Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бөлім: Уроки / Қазақ тілі |
Көрсетілім: 3380 |
|
|
|
Қазақстан – менің Отаным
Сабақтың тақырыбы: Қазақстан – менің Отаным
Сабақтың мақсаты :
Білімділік: Оқушылардың өткен сабақтардан алған білімдерін саралай отырып,практикалық дағдымен салыстыру.
Дамытушылық:ойлау қабілеттерін дамыту,ой –өрістерін кеңейту,ауызша сөйлеу мәдениетін қалыптастыру арқылы сөздік қорларын молайту.
Тәрбиелік мәні: Отанды сүюге баулу,туған – жерді аялауға,
қорғауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың көрнекілігі:Қазақстан картасы,мемлекеттік рәміздер,бейнелі суреттер,слайдтар,графикалық сызбалар.
Сабақтың әдісі: әңгімелеу,түсіндіру,сұрақ-жауап, топпен жұмыс,жеке жұмыс.
Пәнаралық байланыс: әдебиет, тарих,география.
Жаңа сөздер:
атамекен - отечество,родина
егеменді-суверенный
құрмет-почёт,уважение
дербес- самостоятельное
дамыған- развитая
көп ұлтты- многонациональная
әлем таныған- всемирно известный
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі
- Ашық сабаққа психологиялық дайындық .
-
ІІ Үй тапсырмасы
- Етістіктің шақтарына сөйлем құрастырып келу.
(Әр оқушы орындарынан тұрып, шақ түрлеріне дайындаған сөйлемдерін оқиды.)
ІІІ Кіріспе сөз. Сабақтың мақсатын айту.
-Құрметті оқушылар, бүгінгі ашық сабағымыз 16 –желтоқсан тәуелсіздік күніне арналады.
Біздің мақсатымыз :өткен сабақтарда оқыған тақырыптарың бойынша алған білімдеріңді пысықтап,қорытынды жасаймыз.
Әр азамат өзінің отанын сүйіп,елінің тарихын,біліп өсуі керек.
«Отан» -деген сөздің мағынасы «Қазақ тілі сөздігінде» былай аударылған:
1/ туған ел,өскен жер.
2/ үй-іші, отбасы.
Отан адамның туып - өскен жері.Біздің Отанымыз,атамекеніміз- Қазақстан Республикасы.
Ең алдымен, Қазақстан Республикасының картасына шолу жасайық.
IV Қазақ елі- менің Отаным. (картамен жұмыс)
1.Біз қай Республикада тұрамыз?
2.Қазақстан қандай мемлекет?
3.Жерінің көлемі қандай?
4.Қазақстанның қазба байлықтарын ата.
5.Халқының саны қанша?
6.Қазақстанда қандай ұлт
өкілдері тұрады?
7.Қазақстанда қандай облыс
орталықтары бар?
8. Қазақстандағы ірі қалаларды ата.
V. “Қазақстан”, “Отан”сөздерін кластермен бекіту .
қала ата-ана отбасы әлем таныған көп ұлтты
мемлекет Отан үй гүлденген Қазақстан тәуелсіз
табиғат туып - өскен жер бейбіт ел дербес
VI. Мемлекеттік рәміздер
Мемлекеттік рәміздер қай жылы қабылданды?
Мелекеттік рәміздер ту,елтаңба 1992жылы қабалданды.
Тудың авторы –Шәкен Оңдасынұлы Ниязбеков. Ту неліктен көк түсті? Бүкіл дүниеге көк жүзі, аспан әлемі, ортақ. Жер шары ұлттарға мемлекеттерге және басқаларға бөлінгенімен де жоғарыдан айқара ашылған аспан ешқашан бөлінбеген, бөлінбейді де.
Елтаңба авторлары: Жандарбек Мәлібекұлы,Шот-Аман Ыдырысұлы Уалихан.Елтаңбада көп ұлтты Қазақстан бір шаңырақ астында ел бірлігін, тұтастығын сақтап тұр.
Мемлекеттік әнұран 2006 жылы 7 қаңтарда өзгертіліп, жаңа әнұран қабылданды. Әнұранның сөзін жазғандар:Ж.Нәжімеденов, Н.Назарбаев.
Әнұранның әнін жазған:Ш.Қалдаяқов.
Қазақстан республикасының рәміздері ту,елтаңба әнұран біздің мақтанышымыз.
Мемлекттік Ту, Мелекеттік Елтаңбана кім спаттап береді?
VІІ. 50-жаттығу.Мәтінді оқып,орыс тіліне аударыңдар.
І деңгей:
Мәтіннен етістіктерді теріп жазып,сөз құрамына талда.
ІІ деңгей
Мәтінді оқып, кез – келген сөйлемнен сұрақтар құрастыру.
ІІІ деңгей
“Менің Отаным”, “Менің қалам”,
“Менің отбасым”- таңдаған тақырыбыңа диалог құрастыр.
VІІІ. Грамматикалық тапсырмалар
1.Берілген сөздерден етістіктің шақтарын түрлеріне қарай ажырат.
Келді,отырмын,болады,барамыз,келеді,тұрсың,келе жатыр,айтты,жұр,сатып аламын,бардым,тұр.қараймын, отыр, бастады,жүгіремін,ойладым,жазу жазды.
Осы шақ Келер шақ Өткен шақ
. . .
. . . . . .
2. «Мемлекет» сөзін септе.
Атау с .................
Ілік с ...................
Барыс с ................
Табыс с .................
Жатыс с ................
Шығыс с ..............
Көмектес с ..............
3.«Тәуелсіздік» сөзіне фонетикалық талдау.
тәу- ел - сіз – дік
бітеу-тұйық-бітеу-бітеу (буындар)
т- дауыссыз ,қатаң
ә-дауысты, ашық,жіңішке, езулік.
у- дауыссыз,үнді
е-дауысты, жіңішке,езулік
л-дауыссыз,үнді
с-дауыссыз,қатаң
і-дауысты,жіңішке, езулік,қысаң
з-дауыссыз,ұяң
д-дауыссыз,ұяң
і- дауысты,жіңішке, езулік,қысаң
к- дауыссыз,қатаң
11әріп,11дыбыс.
IX.Сөздік пен жұмыс
атамекен - отечество,родина
егеменді-суверенный
құрмет- почёт,уважение
дербес- самостоятельное
дамыған- развитая
көп ұлтты- многонациональныя
әлем таныған- всемирно известный
X.Тәуелсіздік жылдарының шежіресіне ой жіберу.(тест сұрақтары ойын түрінде)
1.1991 жылы 10-қазан қазақ халқының тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіров ғарышқа самғады.
2.1992 жылы маусым айында Қазақстан БҰҰ-на мүше болды. Маусым айында Тәуелсіз Қазақстан ел рәміздері:
Туын, Әнұранын, Елтаңбасын қабылдады.
3.1993 жыл қарашаның 15 күні Қазақстан Республикасының ұлттық ақшасы теңге айналымға енді.
4.1994 жыл Қазақстанның жаңа ордендері мен медальдары дүниеге келді.
5.1995 жыл 30 - тамызда Ата Заңымыз бір ауыздан қабылданды.
6.1997 жыл ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы жылы болып жарияланды, осы жылы Білім Заңы қабылданды. Тіл туралы Заң қабылданды.
7.1998жыл Халық бірлігі мен Ұлттық тарих жылы деп жарияланды.Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстанның
2030 даму стратегиясы жарияланды.6-мамырда ел Астанасы Ақмола қаласына көшті.
8.1999 жыл 10 қаңтар Президент сайлау нәтижесінде Н.Ә.Назарбаев 7-жыл мерзімге Қазақстан Республикасы Президенті болып қайта сайланды.
9. 2000 жыл Мәдениетті қолдау жылы.
10.2007жыл Әнұранның мәтіні өзгертілді.
11. 2008 жыл Халық санағы болды. Қазақстан халқының саны 1600000 –ға жуықтады.
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |