Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Менің отаным – Қазақстан!


Менің отаным – Қазақстан!

Сабақтың тақырыбы: Менің отаным – Қазақстан!

Сабақтың мақсаты : тәуелсіздікке байланысты туған еліміз туралы жалпы
                                       түсінік беру.
Білімділік мақсаты : оқушылардың  туған отанына  деген сүйіспеншіліктерін
                                        арттыру.
Тәрбиелік мақсаты : балаларға отанын, елін, жерін, тілін, дінін, салтын
сақтауға, сүюге, қорғай білуге, патриоттық 
                                        сезімдерін  оятуға тәрбиелеу.
Дамытушылық мақсаты : оқушылардың ой-өрістерін, сөйлеу тілдерін сұрақ-
                                                 жауап арқылы дамыту. 
Коррекциялық мақсаты : үнемі коррекциялық  түзетулер жүргізу.
Сабақтың  түрі :  аралас, сұрақ – жауап.
Көрнекіліктер : ҚР рәміздері, әнұран, ҚР туралы жасаған буклеттер,
 таблицалар, плакаттар, кеспе қағаздар, сұрақ-жауап
 жазылған кеспе қағаздар, ҚР картасы, схемалар.
Сабақтың барысы :
1. Ұйымдастыру бөлімі.
--- Амандасу.
--- Есту құралдарын тексеру.
2. Тіл жаттығуы.
---  Сен қандай республикада тұрасың ?
      Мен Қазақстан Республикасында  тұрамын.
--- Қазақстан қандай мемлекет ?
Қазақстан тәуелсіз, егеменді мемлекет.
--- 16 – желтоқсан қандай күн ?
     16 – желтоқсан ҚРның тәуелсіздік алған күні.
--- ҚРның мемлекеттік тілі қандай ?
     ҚРның мемлекеттік тілі – қазақ тілі.
3. Жаңа сабақ.
Балалар, бүгін біздің ашық тәрбие сағатымыздың тақырыбы «Менің отаным – Қазақстан!» деп аталады. Өздеріңіз білесіздер ҚРның тәуелсіздігіне 16 – желтоқсанда он бес жыл болады.ең бірінші сөздікпен танысайық. (Сөздікті ең бірінші мұғалім оқиды. Әрі қарай балалар бір-бірлеп, сосын барлығы оқиды.) 
Сөздік.
Егемен, тәуелсіз – өз алдына бөлек ел болу.
Валюта – ақша, теңге. 
Байрақ – ту, жалау.
Желтоқсан оқиғасы  – студенттердің ереуілге шығуы.
Плакатқа , схемамен қойылған «Жылдар сөйлейді» деген бөлімдегі сұрақтарға жауап береді.
(Жауап жазылған кеспе қағаздарды жылдардың үстіне қыстырып қояды.) Енді біздер отанымыз Қазақстанның тарихына үңіліп қарап, көз жүгіртіп, мына жылдарды сөйлетейік . 
--- Сонымен 1986 жылы қандай оқиға болды? Яғни 1986 жылы дүниені дүр сілкіндірген «желтоқсан оқиғасы» болған екен.
--- Ал, 1990 жылы не жарияланды? 1990жылы Республика  күні жарияланды. 
--- 1991 жылы ҚР қандай мемлекет  болып жарияланды? 1991 жылы  Қазақствн Республикасы тәуелсіз  ел болып жарияланды. 
--- 1992 жылы Елбасы нені бекітті? Бұл жылы  Елбасымыз  Қазақстан Республикасының рәміздерін бекітті. 
--- 1993 жылы айналымға тұңғыш рет не шықты? Тұңғыш рет айналымға Қазақстанның валютасы шықты.
--- 1998 жылы Ақмоланы не деп өзгертті? 1998 жылы  Ақмоланы Астана деп өзгертті.
--- 1999 жылы Қазақстан Республикасының президентіболып кім сайланды? Қазақстан Республикасының президенті болып Н.Ә. Назарбаев сайланды.
Сонымен балалар, осындай әр жылдар тарихқа өз таңбаларын қалдырған екен. Міне біздер осындай бірнеше ақтаңдақтардан өткенімізді көріп отырсыңдар. Біздің отанымыз – Қазақстан деп айтып отырсыңдар. Енді өздеріңнің туған жерлерің, яғни отандарың туралы шағын әңгіме жазыңдар. Оқушылар өздері жазған шағын әңгімелерін оқиды.
Бірінші оқушы : менің туған жерім – Атырау. Атырау мұнайлы өлке. Мен өзімнің туған жерімді, елімді жақсы көремін. Мен мұнайшы болғым келеді.
Екінші оқушы : мен Ақтауда дүниеге келдім. Ақтау Каспии теңізінің жағалауында орналасқан.  Мен өз елімді, жерімді, тілімді, анамды жақсы көремін.  
Үшінші оқушы : мен Атырауда дүниеге келдім. Атыраудан мұнай шығады. Мен өзімнің отанымды, тілімді, жерімді, салтымды  жақсы көремін. 
Төртінші оқушы : мен Қандыағаш қаласында дүниеге келдім. Қандыағаштан газ шығады. Мен өз өлкемді, жерімді, халқымды  жақсы көремін.
Бесінші оқушы : мен Хромтауда  өстім. Хромтауда хром өндіреді. Мен өз елімді, жерімді, дінімді  жақсы көремін.
Балалар, отан, туған ел, жер, тіл туралы айтып жатырмыз. Сендер осы отан, ел, жер, тіл туралы мақал-мәтел білесіңдер ме ? Енді тіл, отан, жер, ел туралы мына мақалдарды дұрыс табайық.
Мақал – мәтелдер.
..... от басынан басталады.                     ..... оттан да ыстық.
Өнер алды қызыл .....  .                           ..... алтын бесік.
Мына мақалдарды дұрыс орналастыр. 
Күймейсің түс отқа үшін отан.                          Анасы отан елдің.
Өлмейсің арпалыс үшін ар .                              Анасы ер елдің.
Жарайсыңдар балалар, мақал-мәтелді жақсы біледі екенсіңдер. Ал оқушылар Қазақстан Республикасы несімен айбарлы, несімен айбатты.
Бірінші оқушы : қолына Тудың суретін ұстап тұрып айтады. 
Бәрі болған қазақ деген көне елде,
Ел белгі де, ерлік, елдік, өнер де.
Жапандағы ең жауынгер халықта,
Кім сенеді, Ту болмады дегенге.
Екінші оқушы : қолына Әнұранды ұстап тұрып, айтады.
Батырлыққа  уызына жарыған, 
Ел төркіні байрағынан таныған.
Өзі ақын, өзі әнші халықта,
Кім айта алар болмаған деп Әнұран.
Үшінші оқушы : қолына Елтаңбаны ұстап тұрып, айтады.
Енді бүгін өлген туым тірілді,
Әнұраным жалғап алды ғұмырды.
Босағада қалып келген Елтаңба
Баяғыша төріме кеп ілінді ! 
Жақсы  балалар, Қазақстан Республикасы рәміздерімен айбатты, 
айбынды екен.
Сабақты бекіту : «Қазақстан» сөзжұмбағымен сабақ бекітіледі.
1. Сенің ұлтың қандай?                                                  Қазақ
2. Сен оқып жатқан қала.                                                Ақтөбе
3. Қазақстан қандай ел?                                       ТәуелсіЗ
4. Рәміздің бірі.                                                               ЕлтАңба
5. Ту, жалау.                                                                 БайраҚ
6. Біздің отанымыз.                                                    ҚазақСтан
7. Елтаңбаның авторы.                                                  ШоТ Аман
8. Асыл жан.                                                                             Ана
9. Қазақстанның гимні                                                ӘнұраН
Сабақты бекіту : бүгін біздер қандай сабақ өттік ?
                                 Бүгін біздер ашық тәрбие сағатын өттік.
                                 Сабақтың тақырыбы қандай ?
                                 Сабақтың тақырыбы «менің отаным - Қазақстан»
                                 Біз сабақта не істедік ?
                                 Біз оқыдық, сөйледік, сұраққа – жауап бердік, мақал – мәтелді   
                                 орналастырдық, сөзжұмбақ шештік, өлең оқыдық, Қазақстан 
                                 тарихы туралы айттық.
Бағалау: жарайсыңдар балалар, бүгін сабаққа бәрің де жақсы       
қатыстыңдар.

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Менің Отаным –Қазақстан
«Менің отаным - туған өлкем!».
Менің елім, менің Қазақстаным
Менің Отаным Қазақстан
Менің Отаным – Қазақстан
Менің Отаным – Қазақстан
Қазақстан-менің Отаным
Қазақстан – менің Отаным
Кең-байтақ Қазақстаным
Біздің Отанымыз-Қазақстан
Бөлім: Уроки / Ашық сабақтар | Көрсетілім: 4462 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык