Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Жыл мезгілдері


Жыл мезгілдері

Сабақтың тақырыбы: Жыл мезгілдері

Сілтеме: Тақырыпты – күнтізбелі жоспар, сабақ жоспары,интерактивті тақтадағы слайдтар, электрондық оқулық   «Қазақ тілі» оқулығы. Қайырбекова. А.  Алматы «Атамұра» – 2005 жыл
Жалпы мақсаты:  «Жыл мезгілі» тақырыбы бойынша оқушылардың сөздік қорын қалыптастыру, сөз тіркестерін және сөйлемдер құрап үйрету, сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтау. Тақырыпты шынайы өмірмен ұштастыру.  Оқушыларды коммуникативтік қарым – қатынасқа түсуге жетелеу және байланыстыра сөйлеу дағдысын қалыптастыру. Жеке, жұппен, топпен жұмыс істей білуге баулу. Жыл мезгілдерінің ерекшеліктерін әңгіме ету. Жыл мезгіліне байланысты киіну мәдениетін қалыптастыру.          
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақтадағы слайдтар, видео, карточкалар, электрондық оқулық, бағалау парағы
Әдіс – тәсілдер: Сұрақ – жауап, жұптық жұмыс, топтық жұмыс, ұжымдық жұмыс, сыни ойлау тұрғысынан үйрету
Оқыту нәтижесі: Сөйлемдерде сөздерді дұрыс  қолдана білу, бірін  - бірі тыңдай білу,  тапсырмаларды орындай білу 
Түйінді идеялар: Өз ойларын қорыта білу, түсіндіре білу, оқушыларды тілдесімге жетелеу
Сабаққа дайындық:
Достық қарым – қатынас, түсіністік Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз,
Құрметпенен сіздерге
Сәлем бердік біз.
Тапсырмалар: 1. Сыныпты түрлі – түсті қағаздар (ақ, жасыл, қызыл, сары) бойынша топқа бөлу.  Электрондық оқулықтан жыл мезгілі туралы мәтін тыңдау.
2. Әр топ сызба бойынша әңгіме құрайды.
3. «Сұрақ - жауап» ойыны.
         Сергіту сәті:
Тербеледі ағаштар
Алдымнан жел еседі
Кіп – кішкене ағаштар
Үп – үлкен боп өседі.
 
4. Шығармашылық жұмыс.
 
5. Сұраққа жауап беріңдер.
 
6. Сөздермен сөйлем құрау. 1. Әр оқушыға әр түрлі қағаздар (ақ, жасыл, қызыл, сары) таратамын, олардың қандай жыл мезгіліне қатысы бар екенін сұраймын. Интерактивті тақтадан жыл мезгіліне байланысты мәтін тыңдап, талдау.
2.  1- топ «Қыс», 2- топ «Көктем», 
3 – топ « Жаз», 4 – топ «Күз» тақырыбына сызба бойынша  әңгіме құрайды.
3.Әр топ бір – біріне сұрақ қояды.
4. Оқушылар  жыл мезгіліне байланысты өлең оқиды.
5. Әр жыл мезгіліне байланысты сұрақтарға жауап беру.
6. Сөздерді өрбітіп, сөйлем құрау.
Қосымша тапсырма:   Әр топ өздерінің мәтіндерін мазмұндау. «Қазақ тілі» оқулығы  Қайырбекова. А  Алматы  «Атамұра» – 2005 жыл
Қосымша оқу: Жыл мезгілі туралы мәтінді оқу.
 
Сабақтың тақырыбы: Жыл мезгілдері
Сабақтың мақсаты: 
Білімділік:  «Жыл мезгілі» тақырыбы бойынша оқушылардың сөздік қорын қалыптастыру, қарапайым сөз тіркестерін және сөйлемдер құрап үйрету, сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтау. Тақырыпты шынайы өмірмен ұштастыру. 
Дамытушылық:.  Оқушыларды коммуникативтік қарым – қатынасқа түсуге жетелеу және байланыстыра сөйлеу дағдысын қалыптастыру. Жеке, жұппен, топпен жұмыс істей білуге баулу.
Тәрбиелік:  Жыл мезгілдерінің ерекшеліктерін әңгіме ету. Жыл мезгіліне байланысты киіну мәдениетін қалыптастыру.          
Сабақтың көрнекілігі:  Жыл мезгілі туралы суреттер,  видео, сызбалар,  электрондық оқулық, үлестірме қағаздар, оқулық.
Әдіс – тәсілдер: жұптық жұмыс, топтық жұмыс, жеке жұмыс, ұжымдық   жұмыс
Сабақтың барысы:  
I Ұйымдастыру кезеңі:
Сәлемдесу
Сабаққа дайындық:
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз,
Құрметпенен сіздерге
Сәлем бердік біз.
 
Фонетикалық, лексикалық жаттығу:
Бүгін нешесі?
Аптаның қай күні?
Қазір жылдың қай мезгілі?
Көктем айлары қандай?
II. Сабақтың мақсаты, барысы:
 
Сабақ басында оқушыларға түрлі – түсті қағаздар таратылады. (ақ, жасыл, қызыл, сары). Сол түрлі – түсті қағаздардың неге таратылғандығы, сабақтың мақсаты туралы сұрау. Ал енді тақтаға назар аударайық. Мұқият болыңдар, ойланыңдар.
 
 
III Үй жұмысы: 
Сұрақтарға жауап беру:
Бір жылда неше мезгіл бар?
Оларды ата.
Бір жылда неше ай бар?
Оларды ата.
Жыл мезгілі туралы суреттер.
Бүгінгі сабағымызды қазақ тілі пәнінің мұғалімі Гүлшат Сиырбаевна бағалайды. 
Сонымен бүгінгі сабағымызды мына өлеңмен бастаймыз:
Қыс құнар береді,
Көктем дән себеді.
Жаз баптайды, күтеді,
Күз жинайды, тереді.
Интерактивті тақтадан жыл мезгілі туралы суреттер көрсетіліп, электронды оқулықтан мәтін тыңдатылады. Сол мәтін бойынша лексикалық сұрақтар қойылады.
 
Дәптерлеріңді ашыңдар.
Бүгінгі күнді жазыңдар.
Әр топқа сызба таратылады, сол сызба бойынша әңгіме дайындайды, оқиды.
 
«Сұрақ - жауап» ойыны арқылы сол жыл мезгілдеріне байланысты бір – біріне сұрақ қояды, жауап береді.
 
Жеке жұмыс ( Биньковская Даша мен Колесников Юра)
 
Сергіту сәті
Тербеледі ағаштар
Алдымнан жел еседі
Кіп – кішкене ағаштар
Үп – үлкен боп өседі.
 
Шығармашылық жұмыс:
Кейбір оқушылардан жыл мезгілі туралы өлеңдер сұрау.
 
Ұжымдық жұмыс:
Келесі сұрақтарға жауап беріңдер:
Көктемде адамдар қандай киім киеді?
Жазда адамдар қандай киім киеді?
Күзде адамдар қандай киім киеді?
Қыста адамдар қандай киім киеді?
 
 Сабақты бекіту:
Әр топ мүшелерінің таңдауы бойынша сөйлем құрастырады.
Сабақ соңында Гүлшат Сиырбаевна бағалайды.
Үй жұмысы:  Жыл мезгілдері туралы мәтіндерін әңгімелеу

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Жыл мезгілдері.
Менің қалам. Сұраулық шылаулар
Жыл мезгілдері
Қысқы ауа райы
Мұхит аралда
Құнанбаев Қыс
Қасым Аманжолов Көктем
Жыл мезгілдері
Жыл мезгілдері
5 сынып. Қысқы киімдер.
Бөлім: Уроки / Қазақ тілі | Көрсетілім: 8741 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык