Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бөлім: Уроки / Қазақ тілі |
Көрсетілім: 4002 |
|
|
|
Етістіктің шақтары туралы түсінік
Сабақтың тақырыбы: Етістіктің шақтары туралы түсінік
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға етістіктің шағы туралы түсінік беру, теорияны практикамен ұштастыру. Оқушылардың логикалық ой-өрісін, тіл байлығын дамыту.
Әдіс-тәсілі: Сын тұрғысынан ойлау, Блум жүйесі.
Сабақ түрі: Дәстүрлі.
Көрнекілігі: Етістіктің шақтарына арналған кестелер.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
II. Үй тапсырмасын тексеру: Сұрақ-жауап арқылы үй жұмысын тексеру.
a) Етістік дегеніміз не?
есімше
b) Қандай түрлері бар? көсемше
тұйық етістік
III. Жаңа сабақ.
1) Қызығушылықты ояту
- «Шақ» сөзінің мағынасын қалай түсінесіндер, синоним табу.
- «Шақ» сөзімен сөз тіркестерін құрастыру («балалық шақ», «жастық шақ»)
2) Мағынаны ажырату
a) Білім. Оқушымен жұмыс
- Етістіктің шағы дегеніміз не?
- Ережені ұғу, түсіну.
b) Түсіну. Шақтық мағынаға түсініктеме беру.
Шақтық мағына мынадай болуы мүмкін:
- Сөйлеп тұрған кезде болып жатқан қимыл, іс-әрекет;
- Сөйлеп тұрған сәттен бұрын болып кеткен қимыл, іс-әрекет;
- Сөйлеп тұрған сәттен кейін болатын қимыл, іс-әрекет.
c) Талдау. Берілген сөйлемдерді талдап, іс-әрекеттің белгілі бір кезеңде іске асатынына көз жеткізу.
1 топ – Өнер-білім бар жұрттар, Тастан сарай салғызды. (Ы. Алтынсарин)
2 топ – Бірімен-бірі туысқан, Қол ұстасқан ел жатыр. (Ж. Жабаев)
Ортақ тапсырма – Масатыдай құлпырар жердің жүзі.
d) Қолдану.
Оқулықтағы 104-жаттығуды орындайды.
1 топ – 1 абзац
2 топ – 2 абзац
Ортақ тапсырма – 3 абзац
e) Жинақтау.
Әр топ етістік шақтарына «топтастыру» жасайды.
Келер шақ Етістік шақтары осы шақ
Өткен шақ
f) «Ой толғау» Не білдік?
Қорытынды сұрақтар:
- Қимылдың, іс-әрекеттің өту кезеңі қалай айқындалады?
- Етістіктің шағы дегеніміз не?
- Етістіктің шақтары нешеу?
IV. Үйге: Ереже, 105-жаттығу.
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |