Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Дина күйлерінің қағыс ерекшеліктері.


Дина күйлерінің қағыс ерекшеліктері.

Дина күйлерінің қағыс ерекшеліктері.

Сабақтың тақырыбы:  Дина күйлерінің қағыс ерекшеліктері.

Сабақтың мақсаты:Домбырада Дина күйлерін орындай білуге үйрету.

Білімділік: Күйшінің өмірбаяны жайлы әңгімелесу. Дина күйлерінің шығу тарихымен таныстыра отырып, күй туралы теориялық білім беру.

Тәрбиелік: Күйдің шығу тарихын түсіндіре отырып, өнер адамын құрметтеуге,  өнерін насихаттау, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

Дамытушылық: Күйді ойнап көрсету арқылы оқушының музыкалық қабілетін дамыту, аспапта ойнау шеберлігін арттыру.Күйлерді тыңдата отырып, есту қабілеті мен күйге деген қызығушылығын ояту.

Сабақтың типі: жаңа ұғымды қалыптастыру.

Оқыту әдісі: Баяндау, әңгімелесу, сұрақ-жауап, талдау,өз пікірлерін айту.

Сабақтың көрнекілігі: Күйшінің портреті.Үнтаспа.Тапсырмалар. Буклет..

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі: Оқушының сабаққа әзірлігін тексеру, назарын сабаққа аудару.

2. Үй тапсырмасын тексеру: 1.Гамма Н dur штрихтармен ойнау.

2. Гамма g moll үш түрін ойнау

3.Қазанғаптың күйі: «Жем суының тасқыны»

3.Актуалдау:Ассосация

 

Батыс Қазақстан күйшілік дәстүрі:

 

 

Композитор

Күйші

Топтастыру:

Ана

Күй анасы

Ардақты әже

КСР халық артисі

Жаңа сабақ:

Мағынаны тану. Дина Нүрпейісова (1861-1955)

Дина Нүрпейіс келіні Батыс Қазақстан облысы, Жаңақала ауданына қарасты ,Бекетайқұмы деген жерде дүниеге келген. Ол тоғыз жасының өзінде – ақ Дәулеткерей, Мүсірәлі, Әлікей,, Түркеш, Баламайсан сияқты күйшілердің күйлерін нақышына келтіре орындап «Домбырашы қыз» атанған. Әйгілі Құрманғазы Динаны өзі іздеп келіп, батасын берген. Дина тоғызжасынан он тоғыз жасына дейін қашан ұзатылғанша Құрманғазының баулуында болады. Бір жиын тойда шебер күйшілік пен әншілік сынға түсіпті. Мұндай өнер сайысына түсуге жүрексінген Дина әжеміз шегіншектесе керек. Қаумалаған көпшілік қойсын ба, еріксіз көндірген. Содан әжеміз Құрманғазы күйлерінің біреуін орындайды.Одан соң сөз алған Құрманғазы: «Менің оң қолымның, ал Динаның сол қолының шеберлігі күшті. Егер менің оң қолым мен Динаның сол қолының шеберлігі бір адамнан табылса одан асқан домбырашы болмас, сірә» -деп өзінің ескі домбырасын шәкірті Динаға табыстайды.

  Сол Дина 90 жасында Құрманғазының күйін шабыттана тартып, дүйім жұртты таң қалдырады.

1937 жылы 75 жасында Дина Алматыға тұңғыш келіп, құдыретті өнерімен бүкіл республикаға ден қойғызады. Ол осы сапарында халық өнерпаздарының Бүкіл Қазақстандық байқауында бірінші орын алып, «Домбыраның Жамбылы» атанады. 1944 жылы 83 жасында Орта Азия Республикасының қатысқан жарысында  да жеңімпаз атанады.

Дина қазақтың күйшілік өнеріне өшпес із қалдырған біртуар дарын. Егер оның күйшілік бастау алған тегін іздеу керек болса Дәулеткерей мен Құрманғазыға қарай бұру керек. Екі ұлы күйшіден сусындаған Динаның өзіндік өрнегін тапқан күйші. Динаның күйлері: «Ана бұйрығы», «Әсем қоңыр», «Байжұма», «Кішкентай», «Бұлбұл», «Сегізінші март», «Жігер», «Жеңіс», «Тойбастар» «Қосалқа», «Науаи» т.б

Дина шешей дүниеге күй тартып келіп, сол жарық дүниемен күй тартып қоштасқан жан.

1955 жылы қайтыс боларынан сәл бұрын өмірлік серігі домбырасын алдырып, аялай сипап Құрманғазының «Қайран шешем» күйінің кіріспесін тартады. Әрі қарай саусақтары икемге келмей күйді көкірегінде жаңғыртқан күй анасының үлкен жүрегі соғуын тоқтатады.

Ол ұзын саны 26 күй шығарған екен. Соның барлығын үйреніп, күйтабаққа түсірген Қазақстанның халық артисі, өмірден ерте кеткен дәулескер күйші Қаршыға Ахмедияров болатын.

Белгілі композитор, Дирижер профессор Айтқали Жайымов Дина шешемізге арнап, сол кісінің күй тарту мәнерімен «Күй ана» деген күйін шығарды. Бұл күйді қазір белгілі домбырашы Айгүл Үлкенбаева орындап жүр.

Динаның өмірі мен шығармашылығына арнап 1983-84 жылдары «Қазақтелефильм бірлестігі», «Мұрагер мұраты» атты 2сериялы көркем фильм жасап шығарды.

Әуе лайнеріне қазақтың атақты күйші композиторы, Қазақ КСР халық артисі Дина Нүрпейісованың аты берілді.

Сергіту сәті:

Сәйкестендір:

Қазанғаптың күйлері                                        «Өкініш», «Жұмыр қылыш»

Құрманғазының күйлері:                                «Жем суның тасқыны», «Көкіл»

Дәулеткерейдің күйлері                                  «Той бастар», «Науаи»

Махамбеттің күйлері                                       «Құдаша», «Көрғұлы»

Динаның күйлері                                             «Ақсақ киік», «Саранжап»

Динаның күйі: «Науаи» Күйді үнтаспада тыңдау.

Сабақты дамыту: «Науаи» күйінің шығу тарихымен таныстыру. 1944 жылы Ташкентте Орта Азия Республика музыкасының онкүндігі өтті. Осы онкүндікте Динаның орындаушылық шеберлігіне қатты риза болған музыка сыншысы А .Островский: «Оны домбыра тартудағы шеберлігі адам сенуге болмайтын ғажайып құбылыс» деп бағалады. Дина бұл күйін өзбек халқының ұлы ақыны Әлішер Науаиге арнап шығарған. Күйдің ішкі құрылысынан, музыкалық тақырыбынан өзбек халқының сазымен қатар, орыс халық әндерінің әуендеріне ұқсас буындар мен ырғақтар құлаққа анық шалынады.

Басқа бір деректерде бұл күйдің атауын «Ұршық төкпе» деп те атаған деседі. Жалпы «Науаи» әуенге бай орындаушыдан асқан шебарлікті қажет ететін әсем туынды.

Дина төкпе дәстүріндегі қара қағыстарды қолданады.

Дина байқаулардан оралған соң басқа ұлттардың әуеніне еліктеп, күйлер шығарған. Әсіресе қырғыздардың қолды ойнату тәсілдерін шебер пайдалана білген. Сондай-ақ тыңдарманның көңілін өзіне аударту үшін оқыстан күйді тоқтату секілді домбыра қағыстары Динаның тек өзіне ғана тән ерекшеліктер.

Күй 2/4, ¾, 4/4 өлшемдері араласып кездеседі. Төрттік, сегіздік, оналтылық ноталар кездеседі. Әртүрлі лигалар, сондай-ақ оң қолдағы қағыстар түрленіп отырады.

Бірыңғай төмен қағыстармен ойнау

Оң олды сілтеп қағу

Қағыссыз алу. Перне бойын айналдыра қағу​

Квинтоль (лат guntus бесінші) –үш немесе төрт нотаның орнына келетін бес нота.

Сабақты бекіту:

Ой толғаныс

Ойын «Кім жылдам?»

Шарты: Тақтада жазылып тұрған жылдарға үстел үстіне дұрыс жауаптарды тауып, жанына тез орналастыру.

Дина Нүрпейісованың өмір сүрген жылдары?

  1.  

Алматыға тұңғыш қай жылы келді?

  1.  

Қай жылы орта Азия өнерпаздарының сайысына қатысты?

  1.  

Дина жайлы «Мұрагер мұраты» атты кинофильм қай жылы түсірілді?

  1.  

Сабақты қорыту:

«Киіз үй

Жиналған жұрт күй тыңдаған.

Күйші отыр ағытылып сыр тұнбадан

Күйімен айналаны сиқырлаған

Қолынан айналайын былқылдаған», -деп ақын жырлағандай Дина әжеміздің күйлерінің орындау мәнері ерекше. Күй ата – бабаларымыздың сан ғасырдан жалғасып келе жатқан мол мұрамыз.

Үйге тапсырма: Динаның күйі: «Науаи» Күйді үзбей ойнау.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Дина «Әсем қоңыр»
Күй анасы Дина
Садуақас күйімен жұмыс
Күй атасы-Құрманғазы, Күй анасы-Дина.
Қазағымның қазынасы-домбыра
Атақты күйшілер
Атақты күйшілер
Дәстүрлі күйшілік өнер
Әйгілі күйші, композитор Қазанғап Тілепбергенұлы
Саз- зергері Қазанғап
Бөлім: Уроки / Бастауыш сынып | Көрсетілім: 4740 | Қосты: Ауашова Ақбөпе | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык