Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Ғамзатов Менің Дағыстаным


Ғамзатов Менің Дағыстаным

Сабақтың тақырыбы: Р Ғамзатов Менің Дағыстаным

Сабақтың мақсаты
1.Білімділік:  Р Ғамзатовтың   шығармашылығы  мен өмірі жайлы түсінік беру
2.Дамытушылық: шығарма жайлы алған білімдерін әр түрлі тапсырмалар арқылы жүйелеу, балаларды тез ойланып, жауаптарын тиянақты айта білуге дағдыландыру.
 3.Тәрбиелік: халқымыздың мұрасын бағалай білуге тәрбиелеу
 Сабақтың көрнекілігі: Оқулық, карточкалар  т.б.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері:  әңгімелеу, өз бетімен жұмыс,сұрақ-жауап
Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен амандасу Түгелдеу  Сыныптың сабаққа дайындығын тексеру
ІІ. Үй тапсырмасын пысықтау
Жаныс ақынға  жаттау сұрау
ІІІ. Жаңа сабақ
Жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру
Расул ҒАМЗАТОВ
Аллаһ адамзатқа не себепті көз, құлақ, тіл берген. Мәселен, екі көзбен көріп, қос құлақпен естіген дүниені бір тіл ғаламға сөз етіп таратады.
Тілден шыққан сөз – қия жартастағы сүрлеуден өтіп, кең жазираға жеткен тұлпар секілді. Сөз әсте жай болмайды. Не қарғыс, не алғыс, әйтпесе жағымпаз,  харам, өтірік, шын, қысқасы әртүрлі.
Бірдеме жазғың келе ме, сөзіңе абай бол, сөзді ант деп қабылда, оған ақырзаманға дейін ие бол.
Менің шығармам кілем сияқты, оны авар тілінің көркем өрнегімен тоқимын. Менің шығармам қымбат бағалы тон сияқты, оны авар тілінің сетінемейтін берік жібімен тігемін.
Ертеде авар тілі өте аз сөзден құралыпты. «Азаттық», «Өмip», «Ерлік», «Достық», «Қайырым», т.б. атаулардың айтылуы бірдей болған деседі.
Ат төбеліндей халқымның тілін жұтаң дейтіндер айта берсін. Мен өз ана тіліммен біргe өмip cүpyre тиіспін. Жандүниемнің күллі құдіретін ғаламға жеткізу үшін маған басқа тіл қажет емес.
Дағыстанда лак дейтін аз санды ұлт бар. Ол ағайындар аздығына қарамай дүниенің төрт бұрышына шашырап кеткен. Негізінен қол өнерші халық. «Қарбызды тілгенде абай бол, ішінен лак шыға келмесін», – деп таулықтар әзілдейді.
Алыс сапар, жат елге ұлын аттандырып тұрып анасы: «Үлкен шаһарда көппен біргe ас ішкенде абай бол, арасында өз қандасың болуы мүмкін», – деп өсиет айтады.
ІV. Cабақты меңгерту.
Жоспар бойынша әңгімелеу
V. Сабақты қорытындылау
Дағыстан туралы не білеміз?
VІ.Үйге тапсырма         Жаттау
VІІ.Бағалау


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Махмұт Қашқари өмірі мен шығармашылығы
Поэма талдау
Кейіпкерлерге талдау
Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша»
Шерхан Мұртаза, Бесеудің хаты
Сүлейменов Арғымақ, Қыз қуу, Махамбетке
Қарауылбек Қазиев Менің шешем
Төлеген Әбдіков Қонақтар
Дулат Исабеков Әпке
Омар Хайям Рубаилар
Бөлім: Уроки / Қазақ тілі | Көрсетілім: 7513 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык