Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Қазақ тілі дүние жүзіндегі ең бай тілдердің бірі. Лексика. Сөздік және оның түрлері


Қазақ тілі дүние жүзіндегі ең бай тілдердің бірі. Лексика. Сөздік және оның түрлері

Сабақтың тақырыбы: Қазақ тілі дүние жүзіндегі ең бай тілдердің бірі. Лексика. Сөздік және оның түрлері

Сабақ түрі: Жаңа сабақты меңгерту.
Сабақтың мақсаты: 
Білімділік: Мемлекеттік тіл туралы, лексика және сөздіктің түрлері туралы түсініктерін қалыптастыру.
Дамытушылық:  Қазақ тілінде  анық, нақты өз ойларын жеткізе білу ,
сөздік қорын байыту.
Тәрбиелік:  Мемлекеттік тіл- қазақ тілін қадірлеп, қастерлеуге, отанын, туған жерін сүюге баулу.
   Сабақтың әдісі:  түсіндіру, сұрақ-жауап, ұжымдық ойлау, әңгімелеу, баяндау, тыңдау, салыстыру.
   Сабақтың жоспары:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
2. Сәлемдесу, түгендеу.
3. Үй тапсырмасын тексеру.
4. Ой шақыру.
5. Лексикалық минимум.
6. Оқылым.
7. Жазылым жаттығулары.
8. Айтылым.
9. Тыңдалым.
10. Бекіту кезеңі.
11. Өзіндік жұмыс.
Ой шақыру :  Түрік тілінің ішіндегі жауһары – қазақ тілі.   
                        Көп тіл білсең көкжиегің кең болар,
                        Құрметтейді кісі екен деп төрге озар.
                             Қай елде де жүрсең де бұл дұрысы,
                             Мемлекеттік тілді үйренген жөн болар.
Қазақ тілі – Абай, Мұхтар, Мағжандар,
Қазақ тілі – Баян, Жібек, Тоғжандар.
Қазақ тілі – Тоныкөк пен Күлтегін,
Қазақ тілі – елін сүйген көкжалдар. 
Қазақ тілі- түркі тілдер тобына енеді. Қазіргі кезде отызға жуық түркі тілдері бар. Түркі тілінде сөйлейтін халықтардың көпшілігі бұрынғы КСРО-да, жеке-жеке  республикаларда тұрады. Олар: қазақ, әзірбайжан, қырғыз, өзбек, татар, башқұрт т.б.
   Қазақ тілі- аса бай тіл, икемді тіл. Орамын тауып, қисынын келтіріп пайдалансаң, бұл тілмен сурет салуға, тас қашап, ағаш, текемет оюға болады. Сырлы тіл, нұрлы тіл, жырлы тіл. Қазақ тілі- өзінің даласындай кең пішілген жайдары да жалпақ тіл.
   Лексика- тілдегі барлық сөздердің жиынтығы.Лексика грек тілінен аударғанда «сөздік қор» деген мағынаны береді. Тілдің сөздік қоры мен сөздік құрамын, лексикалық мағынасын зерттейді.
 
   Лексиканың салалары:
1. Лексикология- тілдің лексикасын және оның тарихи дамуының заңдылықтарын зерттейді.
2. Семасиология- сөздің мағыналарын зерттейді.
3. Этимология- жеке сөздердің шығу тегін, бастапқы мағынасын зерттейді.
4. Фразеология- тұрақты тіркестерді зерттейді.
5. Диалектология- жергілікті тіл ерекшеліктерін зерттейтін сала.
6. Лексикография- сөздіктер жасау және оларды зерттеу жөніндегі үлкен бір сала.
7. Ономастика- жалқы есімдерді зерттейтін сала.
8. Топонимика- жер-су аттарын зерттейтін сала.
9. Антропонимика—кісінің тегі, әкесінің аты, кісінің шын аты мен лақап атын зерттейтін сала.
 
 
   Сөз мағынасы. Сөз – мағынаның дыбыспен таңбалануы, ал мағына- сөздің білдіретін ұғымы. Сөз мағынасы – тура мағына және ауыспалы мағына болып екіге бөлінеді. Сөздің белгілі бір ұғымды білдіретін  бастапқы мағынасын тура мағына дейміз.Мысалы: терең көл, ашық терезе.
   Сөздің мағынасы ауысып, өзге мағынада қолданылуын ауыспалы мағына дейміз.Мысалы: терең ой, ашық мінез.
   Сөз мағынасына қатысты үшке бөлінеді:
    Омоним- дыбысталуы бір, бірақ мағыналары әр түрлі сөздер. Мысалы:От жақ, оң жақ, қара бояу жақ.
Антоним- мағыналары бір-біріне қарама-қарсы сөздер. Мысалы: аласа –биік,  Ұзын-қысқа, жақын-алыс.
Синоним- айтылуы әр түрлі, бірақ мағыналары ұқсас сөздер. Мысалы:
сабырлы-төзімді, әдемі- көрікті т.б
   Сөздік жасаудың әдістемесі мен техникасын үйрететін ғылымды- лексикография дейміз.Қазақ тіл біліміндегі сөздіктердің түрлері:
1. Аударма сөздіктер.
2. Терминологиялық сөздіктер.
3. Орфографиялық сөздіктер.
4. Түсіндірме сөздіктер.
5. Диалектологиялық. 
6. Синонимдік.
7. Абай тілінің сөздігі т.б.
 
Сөздіктің түрлерін көрсетемін.
 
 
   Тыңдаңыз және есте сақтаңыз!
                                                     
   Жазылуы:                                                    Айтылуы:
 
   Ана тілі                                                         Родной язык
   Түбір сөз                                                       Корень
   Сөз мағынасы                                              Значение слова
   Сөздік                                                          Словарь
   Сөздік қор                                                    Словарный запас
   Ауыспалы мағына                                               Переносное значение
   Тура мағына                                                Прямое значение
 
 
                          Мақал – сөздің мәйегі
Төмендегі мақал-мәтелдерде қандай ой айтылғанын айтыңыз!
Өнер алды – қызыл тіл, 
  Тіл тас жарады, тас жармаса, бас жарады.
Піл көтермегенді тіл көтереді. 
Ана сүті бой өсіреді,
Ана тілі ой өсіреді.
Шаңырақ, шаңырақтағы уықтардағы «мақал-мәтелді аяқтау» тапсырмасы.
Қазақ тілін меңгерген өзге ұлт өкілдерін үлгі тұтайық!
Қорыту: Сұрақ-жауап.
1. Омоним дегеніміз  не ?
2. Синоним  дегеніміз?
3. Антоним деп нені айтамыз?
Бекіту: « Қазақ тілі» атты сөзжұмбақ  шешу.
«Алған біліміңізді тексеріңіз!» айдарымен өтілген тақырыпқа қатысты сұрақтар қоямын.
1. Лексика дегеніміз не?
2. Лексиканың қандай салалары бар?
3. Лексика сөзі грек тілінен аударғанда қандай мағына береді?
4. Сөздің лексикалық мағыналары қандай?
Өзіндік жұмыс:
1. Жаңа сөздерді жаттау
2. Тіл туралы өлең шумақтарын жаттау
3.  Омоним, синоним, антонимдерді қатыстырып 3 сөйлем құрау.
Бағалау:
Сабаққа белсене қатысқан студенттерді бағалаймын

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Лексика әлеміне саяхат
Антонимдер
Лексика, Омоним, Синоним, Антоним
Лексикадан өткенді қайталау
Лексика
Қазақ тілі дүние жүзіндегі ең бай тілдердің бірі. Лексика. Сөздік және оның түрлері.
Сөз мағынасы
Антоним, синоним, омоним
Тұрақты тіркес
Жалпылама лексика
Бөлім: Уроки / Қазақ тілі | Көрсетілім: 5443 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык