Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бөлім: Уроки / Қазақ тілі |
Көрсетілім: 7145 |
|
|
|
КІРМЕ СӨЗДЕР
КІРМЕ СӨЗДЕР
Сабақтың мақсаты:
а) білімділік: басқа тілден енген сөздер туралы түсінік беру;
ә) дамытушылық: оқушылардың ойлау қабілеттерін, сөздік қорларын дамыту, жүйелі сөйлей білуге баулу;
б) тәрбиелік: тілді құрметтеуге тәрбиелеу, оқушылар бойындағы адамгершілік құндылықтарды жетілдіру.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың типі: жаңа білім беру
Сабақтың әдісі: түсіндірмелі, сұрақ – жауап т.б.
Сабақтың көрнекілігі: сөздік қор мен сөздік құрамға қатысты сызба, кірме сөздерге арналған кесте, суреттер.
Пәнаралық байланыс: тарих, әдебиет, география.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Үй тапсырмасы
Сөздердің қолданылу өрісіне байланысты түрлері, жалпылама лексика.
Кесте арқылы үй тапсырмасын пысықтау.
1) Қазақ тіліндегі сөздер қолданылу өрісі жағынан әр түрлі болып келеді.
2) Сөздік құрам сөздік қорға қарағанда кең, ауқымды болады.
3) Сөздік қор сөздік құрамның ішіне енеді.
4) Сөздік құрамға енетін сөздердің сипаты әр түрлі болады.
Жаңа сабақ.
Кірме сөздер дегеніміз тілімізге басқа тілден енген сөздер. Бір тілден екінші тілге сөздердің ауысып тұруы барлық тілдерге тән құбылыс. Сөздік құрамына басқа тілден сөз енбеген тіл жоқ десе де болады. Дүние жүзіндегі түрлі – түрлі тілдерде сөйлейтін халықтар өз ара бір - бірімен қарым – қатынаста болады да, бір-біріне сөз аусыады. Әрбір тілдегі басқа тілдік сөздер санының аз я көптігі тарихи жағдайлармен тығыз байланысты.
Өз тарихында қазақ халқы көптеген елдермен қарым – қатынас жасап, аралас – құралас болғаны мәлім. Соның нәтижесінде араб, парсы, монғол, орыс тілдерінен қазақ тіліне көптеген сөздер кірген.
Қазақ тіліне енген кірме сөздердің тарихы өте ұзақ. ІХ – Х ғасырдан бастап араб, парсы сөздері кірсе, ХІХ ғасырдан бері қарай орыс тілі арқылы келген кірме сөздердің саны өте көп.
Араб, парсы тілінен енген сөздер:
адам, әлем, ғылым, қоғам, мектеп, білім, тарих, әдебиет, мәдениет, пән, тәрбие, емле, т.б.
Тарихи дерек: Қазақ даласы Х-ХІІ ғасырларда араб халифатының қарамағында болды. Ислам діні тарады. Ислам мәдениетін жасауда қазақ жерінен шыққан көптеген ақын, ғалым, ойшылдардың үлесі мол боды. Әунасыр әл Фараби, Ғаббас әл Жауһари, әл Сығанақи сияқты тұлғалар шықты. Поэзияда парсы тілі, ғылымда араб тілі басым болғанына қарамастан, Ахмет Иассуаи, Ахмет Иүгенеки, Сүлеймен Бақырғани, Жүсіп Баласағұни, Махмұд Қашқаридай түркі даналары еңбектерін өз ана тілінде жазды.
Монғол тілінен енген сөздер:
А) ел билеуге байланысты сөздер: ұлыс, нөкер, жасақ, аймақ, жарлық, т.б.
Ә) жер-су атаулары: Тарбағатай, Нарынқол, Нұра, Баянауыл, Зайсан, Қордай, Алтай, т.б.
Тарихи дерек: 1219 жылы Шыңғысхан Қазақстанның ескі қаласы Отырарды қоршауға алады. Отырар тұрғындары қаланы алты ай бойы қорғайды. Тек бір сатқын қаланы ашып бергеннен кейін ғана монғолдар қаланы жаулап алады. Тек Отырар ғана емес, мұнан кейін Сығанақ, Ашнас, Баршынкент, Үзгент қалаларын тонап, халқын қырғынға ұшыратқан.
Жер – су атауларының шығу тарихын зерттейтін ғалымдардың пікірінше Тарбағатай монғолдың «тарбаған» (суыр) деген сөзінен шыққан, «тай» тау деген сөз. Сонда Тарбағатай тауының мағынасы «суырлы тау» деп түсіндіріледі. Алтай «заңғар тау, алып тау» деген сөзден шыққан дейді.
Зайсан көлінің аталуы ол аштыққа ұшыраған көптеген адамдардың өмірін тайдай тулаған балығымен сақтап қалуымен байланыстырады. Сонда Зайсанның қазақша аудармасы «игі, игілік, мейірман» деген мағынаны білдіреді.
Орыс тілінен енген сөздер:
А) Қазан төңкерісіне дейін енген сөздер: болыс, сот, жәшік, кереует, бөтелке, кәмпит, сөмке, тұрба, т.б.
Ә) кеңестік дәуірде кірген термин сөздер: телефон, телеграф, автомобиль, т.б.
Тарихи дерек: Қазақстанның ХІХ ғасырдағы тарихи оқиғалары Ресей үкіметімен тығыз байланысты. Осы кезеңде қазақ даласына қалалар көптеп салынып, орысқоныстанушыларының саны артып, үлкен өзгерістер боды.
Араб, парсы, монғол тілдерінің сөздері бірнеше ғасыр бойы қолданылу барысында өздерінің бастапқы қалпын мүлде - өзгертіп, қазақ тілінің заңдылығына бейімделіп, біржола кірігіп кеткен. Соңғы жылдарда кірме сөздердің біразы қазақшаға аударылған. Мысалы: самолет – ұшақ, вертолет – тікұшақ, коллектив – ұжым, герб – елтаңба, гимн – әнұран.
Оқулықпен жұмыс
Кірме сөздердің қазақ тіліндегі синонимдерін табу
Кірме сөздер Кірме сөздердің қазақ тіліндегі синонимдері
Пұл Ақша, қаржы
Шайыр Суырып салма ақын
Сарбаз Жасақшы қол, әскер, жауынгер
Ғибрат Үлгі, өнеге
Ғұлама Ғалым, оқымысты
Пешене Жазмыш, тағдыр
Мына кірме сөздерді қатыстырып сөйлем құраңдар: білім, адам, құн, талап, сабақ, Толағай, самауыр, телефон.
«Жұлдыз жорамалға сенеміз бе?» деген тақырыпта пікірталас ұйымдастыру.
Сабақта қорытындылау.
Экранда көрсетілген жұлдыз – жорамал белгілерінің артына жасырынған сұрақтарға жауап беру.
1. Кірме сөздер дегеніміз не?
2. Қай тілден енген сөздер қазақ тілінде жиі кездеседі?
3. Жәшік, сөмке, бәтеңке сөздері қай тілден енген?
4. Ұлыс, нөкер, жасақ сөздері қай тілден енген?
5. Тарбағатай, Нарынқол, Баянауыл, Зайсан сөздері қай тілден енген?
6. Ұстаз, әдебиет, білім сөздері қай тілден енген?
7.
Оқушы білімін бағалау.
Үйге тапсырма:
1. 173 – жаттығу.
2. Орыс тілі сабағында пән мұғалімімен бірлесіп қазақ тілінен орыс тіліне енген сөздерді анықтау.
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
|
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |