Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Лексика, Омоним, Синоним, Антоним


Лексика, Омоним, Синоним, Антоним

Сабақтың тақырыбы: Лексика, Омоним, Синоним, Антоним

Сабақтың мақсаты:
1.Лексика саласы бойынша алған білімдерін еске түсіріп,пысықтау.
2.Ана тілінің қадір-қасиетін түсініп,оны құрметтей білуге,инабаттылыққа,салт-дәстүрді қастерлеуге тәрбиелеу.
3.Оқушылардың тіл байлығын арттыру,өз ойын еркін жеткізуге баулу.
Сабақтың әдісі: ұжымдық ойлау әдісі
Сабақтың түрі: модульді сабақ
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта,слайд материалдары
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру.
ІІ.Сабақ тақырыбымен,мақсатымен таныстыру.
Сабақтың жоспары:
1.Кіріспе.
2.Сөйлесу. «Брейнг-Ринг» ойыны
3.Қорытынды
Сыныптағы оқушылар 4 топқа бөлінеді./А,В,С,Д/ Әр топта 5 оқушыдан болады.Бір оқушы жүргізуші болады.Оқушыларды сары,көк,қызыл фишкалармен бағалайды.Оқушыларға 3 деңгейлік тапсырма беріледі.
І деңгейлік тапсырма.
А тобына:
Омоним дегеніміз не?
Синоним дегеніміз не?
Антонимге мысал келтір.
Сөздің ауыспалы мағынасы дегеніміз не?
Сөздің тура мағынасы дегеніміз не?
 
В тобына:
Ана тілінің қызметі қандай?
Әдеби тіл дегеніміз не?
Мәтін дегеніміз не?
Мәтін тақырыбы нені білдіреді?
Омонимге мысал келтір.
 
С тобына:
Лексика нені қарастырады?
Сөздердің көп мағыналылығы дегеніміз не?
Сөйлем дегеніміз не?
Хабарлы сөйлем дегеніміз не?
 
Д тобына:
Сөз дегеніміз не?
Омоним дегеніміз не?
Тасымал дегеніміз не?
Фонетика нені қарастырады?
 
ІІ деңгейлік тапсырмалар:
Талдау жұмысы беріледі.Дайындалуға 3 минут беріледі.
А тобына:
Сөз тіркестерінен сөйлем құра.
«Мықты» сөзінің синонимін тап.
«Қас» сөзінің антонимін тап,сөз табына ажырат.
«Ер» сөзінің синонимін тап.
 
В тобына:
«Оқы,әкел» етістіктерін жікте.
Омонимді тап.Күлді жерге шашпа.
Антонимді тап.Оған фонетикалық талдау жаса.Үлкен-кіші жиналар.
«Сұлу» сөзінің синонимін тап.
 
С тобына:
Ақ,үлкен,биік сөзінің антонимін тап.
«Қой» сөзінің омонимін тап.
Жеті атаңды ата.
«Суық» сөзін ауыспалы мағынада көрсет.
 
Д тобына:
Ар-намыс туралы мақал-мәтел айт.
«Етек» сөзінің аусыпалы және тура мағынасына мысал келтір.
Өз ойыңнан синонимге мысал келтір.
Қандай ырым сөздерді білесәңдер.
 
ІІІ деңгейлік тапсыралар.
Оқушыларға тақырыптар беріледі.Синоним,омоним,антоним қатыстырып,мәтін құрап жазу тапсырылады.
Тақырыптар:
Менің ұстазым
Менің арманым
Әдептілік
Менің сүйікті ісім
Қызықты кітап
Денсаулық – зор байлық
Наурыз айы
Ана тілім
Алғашқы ұстазым
Саяхатта
Менің ауылым
Менің жанұям
 
ІV.Қорытындылау.Әр топтың ұпай санын жүргізуші бағалау бетшесіне жазады.Сол бойынша мұғалім сайыс қорытындысын жариялайды.
V.Үй тапсырмасын беру.Ережелерді қайталау.
VІ.Бағалау.

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Антонимдер
Қазақ тілінен эмтихан билеттері
Қазақ тілі дүние жүзіндегі ең бай тілдердің бірі. Лексика. Сөздік және оның түрлері
Қазақ тілі дүние жүзіндегі ең бай тілдердің бірі. Лексика. Сөздік және оның түрлері.
Лексика әлемін шарлау
Антоним, синоним, омоним
Жалпылама лексика
Омоним сөздердің көп мағыналы сөздерден айырмашылығы
Лексикадан өткенді қайталау
«Омоним», «Антоним» тақырыптары бойынша
Бөлім: Уроки / Қазақ тілі | Көрсетілім: 18378 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
avatar
• 13 октября 2015 20:42
sad жер сөзінің омонимы барма?
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык