Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Қыс. Зат есім


Қыс. Зат есім

Сабақтың тақырыбы: Қыс. Зат есім

Сабақтың мақсаты:
1.    Оқушыларға зат есім, оның түрлері туралы мағлұмат беру, грамматикалық ұғымдарды меңгерту. 
2.   Оқушыларды ой-өрісін дамыту, сөздік қорын кеңейту, логикалық ойлауын дамыту.
3. Оқушыларға жаңа сабақты түсіндіру арқылы, қазақ тіліне, жерін, табиғатына деген аялау көзқарасын қалыптастыру.
Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап.
Көрнекі құралдар: «Қыс келбеті» суреті, тірек сызба, сөзжұмбақ, сөйлемдер жазылған кесте, сандықша.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
1. Амандасу.
2. Сынып кезекшілігінің хабарламасын есепке алу.
3. Сабақтың мақсатымен хабарлау.
 
ІІ. Сабақтың мақсатымен таныстыру.
- Балалар, біз бүгін «Қыс. Зат есім» тақырыптарын өтеміз. Сендер бүгінгі сабақта мәтінмен танысасыңдар, берліген сөздерді пайдалана отырып, оны аударасыңдар. Сонымен қатар, грамматикалық тапсырмаларды орындайсыңдар.
 
ІІІ.Жаңа сабақ.
Ақ матадай қары бар, 
Аязы бар, әні бар,
Бұл қай кезде болады? (Қыс)
- Жұмбақтың шешуін дұрыс шештіңдер, ендеше бүгін біз сендермен  қыс туралы әңгімелесеміз, сөйлемдер құрастырамыз. 
а) Оқулықпен жұмыс.
1) Жаңа сөздермен танысу. Сөздерді сөздікке жазып, дауыстап оқиды. 
2) Аяз, сырғанайды, қыстыгүні деген сөздермен сөйлем құрастырып, дәптерге жазамыз.
Мысалы: Қыстыгүні жиі-жиі қар жауады. Балалар шанамен сырғанайды. Кеше қатты аяз болды. (Құраған сөйлемдерін өздері аударып оқып шығады.)
Суретке қарап отырып, қыс туралы әңгіме құрастырамыз. (Ауызша).
Мысалы: Қыс келді. Қалың қар жауды. Айналаны аппақ қар жапты. Қарға оранағн қысқы дала әдемі көрінеді. Анда-санда боран да соғады. 
 
ә) Зат есім.
Тақтада ілініп тұрағн тірек сызба арқылы грамматикалық тақырыпты түсіндіремін, түсіндіріп болған соң дәптерлеріне жазғызамын. Қандай сөз табы екенін, қандай сұраққа жауап беретінін, жалқы және жалпы есім туралы мағлұмат беремін.  
 
Қыс келді. Далада қар жауып тұр. Күн суыта түсті. 
 
Осы сөйлемдерден зат есімдерді табыңдар. (Қыс, қар, күн).
 
Жаңа сабақты түсіндіріп болған соң, сызбамен жұмыс жүргіземін. 
 
Грамматикалық жаттығу. Оқушылар 3-тапсырманы орындайды. Зат есмідерді пайдалана отырып, сөйлемдер құрастырады. Зат есімді тауып сұрақ қояды. 
 
IV. Сабақты бекіту.
 
1) Тіл дамыту. 1-тапсырманы орындау. Мәтін бойынша «Даналық ағашы» ойыны. 
Ойынның шарты: Оқушылар мәтінді жылдам, бірақ мұқият оқып шығады. Содан кейін әрқайсысы мәтін бойынша бір сұрақ құрап, қағазға жазады. Жүргізушінің қолындағы сандықшаға оқушылар өз сұрақтарын кезекпен салады. Мәтінді тағы бір рет оқып шығады. Әр оқушы сандықшадан бір сұрақты алып оқиды да, оған жауап береді. Жауаптарының толық әрі дұрыс болуын өзім қадағалаймын. Ойынның соңында белсенді қатысқан әрі дұрыс жауап берген оқушыны атап өтемін. 
2) 2-тапсырма. Оқулықта берілген сызба бойынша қыс туралы әңгіме құрастыру. 
3)  Өздік жұмыс. Берілген сөйлемдерді көшіріп жазып, зат есімді табыңдар. Жалқы есімнің астын бір рет, жалпы есімнің астын екі рет сызыңдар.
1. Көрме қай жерде болып жатыр?  
2. Жеңіл машина Семей қаласы жетіп қалды.
3. Балалар қардан аққала жасады.
4. Жанар, сен қайда кетіп бара  жатырсың?
5. Әсет мысығымен  ойнап отыр екен.
6. Әжем Сәтбаев көшесінде тұрады.
 
VI. Қорытынды.
Бүгінгі сабақты қорытындылау үшін сөзжұмбақты шешейік.
Сөзжұмбақты шешкенде тігінен бүгінгі сабақтың тақырыбы шығады.
 
1. Внимание сөзінің қазақшасы? (зейін)
2. Көктемнен кейін қандай мезгіл келеді? (қыс)
3. Бес әріптен тұратын кісінің атын қалай атауға болады? (Бақыт)
4. Қыс мезгілінің алғашқы айы? (желтоқсан)
5. Қазақстан Республикасының астанасы қай қала? (Астана)
6. Күн атауы? (бүрсігүні)
7. Дастархан басында қонақтың қолына берілетін зат? (майлық)
 
VII. Бағалау. Сабаққа белсенді қатысқан оқушылардың білім бағалау.
 
VIII. Үйге тапсырма: 1-тапсырма. Мәтінді оқып, мазмұнын айту. Ережені және жаңа сөздерді жаттау.

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Балалар әдебиеті 8-сынып қазақ тілі
Зат есімнің жекше және көпше түрлері.
Қыс келбеті. Зат есімнің жекеше, көпше түрі.
Өз жартыңды тап ойыны
Қыс
Қыс. Сын есім
Сын есім
Сан есім
Жалқы есім
Зат есім
Бөлім: Уроки / Қазақ тілі | Көрсетілім: 4019 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык