Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz



Сабақтың тақырыбы: Қыс

Сабақтың мақсаты:  
1. Модуль бойынша өткен зат есім туралы теориялық білімдерін практикамен ұштастыру, «Қыс» тақырыбы бойынша әңгіме құрастыру шеберліктерін қалыптастыру.
2. Сөздік қорын молайту, сөйлем құрастыру, өз ойларын тиянақты жеткізу дағдыларын арттыру.
3. Оқушыларды Отанды сүюге, табиғатты аялауға, ұйымшылдыққа баулу.
Сабақтың түрі: бекіту
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, кластер құру, сұхбат алу, тілдесім әрекеттік жалғастыру.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
- Құрметті оқушылар, сабақты жақсы тілектермен бастағалы тұрмын. Қолдарыңнан ұстап бір-бірлеріңе қарап жақсы тілек айтыңдар. («Сәттілік тілеймін, бес ал, жақсы жауап бер»)
Бір кезде есікті ирби қағып:
- Кешіріңіздер 6 «Б» сыныбы ма? 
Балалар:
- Иә!
Ирби: 
- Сәлеметсіздер ме, балалар! Мен «Азиада жеткіншектері» журналына мәлімет жинақтап жүрмін. Елімнің барлық мектептерін аралап, бүгін сендерге жеттім. Азиадаға қазақ тілін меңгеруде қандай үлес қосып жатқандарыңды қыс туралы не білетіндеріңді көріп, суретке түсіріп алайын деп едім.
Мұғалім:
- Олай болса, өте жақсы. Қош келіпсіз!
ІІ. Сабақтың мақсатын айту.
- Бүгін де әдеттегідей топпен жұмыс істейміз. Сабақты ұлттық ойында қолданатын асық арқылы бағалаймын. Қай топ көп асық жинаса, сол топ жеңімпаз болады. Дәптерлеріңді ашып, бүгінгі күнді, тақырыбымызды жазып қойыңдар.
 
ІІІ. Биыл Қазақстан үшін атаулы жыл болып саналады, өйткені VІІ халықаралық қысқы ойындар біздің елімізде өтеді. Оған күнделікті теледидар, газет –журналдардан куә болып отырмыз.
 
Тапсырма
І топ. Азиада туралы слайд арқылы мәлімет. Алаудың қайдан, Қазақстанның қанша қалаларын аралап Астанада қай күні тоқталатыны жайлы мәлімет. (3 оқушы жауап береді. 
ІІ топ. Азиада сөзін септейді, сойлем құру.
ІІІ топ. Азиада сөзіне морфологиялық талдау, сөйлем құру.
ІV.  Грамматика бойынша сұрақ- жауап
- Зат есім дегеніміз не? Мысалы.
- Құрамына қарай нешеге бөлінеді? Мысалы
- Тұлғасына қарай неше түрге бөлінеді? Мысалы
- Мағынасына қарай?
- Түрі? Мысалы.
- Дәптермен жұмыс. Тақтадағы берілген зат есімдермен сөйлем құру.Мысалы: Мен, Отан, Аяз-ата, адамдар, спортшылар, балалар, шана, шаңғы, Азиада
- Мен Отанымды сүйемін. Мен Қазақстанда тұратынымды мақтан етемін. Азиада менің елімде болады. 
V – Балалар, қазір мен өлең шумағын ақимын, сіздер тақырыбын анықтайсыңдар. Мұқият тыңдаймыз.
Ақ киімді денелі ақ сақалды,
Соқыр, мылқау танымас тірі жанды.
Үсті-басы ақ қырау түсі суық,
Басқан жері сықырлап келіп қалды.
«Қыс», Абай Құнанбаев
- Бұл өлеңді кім жазды?
- Иә, қазақ халқының ұлы ақыны Абай, жыл мезгілдері туралы «Қыс» өлеңі.
- Ал, енді осы «Қыс» сөзін айтқанда қандай ой келді?
- Олай болса әр топ өз ойларыңызды мына қағаз бетіне кластер ретінде жазыңыздар.
- Сонан соң әңгіме құрып, оқисыздар.
- Қыс  туралы туралы қандай өлең білесіздер? Мәнерлеп өлең оқу.
VІ. Сұхбат құру. Әр топ қыс туралы сұхбат сұрақтарын дайындайды. І –ІІ, ІІ- ІІІ, ІІІ- І, топқа сұрақ дайындайды. 
Әр топтан бір-бір оқушы шығып келесі топтан сұхбат алады. 
- Сізге «Қыс» жыл мезгілі ұнайды ма?
- Иә, ұнайды.
- Қысқы табиғат ұнайды ма?
- Иә, қыста орманда жүрген қандай тамаша!
VІІ. Келесі аудирование арқылы тілдесім әрекетін жалғастыру. Тыңдайды, жалғастырады. Тақтаға шығып айтады. әр топқа тапсырма.
І топ тыңдайды. – Ту, қазір жаттығуға баруым керек еді, шаңғым сынып қалды, енді қайттім?
ІІ топ Биыл бізде қар жоқ. Конькиді қайда тебеміз?
ІІІ топ. Далада қар жауып кетті, бас киім алмап едім, енді қайттім?
VІІІ. Сабақты қорыту.
- Балалар, бүгнігі сабақта не білдік?
- Не үйрендік?
- Құрметті, Ирби, біздің балалардың жауабы ұнады ма?
- Иә, балалар, қазақ тілін жақсы меңгеріп жатырсыңдар. Сендерге көп рахмет!
- Сау болыңыздар!
ІХ. Үй тапсырмасы «Қыс» туралы ертегі оқу.
Х. Бағалау.
 

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Сабақтың тақырыбы: Қызықты қыс
Қайталау
Абай Құнанбаев «Қыс», сын есім
Қыс
Ақпарат көздері
Қыс қызығы
Қысқы ауа райы
Сын есім
Сын есім
Бастауыш
Бөлім: Уроки / Қазақ тілі | Көрсетілім: 2707 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык