Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бөлім: Уроки / Қазақ тілі |
Көрсетілім: 5842 |
|
|
|
Еңбек құқығы, Түйіндеме, Диалог құрастыру
Еңбек құқығы, Түйіндеме, Диалог құрастыру
2- модуль. «Жұмыс»
Сағат саны:10 сағат
Модульдің құрылымы.
№ Кіріспе Сабақ саны Модульдің мазмұны Уақыт
1 Кіріспе 1 сабақ 1.Модульдің құрылымымен таңыстыру.
2. Жұмысқа орналасу(өтініш, түсініктеме жазу)
3. Жай,тәедді септеу.
4. Бекіту 90 минут
2 2 сабақ 1.Еңбек құқығы.
2. Түйендеме.
3. Диолог құрастыру. 90 минут
3 3 сабақ 1.Еңбек ттуралы мақал- мәтелдер.
2.Мақал-Мәтелдермен жұмыс.
3.Жеке-топпен жұмыс. 90 минут
4 4 сабақ 1.Жұмысқа орналасу үшін құжаттар түрлері.
2. Грамматикалық жаттығулар.
3.Сөздік жұмыс. 90 минут
5 Нәтиже сабақ 5 сабақ 1.Жүппен жұмыс.
2.Үш деңгейлі кестелермен жұмыс. 90 минут
Оқушы нені білуі тиіс:
• Тақырып бойынша жаңа сөздер мен сөз тіркесін білу;
• Жай септеу және тәуелді септеудің айырмашылығын білу;
• Іс қағаздармен жұмыс істей білу;
• Жеке құжаттарды, ақпараттық-анықтамалық құжаттарды және олардың ерекшеліктерін білу.
Оқушы нені үйрену керек:
• Өзара сөйлеуді үйрену;
• Сөздерді тәуелді түрде септеуді, оларды дұрыс қолдана білуді үйрену;
• Іс қағаздарды дұрыс, сауатты жазуға дағдылану;
2 сабақ- Еңбек құқығы.
Сабақтың эпиграфы:«Еңбек шаһар түзетеді,
Еңбексіздік оны жүдетеді.»
Сабақтың мақсаты:
а) білімділік. Еңбек туралы алған білімдерін пысықтау, мамандығы бойынша сауатты сөйлеуге дағдыландыру, «ой қозғау» тәсілдер бойынша оқушылардың танымдылықтарын, өз бетімен әрекеттену дағдысын дамыту, өз мамандығы бойынша жаңа сөздерді меңгеру, пәнге деген қызығушылығын арттыру.
ә) дамытушылық. Оқушылардың қазақ тілінде еркін сөйлеуді, еңбекке баулу, ойлау қабілетін дамыту.
б) тәрбиелік. Қазақ тіліне деген сүйішпеншілігін арттыру, сауаттылыққа, алғырлыққа, ұйымшылыққа тәрбиелеу.
Әдіс- тәсілдер: сұрақ- жауап,әңгімелеу, іздендіру.
Сабақтың типі: аралас сабақ, жұппен жұмыс.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ.
Пәнаралық байланыс: салалық экономика негіздері, көлік заңнамасының және құқық негіздері, іс- қағаздарын жүргізу сабақтары.
Техникалық құралдар түрлері: интерактивті тақта.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі: Біріңғай талап пен оқушылардың сабаққа даярлығын тексеру, зейіндерін сабаққа аудару,(аутотреннинг жаттығу)-оқушылардың бір-бірімен және сәлемдесуі, сабақ процесінде бір-біріне сәттілік тілуі.
2. Өткен тақырыпты еске түсіру: Интерактивті тақтада өтініштердің бір неше үлгілерін беру, оқушылар берілген талап бойынша дұрыс жазылғанын табу.
3. Негізгі бөлім. «Еңбек құқығы»
Еңбек ету құқығы азаматтардың негізгі құқықтарына жатады...
Әркімнің еңбек ету бостандығына қызмет пен кәсіп түрін еркін таңдауына құқығы бар(Конституция, 24- бап).
Конституция мен заңдар адамның қалаған жұмысына орналасуына толық мүмкіндік беріді. Жұмысқа орналасу үшін мазмұнда еңбек шарты дасалады:
• Еңбек ететін адам (еңбекші) белгілі бір ұжымның құрамына енеді немесе белгілі адамға жұмысқа жалданады;
• Еңбек шартында көрсетілген жұмысты орындайды;
• Еңбек тәртібіне, еңбек режиміне бағынады;
• Келісім шартта көрсетілген жұмысты орындағаны үшін жұмыстың саны мен сапасына орай еңбекақы алады; мұнымен бірге еңбекшінің алатын еңбекақысы заңда белгіленген мөлшерден кем болмауға тиіс;
• Ұжым әкімшілігі, жеке жалдаушы жұмыс істеу үшін қалыпты жағдай жасайды;
Еңбек шарты:
1. Белгілі мергімге жасалынады:
2. Мерзімі көрсетілмейді:
3. Белгілі бір жұмысты орындап шығу үшін жасаланады.
Еңбек шартының бір тарабы- жеке адам. Ол өзінің атамен еңбек шартың жасайды, өзінің жеке еңбегімен өз қабылдаған еңбек міндетін орындайды. Еңбекке жалдану үшін адамның еңбек етуге қабілеті болу керек. Өз атқаратын жұмыстың түрін таңдап, өзіне жүктелген міндетті орындауға жауапты болуға тиіс. Еңбек шартының екінші жағы – әкімшілік (мемлекеттік, кооперативтік ұйым, жеке кәсіпкерлік). Осы аталған мекемеге жұмысқа тұру үшін әр азамат өзінің түйіндемесімен таныстырады.
Түйендеме-өмірбаян мәліметтерді ықшам, әрі толық түрде жазылатын құжат.
1. Аты-жөні:
- мекен-жайы
- телефон
- е-mail
2. Жалпы ақпарат:
- Туған жылы, күні, жері.
- Ұлты
- Жынысы
- Отбасы жағдай
- Азаматтығы
3. Жұмыс тәжирибесі:
- фирманның атауы
- мекен-жайы
- лауазымы
4. Білімі (қашан, қай оқу орның бітірді,мамандығы)
-орта
-арнаулы орта
-жоғары
5. Тілді білуі:
6.Компьютерді игеруі:
7. Жеке қасиеттері:
8.Қосымша ақпараттар:
9. Құштарлығы:
10. Ұсыным хат:
Сабақтың қорытындысы(жұппен жұмыс)
Мекеме басшысы сізге мынадай сұрақтар қояды,жауап беріп, сұхбаттасыңыздар(диолог)
- еңбек ету бостандығы дегенді қалай түсінесіз?
- еңбек шартын жасау не үшін қажет?
- еңбек құқығы мен бостандығы туралы конституцияның қай бабында жазылған?
- еңбек шартын жасауға кімдер қатысыды?
- еңбек шарты қандай мерзімге жасалады?
- сіздің тағы қандай құқықтарыңыз бар?
Үйге тапсырма: мына тіркестерді пайдалана отырып сөйлем құраңыздар.
1.Еңбек ету құқығы бар
Адам
Еңбекке қабілетті
Еңбекке жарамды
Еңбекк бостандығына құқығы бар
2. кәсіпкелікпен шұғылдану
Жұмысқа орналасу
Еңбек шарты
Әкімшілікпен келісу
Бағалау. Оқушыларды еңбектеріне қарай, артық- кемшіліктерін айта отырып бағалау
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |