Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бөлім: Уроки / Қазақ тілі |
Көрсетілім: 2744 |
|
|
|
Сын есім
Сабақтың тақырыбы: Сын есім
Сабақтың мақсаты: Білімдік: Сын есім туралы берілген білімді қайталау.
Дамытушылық: Ойлау,есте сақтау қабілетін арттыру, сөздік қорын молайту, сөйлеу мәдениетін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды табиғаттағы, тіршілік иелерінің әсемдік әдемілік сипаттарын тануға, оларды қорғауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі:қайталу сабағы
Әдіс тәсілі: ойын, сұрақ жауап
Көрнекіліктер: кесте, таратпа материалдар, сурет.
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу, кезекшімен жұмыс.
2. Өткен сабақты пысықтау.
-Қанша сөз табы бар?
Зат есім Сын есім
Етістік Сан есім
Зат есім : Кім? Не? Кімдер? Нелер? Оқушы, кітап
Етістік: Не істеді? Қайтты? Не қылды? Жүрді, оқыды
Сын есім: Қандай? Қай? Әдемі, қызықты
3. Қызығушылықты ояту.
(танымдық сұрақтар)
1. Жаз 3. Қыс
2.Күз 4. Көктем
( Топқа байланысты өлең айтқызу)
1топ.Жаздыгүн шілде болғанда,
Көгорай шалғын, бәйшешек
Ұзарып, өсіп толғанда;
Күркіреп жатқан өзенге
Көшіп ауыл қонғанда;
2Топ. Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан,
Күз болса, дымқыл тұман жерді басқан.
Білмеймін, тойғаны ма, тоңғаны ма?
Жылқы ойнап, бие қашқан, тай жарысқан.
3 топ. Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,
Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды
Үсті – басы ақ қырау, түсі суық
Басқан жері сықырлап келіп қалды.
4топ. Мал семірер, ақ пенен ас көбейер
Адамзат көңілі өсіп, көтерілер
Қара тастап басқаның бәрі жадырап,
Бір сараңнан басқаның пейлі енер.
Осы өлеңнің ішінен қандай? Қай? Деген сұраққа жауап беретін сөздерді таптырып тақтаға орындату.
Сын есім
Қай? Қандай?
Ақ, суық, соқыр, мылқау т.б.
4.Танымдық тапсырма:
Суық, ызғар, ыстық, боран, жаңбырлы, салқын, дымқыл, жылы.
Осы сөздерге байланысты сөйлем құрау.
7. Кестені толықтыру: түсі дәмі
8.Сабақты қорытып, білімдерін рейтинг жүйесі бойынша бағалау.
9.Үйге: Көлеміне, сапасына, түсіне байланысты сын есімдерге сөйлем құрастыру.
Рейтинг жүйесі бойынша бағалау
№ тапсырма Өткенді қайталау Танымдық сұрақтар Танымдық тапсырма Әңгіме құрау Топтастыру Ұпай саны
топ 5 ұпай 3 ұпай 5 ұпай 3 ұпай 3 ұпа
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
|
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |