Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » 5 сынып. Қысқы киімдер.


5 сынып. Қысқы киімдер.
Өткізу мерзімі 15.01. 2015
Сынып 5 А, Б
Тақырыбы: 89-сабақ. Қысқы киім.
Мақсаты: Жаңа сөздерді меңгерту, тапсырмаларды орындату. Ойлау қабілеттерін дамыту, сөйлеу тілдерін жетілдіру. Қазақ тіліне деген сүйіспеншіліктерін ояту, пәнге қызығушылығын арттыру.
Әдісі: әңгімелесу, сұрақ – жауап.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі
Амандасу, түгендеу.
Қазір қай жыл мезгілі?
Қазір қай?
Аптаның қай күні?
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
1-тапсырма. Өлеңді мәнерлеп оқып, жаттау.

Ұшан – теңіз қалың қар,
Жерді басып, жабады.
Мұздай демі бет қарып,
Аяз аузын ашады.


ІІІ. Жаңа сабақ.

Сөздік
тымақ - шапка бөкебай - шарф
мойын – ше етік – сапоги

2-тапсырма. Сурет бойынша деңгейлік тапсырмаларды орындаңдар.
ІІІ деңгей Суреттерді пайдаланып, сөз тіркестерін құрастырыңдар.
ІІ деңгей Суреттерді пайдаланып, сөйлем құрастырыңдар.
І деңгей «Қысқы киім» тақырыбына әңгіме құрастырыңдар.

3-тапсырма. Мына сөздерге барыс септік жалғауларын дұрыс жалғап жазу. Бірнеше сөйлем құру.
Бас, аяқ, қолы, қыс, шана, қолғап, киім, бала, оқушы, тымақ, бөкебай.
4-тапсырма. Қазақ тіліне аударыңдар. Зимняя одежда, теплая шапка, тепло одеваются, одевают варежки, валенки, одевают шубу, зимние сапоги.

Жазамыз 5-тапсырма. Өлеңдерді түсініп оқып, еріндік, езулік дауыстылары бар сөздерді теріп жазу.

Қар жауып тұр себелеп,
Қалтыраған бауларға...
Бейне құйттай көбелек
Қонып жатыр талдарға.
Ауланы тез күрейік,
Аққаланы үйейік.
Есігінен қораның
Кіре алмасын бораның. (С.Жиенбаев)

IV. Бағалау.
-Еріндік, езулік дауыстыларды еске түсіріңдер. Мысалдар келтіріңдер.
V. Үй тапсырма:
1-тапсырма. Диалогты оқып, өзара сөйлесіңдер.
- Қыста күн салқындайды, адамдар қалай киінеді?
- Адамдар жылы киінеді.
- Басына не киеді?
- Басына жылы тымақ киеді.
- Ал аяғына не киеді?
- Адамдар аяғына жылы етік, бәтеңке киеді.
- Мойнына не тағады?
- Мойнына жылы бөкебай тағады.
- Адамдар үстіне не киеді?
- Адамдар үстіне қыстық тон, пальто киеді.
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Ұлттық киімдер. Тымақ тігу.
Бөрік.
«Қыс қызықтары»
Ұлттық киімдер. Тымақ тігу.
Жыл мезгілдері
Ұлттық киім
Қыста. Тіл дамыту
Киіз үй
Қысқы ауа райы
"Қысқы орманға саяхат" технологиялық картасы

Автор Танабаев Сакен Нуркешевич

"Шахтинск қаласы әкімдігінің №1 гимназиясы" КММ

Бөлім: Материалы / Қазақ тілінен ашық сабақтар | Көрсетілім: 2665 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
Авторлық бағдарлама
Коучинг жоспарлары
Мектеп әкімшілігі
Мектептен тыс мекемелер
Сыныптан тыс жұмыс
Оқушымен жұмыс
Тәрбие сағаты
Ата-аналармен жұмыс
Қосымша жинақтар
Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар
Қазақ тілінен ашық сабақтар
Әдебиеттен ашық сабақтар
Открытие уроки по русскому языку
Уроки литературы
Ағылшын тілінен ашық сабақтар
Биологиядан ашық сабақтар
Химиядан ашық сабақтар
Физикадан ашық сабақтар
Математикадан ашық сабақтар
Информатикадан ашық сабақтар
Тарихтан ашық сабақтар
Географиядан ашық сабақтар
Адам және қоғам пәнінен ашық сабақтар
Психологиядан ашық сабақтар
АӘД пәнінен ашық сабақтар
Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар
Құқықтан ашық сабақтар
Экономикадан ашық сабақтар
Музыкадан ашық сабақтар
Технологиядан ашық сабақтар
Дене шынықтыру пәнінен ашық сабақтар
Сызу сурет пәндерінен ашық сабақтар