Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Лексикадан өткенді қайталау


Лексикадан өткенді қайталау

Сабақтың тақырыбы: Лексикадан өткенді қайталау

Сабақтың мақсаты: 1. лексика саласы негізінде алған білімдерін еске түсіру, пысықтау,   
                                       тиянақтау;
                                      2. оқушылардың сөз байлығын, сөздік қорын дамыту,
                                       шығармашылыққа баулу, сауатты жазуға дағдыландыру;
                                      3. елін сүюге, ұлттық дәстүрімізді, ана тілін құрметтеуге тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: дәстүрлі
                 Типі: қайталау және пысықтау
                 Әдісі: сұрақ-жауап, өзіндік ізденіс, шығармашылық ізденіс
Көрнекілігі: кеспе қағаздар, сызбалар
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру.
Оқушыларды үш топқа бөлу.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
201-жаттығу
Көшкін, мұзарт, шың, зерттеу сөздерінің мағынасын түсіндіру.
«Қазақстанда қандай таулар бар?» деген  сұраққа жауап жазу.
Мәтін бойыынша сұрақтар қою:
1. Альпинизм адам бойындағы қандай қасиеттерді шыңдауға көмектеседі?
2. Біздің жерімізде альпинистер бар ма?
3. Елімізде спорт қалай дамуда?
4. Қысқы Азия ойындарының Қазақстанда өтуі ненің айғағы?
ІІІ.Актуалдау
- Көшкін, мұзарт, шың сөздері жаратылыстану ғылымының саласына қатысты қолданылады екен, демек олар қандай сөздер?
- Термин сөздерді тіл білімінің қай саласы қарастырады? 
ІҮ. Лексика тарауынан өткенді қайталау.
1. «Топтастыру» стратегиясы бойынша лексиканың қарастыратын мәселелерін жинақтау.
2. Толықтыру тестін орындау.
І топқа:
а) Сөздің затты я құбылысты атап білдіретін бастапқы мағынасы ... деп аталады.
ә) Біркелкі дыбысталып айтылатын, бірақ мағынасы басқа-басқа сөздерді ... дейміз
б) Қолданыстан шығып қалған, тарихи шығармаларда ғана кездесетін, мағынасы көмескі сөздерді ... дейміз.
в) Белгілі бір аймақтағы тұрғындардың сөйлеу тілінде ғана қолданлатын сөздерді ... дейміз.
г) Тіліміздегі дөрекі сөздерді сыпайы, жағымды сөздермен айту құбылысы ... деп аталады.
ІІ топқа:
а) Сөздің тура мағынасының негізінде туып, өрбіген, жалпы көпшілікке түсінікті туынды мағынасы ... деп аталады.
ә) Әр түрлі дыбысталып айтылатын, мағыналары бір-біріне жақын сөздер тобы ... деп аталады.
б) Басқа тілден енген сөздер ... деп аталады.
в) Мифтік ескі наным бойынша атын тура айтуға тыйым салынған сөздер ... деп аталады.
г) Ғылым мен техника саласына байланысты қолданылатын сөздер ... деп аталады?
ІІІ топқа:
а) Сөздің екі я одан да көп мағынаға ие болуын сөздің ... дейміз.
ә) Мағыналары бір-біріне қарама-қарсы сөздер ... деп аталады.
б) Тілдегі жаңа жаңа ұғымды білдіретін сөздер ... деп аталады.
в) Жұрттың бәріне бірдей түсінікті бола бермейтін, белгілі бір кәсіпке я шаруашылық саласына байланысты қолданылатын сөздер ... деп аталады.
3. А.Йүгінеки сөздерінің ішінен антонимдері барын бір қатарға, болымды, болымсыздық мәндегі сөздері барын бір қатарға топтастырып жазу.
1.Күштімен алысқан әлсіз өз қолын сындырады.
2.Піл күшті,
Піл күшті емес, тіл күшті.
3.Жаман сөз жылатады,
Жақсы сөз жұбатады.
4.Білімді – алтын сөзі ашылатын,
Надан жан – қара бақыр шашылатын.  
5. Білімді білімсіздің мыңын жеңер.
ІІ топқа:
Берілген сөздерге синоним болатын тұрақты сөз тіркестерін жазу:
Бақытты -  
Алыс - 
Ұйықтамады -
Жылдам -
Жуас -
Қорықты -
Үндемеді –
ІІІ топқа:
А) Көп мағыналы сөздер мен омонимдерді ажырату:
Адамның көзі қырағы. Істің көзін табу керек.
Егін ор. Орға түсіп кетпе.
Киімнің жағасы. Өзен жағасы.
Белі ауырады. Қойлар анау белде жайылып жүр.
Малға күтім керек. Қолыңды шипа суына мал. 
4. Кітаппен жұмыс.
212-жаттығу. Сурет бойынша әңгіме құрастыру.
220-жаттығу  
І топқа: Мәтіндегі тамақ атауларын теріп жазу.
ІІ топқа: «Кесел» сөзінің синонимін табу.
ІІІ топқа Тамақ, той сөздері омоним болатындай сөйлем құрау.
5. Сергіту сәті.
1. Республикамыздағы бір өзеннің аты батыр сөзінің синонимі мен бастағы бір мүшенің атынан құралған. Ол қандай өзен?
2. «Талас» зат есім бе, етістік пе? Дәлелде.
3. Көп сөзінің антонимі, сөйлемнің ең кішкене  бөлшегі, қымбат металл аты. (Мақал)
6. Үлестірмелі диктант
Оқылған сөздерді үш топ оқушылары көнерген сөз, термин сөз, диалект сөздерге жазады:
Елтаңба, әйдік, дисфемизм, ханша, дулыға, маңлай, садақ, көпшік, антоним, азон, күпі, жарғы, пешене, квадрат, кебеже, кейіптеу, нән, зілдей.
7. «Венн диаграммасы» бойынша салыстыру.
І топ: Мақалдар мен мәтелдерді.
ІІ топ: Омонимдер мен көп мағыналы сөздерді
ІІІ топ: Тұрақты тіркестер мен еркін тіркестерді.
Ү. Қорытындылау.
Лексика тілдегі сөздердің мағынасын, тіліміздің байлығын зерттейді.
Ал қазақ тілі бай тіл. Бұл туралы Ғ.Мүсірепов былай деген екен:
«Бұл бай тіл. Оралымды, ырғақты, теңеу, бейнелеулері ерте туған тіл.мен осындай тілімізді таза ұстайық деймін.»
ҮІ. Үйге тапсырма беру.
219-жаттығу

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Көнерген сөздер
Омонимдер
Кәсіби сөздер мен терминдер
Тұрақты сөз тіркестер. Синоним. Антоним
Лексикадан өткенді қайталау
Лексикадан өткенді қайталау
Лексикология
Антоним, синоним, омоним
Лексикадан өткенді қайталау
Омоним сөздердің көп мағыналы сөздерден айырмашылығы
Бөлім: Уроки / Қазақ тілі | Көрсетілім: 3905 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык