Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бөлім: Уроки / Қазақ тілі |
Көрсетілім: 7151 |
|
|
|
Атақты күйшілер
Тақырыбы: Атақты күйшілер
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Қазақ халқының ұлы күйшілері туралы толық түсінік беру,
шығармашылығымен таныстыру, есімшенің жұрнақтарын
қайталау, сөйлесе білуге үйрету;
Дамытушылық: Ауызша, жазбаша тіл байлықтарын дамыту, сөздік
қорларын молайту, логикалық ойлау қабілеттерін
дамыту, шығармашылық пен жұмыс істеу қабілеттерін
арттыру;
Тәрбиелік: Тарихтағы ұлы күйшілердің өмірбаянын үлгі ете отырып,
құрмет, мақтаныш,сүйіспеншілік сезімдерін оята тәрбиелеу.
Оқушылардың туған елін, жерін, Отанын, қазақ тілін
құрметтеуге сыйлауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ.
Сабақтың әдісі: Жаңа сөздермен, сөз тіркестерімен, мәтінмен, тақтамен жұмыс жасау, әңгімелеу, сұрақ-жауап, түсіндіру қайталау.
Сабақтың көрнекіліктері: Күйшілердің суреттері, плакат, сөзжұмбақ, кесте.
Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы, қазақ әдебиеті, орыс тілі.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
-Балалар бүгін біз қазақ халқының күй өнері шеберлерімен танысып,
есімшені қайталаймыз.
Сабақтың эпиграфы: «Құлақтан кіріпбойды алар әсем ән мен тәтті күй»
А. Құнанбаев.
а) Амандасу
ә) Сыныпты түгендеу.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
-Балалар үйге не берілді? -Үйге 97 беттегі 4 тапсырмадағы сөйлемдерді дұрыс құрап, есімшелерін табу. ( Тапсырманың берілгенін оқыту, тапсырманы оқушыларға бөліп оқыту; есімшелерін атату; кесте бойынша есімше жұрнақтарын қайталау.)
ІІІ. Жаңа сабақ.
Тірек сызба арқылы жаңа сабақты түсіндіру.
Атақты күйшілер
--------------------------------------------------------------
Құрманғазы Дина Тәттімбет
Сағырбайұлы Нұрпейісова Қазанғапұлы
күйші күйші күйші
композитор композитор композитор
Батыс Қазақстан Орал облысы Қарағанды облысы
(1818-1889) (1861-1955) (1815-1862)
«Адай» «Той бастар» «Салқоңыр»
«Кішкентай» «Бұлбұл» «Көкейкесті»
«Көбік шашқан» «Әсем қоңыр» «Сылқылдақ»
2. Сөздікпен жұмыс.
Күйші –исполнитель кюя (мелодия на домбре)
Жетілдіру – совершенствовать
Қарапайым – простой
Шаруа отбасында –в бедной семье
Қақпай еркін өсірген – воспитовал свободно
Зеректік – способность
Жеткіз –донеси
Ұсыну – вручить
А) сөздерді сөздік дәптерлеріне жаздырту;
Ә) кезек-кезек оқу;
Б) хормен оқу.
3. Диалогпен жұмыс.
1 тапсырмадағы диалогты екі оқушыға оқыту.
4. Тақтамен жұмыс.
2 тапсырма. Оқушылар тақтада бір-бір сөйлемнен жазып, есімшелерін тауып, жұрнақтарын белгілейді.
5. Оқулықпен жұмыс.
4 тапсырма. Мәтінді 5 оқушыға оқыту. Тірек сызба бойынша әңгімелету. Есімшелерін табу өздігінен жазбаша орындау.
5 тапсырма. Мәтінді азат жолдан оқыту.
6. «Кім жылдам ?» ойыны.
6 тапсырма
а) әр қатар сөйлемдерді құрастырады
ә) тексеріп қортындысын айту.
ІV. Сабақты бекіту. ( Кестені толтыру)
-Балалар, бүгін сабақта қандай күйшілермен таныс болдыңдар?
-Олар қай жылдары туған?
-Қай жерлерде туған?
-Қандай шығармаларымен таныстық?
-Қай жылдары қайтыс болған?
Күйші Туған
жылы Туған жері Шығармалары
күйлері Қайтыс
болған жылы
Құрманғазы
Сағырбайұлы 1818 Батыс
Қазақстан «Адай»
«Кішкентай»
«Көбік шашқан» 1889
Дина
Нұрпейісова 1861 Орал облысы «Бұлбұл»
«Той бастар»
«Әсем қоңыр» 1955
Тәттімбет
Қазанғапұлы 1815 Қарағанды
облысы «Сылқылдақ»
«Салқоңыр»
«Көкейкесті» 1862
Сөзжұмбақ шешу
1. Құрманғазының алғашқы ұстазы кім болған? (Ұзақ)
2. Дина Нұрпейісованың күйі? (Бұлбұл)
3. Дина Нұрпейісова қай жерде туған? (Орал)
4. Музей сөзінің аудармасы? (Мұражай)
5. Құрманғазы Сағырбайұлының күйі? (Адай)
6. Дина Нұрпейісованың әкесінің аты? ( Кенже)
7. Тәттімбет Қазанғапұлы қай жерде туған? (Қарағанды)
8. Құрманғазы Сағырбайұлы қай жерде қайтыс болған? (Астрахан)
9. Дина неше жасында Құрманғазымен танысады? (9)
10. Дина Нұрпейісова қай жерде қайтыс болған? (Алматы)
V. Үйге тапсырма.
99 беттегі 5 тапсырмадағы мәтінді аударып,есімшелерін тауып жазып келу.
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |