. Етістік үш жақта қолданылып түрленеді екен.
Дәптермен жұмыс.
Желтоқсанның алтысы
Сынып жұмысы
Осы сөйлемдерді дәптерлеріне көшіріп жазады.
Анықтама: Етістіктің қимыл, іс-әрекетті білдіретіні белгілі, Ал іс-әрекет, қимыл белгілі бір кезеңде іске асады, орындалады. Қимылдың өту кезеңі сөйлеушінің хабарлау кезімен немесе сөйлеп тұрған сәтпен айқындалады. Сөйлеп тұрған сәтке байланысты қимылдың өту кезеңін білдіру етістіктің шағы деп аталады
6. Морфологиялық талдау.
Қыран Сұңқар Тұлпар
барғанмын оқырсың бармақ
жазып отыр келіпті сөйлеп отырғансың
(әр топтан бір оқушы тапсырманы тақтада орындайды, қалған оқушылар екінші сөзді дәптерге орындап, сөйлем ойлап жазады.)
Барғанмын: түбірі бар, негізгі етістік, -ған өткен шақ есімше жұрнағы, - мын жіктік жалғау 1 жақ.
Оқырсың: түбірі оқы, негізгі етістік, -р келер шақ есімше жұрнағы, - сың 2 жақ жіктік жалғауы
Бармақ : түбірі бар, негізгі етістік, - мақ келер шақ есімше жұрнағы.
Ендеше есімше мен көсемшенің жұрнақтарын атаңдар:
7. Етістікт шақтарының жасалуы
Етістіктің шақтары есімше, көсемше тұлғалы етістік түбіріне
-ды, -ді, - ты, -ті, және –
мақ, - мек, - бақ, - бек, - пақ, - пек
жұрнақтарының жалғануы арқылы жасалады.
8. Оқулықпен жұмыс. 123 жаттығу
1) Мұғалім мәнерлеп оқып шығады.
2) мәтінмен жұмыс.
- осы мәтінде не туралы айтылды? (аққу) бала барған кезде аққудың ір-с-әрекеті қалай суреттелген? Аққу қандай құс деп есептеледі? (Аққу – сулулық пен махабаттың, тазалық пен нәзіктіктің белгісі болып саналады. Оны киелі құс деп, көп халықтар құрметтеген. Біздің елімізде оларды аулауға тыйым салынған. )
9. Сабақты бекіту Семантикалық карта
Сөздер Осы ақ өткен шақ Келер шақ
Жыртып жүр +
Жазып отыр +
Барар +
Келмекші +
Айтыппын +
Оқыған едік +
Келесіңдер +
барғанмын +
Келіп отыр +
Келіп кетпек +
- Сұрақтар:
-Етістіктің шақтары дегенді қалай түсінесіздер?
-Шақтың қандай түрлері бар?
-Шақтың бірнеше түрге бөлінуі неге байланысты?
10. Сабақты қорытындылау
Білемін Білдім Білгім келеді.
11. Үйге тапсырма
71-73 бет. Анықтама, 124 жаттығу
7 сынып
Тест жұмысы № 3
1 нұсқа
1. Жіктеу есімдігін табыңыз.
A) Мен.
B) Сол.
C) Мынау.
D) Кім?
E) Барлық.
2. Сұрау есімдігін көрсетіңіз.
A) Бұлар.
B) Қайсысы.
C) Мұнымен.
D) Біздікі.
E) Сіздер.
3. Болымсыздық есімдікті белгілеңіз.
A) Әлдекім.
B) Әлдеқалай.
C) Ешқайсысы.
D) Қайсыбір.
E) Мүмкін.
4. Сілтеу есімдігін белгілеңіз.
A) Он, алтау.
B) Тақ, жүз.
C) Үйде, кеште.
D) Осынау, анау.
E) Бүгін, кеше.
5. Сілтеу есімдігінің тәуелденген түрін көрсетіңіз.
A) Олар, менмін.
B) Кетір, оқыт.
C) Соныңыз, мынауыңыз.
D) Ақшыл, сенсің.
E) Оған, маған.
6. Сілтеу есімдігін табыңыз.
А) Сәлден соң сол сары ала шатырдан кердеңдеген екеу шықты.
В) Сардар сөзге келмей тайып тұрды.
С) Беті жаман ғой өзінің.
D) Біреулер күліп, енді біреулер қостап жатыр.
E) Тұрман маған ежірейе қарады.
7. “Онда” есімдігінің емлесіндегі ерекшелікті табыңыз.
A) Жатыс септікте ол есімдігіндегі “л” дыбысы “н” дыбысына айналады.
B) Ілік септікте түбірдегі “л” дыбысы “н” дыбысына айналады.
C) Көмектес септікте түбірдегі “л” дыбысы “н” дыбысына айналады.
D) “Л, н” дыбыстары түсіп қалған түбірге -да жалғанады.
E) Табыс септік жалғауы жалғанғанда “л” дыбысы түсіп қалады.
8. Пысықтауыш қызметіндегі есімдікті анықтаңыз.
А) Кейбіреуінің талабы зор.
В) Мұныңыз заңға қайшы келмей ме?
С) Әңгімеміз расымен аяқталды-ау деймін?
D) Біздің ойлағанымыз бұлай емес еді.
E) Әлдеқайдан гармонь үні талып естілді.
9. Есімдіктің сөйлемдегі қызметін анықтаңыз.
Атымның сыры өзіме мәлім.
А) Пысықтауыш.
В) Баяндауыш.
С) Анықтауыш.
D) Бастауыш.
E) Толықтауыш.
10. Қайтті? Қайтеді? сұрақтарына жауап беретін сөз табын белгілеңіз.
A) Зат есім.
B) Етістік.
C) Одағай.
D) Үстеу.
E) Есімдік.
7 сынып
тест жұмысы № 3
2 нұсқа
1. 1.Жіктеу есімдігімен тіркесіп тұрған сөзді табыңыз.
A) Сіз келесіз.
B) Атаның баласы.
C) Қалаға бару.
D) Көзбен көру.
E) Болат келді.
2. Өздік есімдікті тіркесті көрсетіңіз.
A) Сен кімсің?
B) Өзің кел.
C) Оны көру.
D) Кім келеді?
E) Олар барады.
3. Белгісіздік есімдікті табыңыз.
A) Бәріміз.
B) Баршамыз.
C) Біздің.
D) Қайсыбіреу.
E) Өзіміздің.
4. Сілтеу есімдігінің септелу түрін анықтаңыз.
A) Әркімдер.
B) Бұған.
C) Бәріне.
D) Маған.
E) Өздері.
5 Жалпылау есімдігін анықтаңыз.
A) Күллі, барша.
B) Ақылды, бәрі.
C) Ана, мына.
D) Түгел, ақылды.
E) Ата, сол.
6. Тәуелденіп келген есімдік түрін белгілеңіз.
А) Өз, бұған.
В) Осысы, мынауың.
С) Бұны, кіммін?
D) Өзіммен, қайсыбіреу.
Е) Кімде-кім, әркім.
7. Есімдікке -ы, -і дәнекері арқылы жалғанатын септікті анықтаңыз
А) Шығыс септік.
В) Көмектес септік.
С) Табыс септік.
D) Барыс септік.
Е) Ілік септік.
8. Біреудің бойы аласа,
Біреудің ойы аласа.
А) Баяндауыш.
В) Анықтауыш.
С) Пысықтауыш.
D) Бастауыш.
E) Толықтауыш.
9. Сөйлем ішіндегі есімдіктің қызметін анықтаңыз.
Мені шешем жеті жасымнан бастап өзі оқытты.
A) Бастауыш.
B) Толықтауыш.
C) Пысықтауыш.
D) Анықтауыш.
E) Баяндауыш.
10. Етістік нені білдіретінін белгілеңіз.
A) Заттың қимылын білдіреді.
B) Заттың атын білдіреді.
C) Заттың түрін білдіреді.
D) Заттың санын білдіреді.
E) Заттың көлемін білдіреді.
№ 1 нұсқа № 2 нұсқа
1 А А
2 В В
3 С Д
4 Д В
5 С А
6 А В
7 А В
8 Е В
9 Е В
10 В А
барлығы
12. Бағалау
№ Оқушының аты-жөні 1 2 3 4 5 6 7 8 барлығы
1 Абдрахманова Д
2 Абишев Ж
3 Адилова А
4 Аубакиров Е
5 Валеева А
6 Ерғалиева А
7 Ермеков М
8 Исенова Д
9 Кудренова Л
10 Құдайбергенов Б
11 Мендыбаева А
12 Муратов Р
13 Нигматоллинов Д
14 Саукенов Ж
15 Тарбак Д
16 Турканова Т
17 Шамуратов Б
18 Ялгашева А
Семантикалық карта
Сөздер Осы ақ өткен шақ Келер шақ
Жыртып жүр
Жазып отыр
Барар
Келмекші
Айтыппын
Оқыған едік
Келесіңдер
барғанмын
Келіп отыр
Келіп кетпек
Семантикалық карта
Сөздер Осы ақ өткен шақ Келер шақ
Жыртып жүр
Жазып отыр
Барар
Келмекші
Айтыппын
Оқыған едік
Келесіңдер
барғанмын
Келіп отыр
Келіп кетпек
Семантикалық карта
Сөздер Осы ақ өткен шақ Келер шақ
Жыртып жүр
Жазып отыр
Барар
Келмекші
Айтыппын
Оқыған едік
Келесіңдер
барғанмын
Келіп отыр
Келіп кетпек
Бағалау парағы
Оқушының аты-жөні:
№ Тапсырманың мазмұны Жауап белгісі
1 Кім жылдам
2 Өз тобының аты туралы айту
3 1.Фонетикалық талдау, есімдікті қайталау 2. тест тапсырмасы
4 Әр топ өз тапсырмаларынан етістікті табады
5 Сұрақтарға жауап
6 Морфологиялық талдау
7 123 жаттығу.
8 Семантикалық карта.
Барлығы
Бағалау парағы
Оқушының аты-жөні:
№ Тапсырманың мазмұны Жауап белгісі
1 Кім жылдам
2 Өз тобының аты туралы айту
3 Фонетикалық талдау, есімдікті қайталау
4 Әр топ өз тапсырмаларынан етістікті табады
5 Сұрақтарға жауап
6 Морфологиялық талдау
7 123 жаттығу.
8 Семантикалық карта.
Барлығы
Бағалау парағы
Оқушының аты-жөні:
№ Тапсырманың мазмұны Жауап белгісі
1 Кім жылдам
2 Өз тобының аты туралы айту
3 Фонетикалық талдау, есімдікті қайталау
4 Әр топ өз тапсырмаларынан етістікті табады
5 Сұрақтарға жауап
6 Морфологиялық талдау
7 123 жаттығу.
8 Семантикалық карта.
Барлығ
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |