Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Батыр қыздар


Батыр қыздар

Сабақтың тақырыбы: Батыр қыздар

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды Ұлы Отан соғысының қаһарман қыздарымен таныстыру.
Сабақтың міндеттері: Білімділік: Батыр қыздар туралы жан-жақты мағлұмат бер отырып, төл сөз, қаратпа сөз және диалогтан алған білімдерін еске түсіру, деңгейлік тапсырмалар арқылы бекіту;
Дамытушылық: Оқушылардың білімдерін арыттыра отырып, олардыңшығармашылық қабілеттерін дамыту, өз ойларын еркін әрі жүйелі түрде жеткізуге машықтандыру, жаңа сөздерін меңгерту;
Тәрбиелік: Оқушылардың патриоттық сезімдерін ояту, елге, жерге деген сүйіспеншіліктерін арыттыру. Қаһарман болуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың типі: дәстүрлі емес
Сабақтың әдіс тәсілдері: топтық, жұптық, шығармашылық, жеке жұмыс түр
Сабақтың көрнекілігі: деңгейлік тапсырма, орталықтар, жетондар, медальдар, кубтар
Пәнаралық байланыс: тарих, орыс тілі
Технология: деңгейлік саралап оқыту технологиясы
ТСО: интерактивті тақта.
Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру бөлімі.
ІІ. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.
Міндеті: 
• психологиялық зейінін сабаққа аудару;
• мақсаттарын айқындап алу;
- Балалар жақында қандай мейрамды тойламақшымыз?
- Оқушылардың жауабы...
- Дұрыс, ендеше бүгінгі сабақта Ұлы Отан соғысының 65 жылдығын атап өту мақсатында, қазақтың батыр қыздары, соның ішінде Әлия мен Мәншүк туралы әңгімелейміз, толығырақ танысамыз. Қазақтың қос жұлдызы Әлия мен Мәншүктің ерлік істерін әңгімелей отыра өзімізді патриоттық рухта тәрбиелейміз.Сабағымыздың тақырыбы: батыр қыздар. Сабақ барысындда өткенді қайталаймыз. 
 
«Алақан» психологиялық сергіту сәті. 
- Ендеше, сабағымыз өте жақсы өтсін десеңіздер мына алақанға жақсы тілек жазайықшы.
ІІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
Жұптық жұмыс: «Жолдасыңды бағала»
Міндеті: 
• Үй тапсырмасын тексеру;
• әділ бағалауға дағдыландыру;
Тақтада үш деңгейде тапсырма ұсынылады. Оқушы өзі қалаған тапсырма бойынша жолдасына жауап береді. Оқушы жолдасын жетондармен бағалайды.
1          деңгей: Қаратпа сөз, төл сөз, диалогтың ережесін айт. Мысал келтір.
 
2          деңгей: Отан туралы мақал-мәтел жазып, оның мағынасын түсіндір.
 
 3         деңгей: Соғыс туралы немесе ардагерлер туралы деректер жазып келу.
Үй тапсырмасын қорыту:
- Сіздер соғыс туралы, ардагерлер туралы деректер жинап келдіңіздер, сол кісілер туралы не айтар едіңіздер...
- Олар кімдер үшін күрескен? 
- Кімді және нені қорғады?
- Елімізді жерімізді қорғаған батыр  қыздарымыз Әлия мен Мәншүк.
ІV. Жаңа білімді түсіндіру:
(мұғалім жаңа білімді үш деңгейде түсіндіреді)
Міне биыл еліміз – Ұлы Жеңістің 65 жыл торқалы тойын тойлығалы отырОсы мақсатпен біз бүгінгі сабағымызды Ұлы Жеңіске және Кеңес Одағының батыр қыздары, шығыстың қос жұлдызы атанған - Әлия мен Мәншүкке арнаймыз.
Кеңес Одағының батыры Мәншүк Жиенғалиқызы Мәметова 1922 жылы Батыс Қазақстан облысы, Орда ауданы «Жаңа құс» ауылында дүниеге келген.  Ата-анадан ертерек айырылған Мәншүкті Әмина мен Ахмет бауырларына басады. Мәншүктің шын аты – Мәнсия. Әпкесі - Әмина оны «Менің моншағым» дейді екен. Моншақ деген сөзге тілі келмеген сәби өзін Мәншүк деп атаса керек. Мәншүк Орал қаласындағы  №4 мектепте, қазіргі оқыған. Кішкентай кезінен әкесі Ахмет сияқты дәрігер болуды армандайды. Мәншүк медицина институтында оқи жүріп, 1941 жылы қаңтардан бастап, Қазақ ССР халық комиссарлары советі председателі орынбасарының түнгі кезекшісі болып қызметке тұрады. Сөйтіп, 1942 жылдың күзінде өзі сұранып майданға аттанады. Мәншүк соғыста пулеметші болды. Қазақ халқының даңықты қызының аз ғана әскери жолы, орыстың көне қаласы – Ревель түбінде жасалған өшпес ерлігімен аяқталады. 
Мәншүк Мәметова 1943 жылы қазанның 15-інде қаза болды. 1944 жылы 1-наурызда Мәншүк қаза тапқаннан кейін оған Кеңес Одағының батыры атағы беріледі.
Халқымыздың батыр қыздарының бірі – Молдағұлова Әлия Нұрмұханмедқызы. Әлия 1925 жылы 20 сәуірде Ақтөбе облысының Қобда ауданында Бұлақ деген жерде дүниеге келген. Ата-анасынан ерте айырылған Әлия Нағашы ағасы Әбубәкір Молдағұловтың  қолында тәрбиеленеді. Соғыс басталған шақта Санкт-Петербургтегі балалар үйінде №9 мектепте оқыды. Өз еркімен военкоматқа арыз беріп, майданға сұранады. Әлияны атқыштар мектебіне оқуға жібереді. Ол мектепті өте жақсы бітіріп майданға аттанады. Жаумен қасық қаны қалғанша күресіп, жау қолынанг оққа ұшты. Майдандастары арасында үлкен беделге ие болған мерген қыз Әлия 1944 жылы 15 қаңтарда қаза болды. Қаза тапқаннан кейін 1944 жылы 4 маусымда Әлия Молдағұловаға Кеңес Одағының батыры атағы берілді.
1          деңгей: Жаңа сөздермен таныстыру:
                    бөлімше – отделение
         мерген – стрелок
қорғаныс жағдайы – условия защиты
жер жастандыру – убивать наповал
көзін жойды – уничтожил
оқ жаудыру – стрельба
2          деңгей: Батыр қыздар туралы әңгімелеп беру.
         
 3         деңгей: Видеофильм ұсыну.
V. Жаңа білімді меңгерту.
Топтық жұмыс: «Орталықтардағы ой-тасқыны».
Міндеті:
• Жаңа білімді өмірмен байланыстыру;
• Мәтінмен жұмыс жасау машығына төселдіру;
• Пікір айтуға үйрету;
• Екі тілде еркін сөйлеуге дағдыландыру.
- Қазір біз орталықтарға бөлінеміз. Әр орталықта 5-6  оқушы болады. Тобымыздың атын білу үшін мына кроссвордтарды шешеміз.
1 топ: 2 топ: 3 топ:
Топтық жұмыс басталмас бұрын дәптерге күн жадын жазып, әр топтан 1 оқушы шығып өз топтарының аттарына талдау жасайды. (3 оқушы тақтада жұмыс жасайды) 
әр топқа үш конверт ұсынылады. Топтық жұмыс. Медальдармен бағаланады.
«Намыс» тобы:
 
1         деңгей: Қаратпа сөздің ережесін айт. Мысал келтір.
2       деңгей: Кітаппен жұмыс: 3-тапсырма, 140 б. Әлия мен Мәншүк туралы 4 жол өлең шығар.
   3   деңгей: Мәтінді мәнерлеп оқы. Мазмұнда. Мәншүк дәрігер болуды армандайды. (Синт. талдау).
  «Батыр» тобы:
     1           деңгей: Төл сөздің ерекшелігін айт. Мысал келтір.
     2         деңгей: Кітаппен жұмыс: 3-тапсырма, 144 б. Әлия мен Мәншүк туралы 4 жол өлең шығар.
     3          деңгей: Берілген мәтінді мәнерлеп оқы. Аударыңдар. Мерген сөзін септеу.
«Отан» тобы:
    1         деңгей: Диалог дегеніміз не? Мысал келтір
     2         деңгей:  Кітаппен жұмыс: 3-тапсырма, 148 б. 4 жол өлең шығар.
     3         деңгей: Сен журналистсің. Әлия және Мәншүк туралы шағын репортаж дайындап, интервью ал. (ішкі және сыртқы)
VІ. Жаңа білімді бекіту: «Кубизм» стр-сы.
Міндеті: 
• Сабақта алған білімдерін бекіту.
1. Білу: Диалог дегеніміз не?
2. Түсіну: Әлия мен Мәншүк бойында қандай қасиеттерді байқадыңдар?
3. Қолдану: Берілген сөздерді қолданып сөйлем құрастыр. Болған, біздің, мерген, Әлия, апамыз.
4. Талдау: Қаратпа сөздің тыныс белгісін түсіндір.
5. Жіктеу: Әлия мен Мәншүк апаларыңа ұқсағыларың келе ме?
6. Бағалау: Қандай ерлік жасар едіңдер?
VІІ. Қорыту:
1. Кроссворд шешу: 1) Әлия мен Мәншүк кімге қарсы соғысты?
                                   2) Әлия кім?
                                   3) Әлия ілік септігінде...
4) орысша отделение, қазақша ...
5) Мәншүк дүниеге келген ауылдың аты ...
ж а у ғ а
м е р г е н
Ә л и я н і ң
б ө л і м ш е
Ж а ң а қ ұ с
2. Көрініс: «Мәншүктің майданға аттануы»
3. Қан майданда қаһармандықтың, қайсарлықтың үлгісін көрсеткен қыздарымыздың әруағына тағзым етіп, еліміз Ұлы Жеңістің 65 жылдығын атап өткелі отыр.
Елімнің бейбіт өмірін жалғастыра берсін деп алақандарымызға жазған жақсы ниеттерімізді, тілектеріңізді мына ашық аспанға жабыстырайық. 
 ─ Қараңыздаршы, қандай әдемі, әрі түсті гүлдің                    жабыстырмасын көріп тұрмыз. Әр түті алақан елімізде әр түсті  ұлттың өкілдері тұратынын білдіреді. 
 1- 2 күннен кейін Бейбітшілік күнін тойлаймыз. Мейрамдарыңыз құтты босын!
VІІІ. Бағалау.
       1. Топты бағалау:
       2. Жеке оқушыны бағалау:
ІX . үйге тапсырма:
     1.         деңгей: Әлия және Мәншүк туралы өлеңдер жаттап келу.
     2.          деңгей: Өткен тақырып тест құрау. ( 10 сұрақ )
     3.         деңгей:  Батыр қыздар туралы мәнжазба, альбом жасау.                  

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Батыр болғым келеді
Қайрат Жұмағалиев «Мен соғысты жек көрем»
Бала Мәншүк
Гүл.(Мәншүк Мәметова ).Алтын жұлдыз.(Әлия Молдағұлова)
Ару қыздар – алаулап от кешкендер!
Қазақстандық батырлар. Сөйлем мүшелерінен өткенді қайталау
Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Маметова
Отан үшін от кешкендер!
Сағи Жиенбаев «Әлия» өлеңі
Бүгін 4»Е» сыныбында ана тілі пәнінен Мариям Хакімжанова
Бөлім: Уроки / Қазақ тілі | Көрсетілім: 7111 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык