Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Жаттығу жұмыстары


Жаттығу жұмыстары

      Қазақ тілі пәнінен қысқа мерзімді жоспар.8-сынып                                                        

Сабақтың тақырыбы:

Жаттығу жұмыстары

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:   Қарсылықты  бағыныңқылы  сабақтас пен қарсылықты салаластың айырмашылықтары мен ұқсастықтарын ажырата білуге үйренеді.ережесімен, жасалу жолымен танысады. Білімдерін жаттығу жұмыстарын орындау арқылы шыңдайды.

Дамытушылық: Танымдық қызығушылығын арттыра отырып, шығармашылық қабілеттерін дамытады.

Тәрбиелілік:  Топпен жұмыс жасай біледі, бір-бірін сыйлайды, көмектеседі.

 

Күтілетін нәтиже

Қарсылықты салалас пен қарсылықты бағыныңқылы сабақтасты салыстыра отырып, оның жасалу жолындағы айырмашылықтары мен ұқсастықтары  туралы білімдері қалыптасады. Талдау жұмысын жүргізу шеберлігі қалыптасады. Дүниетанымы кеңейеді, пәнге деген қызығушылығы артады, шығармашылық қабілеттері дамиды.

 

Сілтеме

8-сынып қазақ тілі оқулығы , 134-136 беттер,

 

Сабақта қолданылатын материалдар:

      1.  Оқулық                           4. АКТ    

2. Жетондар                       5. Дискуссиялық карта

3. Ереже жазылған кесте  

Оқыту әдістері:

СТО

Ой қозғау

Оқыту үшін бағалау

1.топтық жұмыс

2.талдау жұмысы

 

Сабақтың барысы.

І. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылардың  зейінін  сабаққа аудару, оқушыларды түгендеу, 2 топқа бөлу,  топ ережесін еске түсіріп, іліп қою.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

1. Дискуссиялық картаны толтыру.

2.  Үй жұмысын тексеру

130 – жаттығу

ІІІ. Жаңа сабақ

 Сөйлемді талдау  арқылы жаңа сабақты ашу.

 

ІҮ.  Тапсырма

1-топ  Қарсылықты салаластың ерекшеліктерін топтастыр.

2-топ  Қарсылықты бағыныңқылы сабақтастың ерекшеліктерін

           топтастыр.

3-топ  Екі ережеге байланысты ұқсастықтарын  топтастыр.

Ү. Сергіту сәті

Қимыл қозғалыс жаттығуын жасау

ҮІ. Пысықтау

131-жаттығу

Төмендегі қарсылықты салаласты  сабақтас құрмаласқа айналдырып жазыңдар.

Шығармашылық тапсырма

Видео ролик   «Тіл – ұлттың басты негізі»

21 ақпан Халықаралық ана тілі күні туралы әңгіме жүргізу.

«Тілім – алтын қазынам» ой толғау жазу.

ҮІ.  Бағалау

Оқушылардың білімін бағалау

ҮІІ. Үй тапсырмасы

 

Қарсылықты бағыныңқылы сабақтасқа байланысты  4 сөйлем құрап жазу.

Бір сөйлемді сатылай кешенді талдау  жасау.

ҮІІІ  Кері байланыс

Бір тілек

 

 

 

Сабақ бойынша мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:

І. Ұйымдастыру кезеңі

 

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

 

      

 

   Оқушылардың зейінін сабаққа аудару, түгендеу. 

Құрмаластың үш түрі жазылған қиманы таңдату арқылы оқушыларды топқа бөлу.Әр топтың өздеріне топ басшысын сайлату.

Топ ережесін құру.

Ана тіл – асыл қазына,                                                                                       Байлығың білсең, ол сенің.                                                                                Жеткізер өмір жазына,

Сонымен өсер өркенің, - деп ақын ағаларымыз жырлағандай,   тілдің тазалығын сезінетін кезекті қазақ тілі сабағымызды бастаймыз.

   Құрмалас сөйлемнің үш түрін  таңдаулары бойынша 3 топқа бөлініп, орындарына отырады

Өздері топ басшысын сайлайды7

 ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

Әр топқа дискуссиялық картаны тарату, тапсырманы орындату. Тапсырма  орындалғаннан кейін бір-біріне бағалату.

130-жаттығуды тексеру

    Дискуссиялық картадағы тапсырманы  орындап болған соң, бір-біріне жауаптарын тексертеді, бағалатады.

 

ІІІ. Жаңа сабақ

Тақырыпты ашу

    Тақтаға бір сөйлем жазып, сөйлемнің сабақтастың қай түріне жататынын анықтауды тапсырады.

Жаңа сабақтың тақырыбын дәптерлеріне жаздыртады.

 

    Сөйлемді  анықтап, жаңа сабақтың тақырыбын ашып, дәптерлеріне жазады.

Тапсырма

 

Топқа тапсырма береді.

1.Қарсылықты салаластың ерекшеліктерін топтастыр.

2.Қарсылықты бағыныңқылы сабақтастың ерекшеліктерін топтастыр.

3. Екі ережеге байланысты ұқсастықтарын  топтастыр.

Оқушылар топ болып берілген тапсырманы орындайды, қорғайды.

 

ІҮ. Сергіту сәті

Тренинг ұйымдастырады

Тренингке қатысады

Ү. Пысықтау

 131 – жаттығу

 Қарсылықты салаласты сабақтас құрмаласқа айналдырып жазыңдар деп тапсырма береді.

Шығармашылық тапсырма

«Тіл – ұлттың басты негізі» тақырыбында видео ролик ұсынады.

21 ақпан «Халықаралық ана тілі күні»  туралы әңгімелейді.

«Тілім алтын қазынам» тақырыбында ой толғау жазуды тапсырады.

131-жаттығудың мәтінін оқиды, талдайды. Берілген тапсырманы орындайды.

Видео роликті көреді, талдайды.

«Тілім – алтын қазынам» тақырыбында ой толғау жазады.

ҮІ. Қорытынды

Сабақты қорытындылайды.

Сұрақ – жауап арқылы

Оқушылар жауап береді

Кері байланыс

Стикерлерге сабақтан алған әсерлері туралы жазып, «Тілек ағашына»жапсыруға тапсырма береді. 

Тақтада ілулі тұрған «Тілек ағашына» сабақтан алған әсерлері туралы жазылған стикерлерлерін жапсырады.

 

ҮІІ. Үй тапсырмасы

Қарсылықты бағыныңқылы сабақтасқа байланысты 4 сөйлем құрап келуді және бір сөйлемді сатылай кешенді талдау жасауды  тапсырады.

 

Тапсырмаларды мұқият тыңдап, түртіп алады.

ҮІІІ. Бағалау

 

Сабақ барысында алған балдарын қорытып, бағалау

Сабақта алған бағаларын күнделіктеріне қойдырады.

 

 

 

 


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Жаз деген... сабақ жоспары қазақ тілі 7 сынып
Қарсылықты салалас құрмалас сөйлем
Талғаулы салалас құрмалас сөйлем
Түсіндірмелі салалас құрмалас сөйлем
Кезектес салалас құрмалас сөйлем
Сабақтас құрмалас сөйлемнің түрлері
Қарсылықты бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем
Мезгіл бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем
Кезектес салалас
Сабақтас құрмалас сөйлем
Бөлім: Уроки / Қазақ тілі | Көрсетілім: 13525 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык