Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері


Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері

Сабақтың тақырыбы: Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері

Сабақтың мақсаты:
• Білімділік: оқушыларға рәміздер жайлы мағлұмат беру, еліміздің негізгі белгілері болып табылатын мемлекеттік рәміздермен таныстыру, олардың маңызын түсіндіру, рәміздер тарихымен таныстыру.
• Дамытушылық: рәміздер жайлы білімдерін дамытуға көмектесу. Олардың маңызын түсіндіру арқылы өз бетімен түсіну қабілеттерін дамыту, шығармашылық әрекеттерін жетілдіруге көмектесу.
• Тәрбиелік: мемлекеттік рәміздердің маңыздылығын түсіндіре отырып оны құрметтеуге үйрету, рәміздерді әрқашанда қастерлеп мақтан тұтуға шақыру, Отанға, елге деген сүйіспеншілігін арттыру, патриоттық, азаматтық рухқа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас
Әдісі: интерактивті
Пәнаралық байланыс: құқық, әдебиет,бейнелеу.
Көрнекілік: мемлекеттік рәміздер (Елтаңба, ту, әнұран), Қазақстан картасы. 
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Үй тапсырмасы.
Ұйымдастыру кезеңінен кейін   үй тапсырмасын сұраймын. Алдымен   жалпы өткен тақырып бойынша екі-үш оқушыдан мазмұнын сұраймын.  
Оқушыларды тыңдағаннан кейін   өткен тақырыпты қорытындылаймын. Тақырыптың негізгі мәселелеріне тоқтала отырып, Конституцияның маңызын тағы да оқушылардың естеріне саламын. Сөз арасында   өткен тақырыпты жаңа сабақпен байланыстырамын.
III. Жаңа сабақ.
Жаңа сабақтың тақырыбы мен жоспарын тақтаға жазып қоямын. Оқушыларға рәміздермен олардың бастауыш сынып кезінен таныс екенін естеріне салып, сабақтың негізгі мақсатымен таныстырып өтемін.
Тақырыпты төмендегі жоспар бойынша түсіндіремін.
1. Рәміз белгілер ұғымы.
2. Қазақ елінің рәміз белгілерінің тарихы.
3. Қазақстан Республикасының рәміздері.
Жаңа сабақты оқушыларға сұрақ қоюдан бастаймын.
Рәміз дегеніміз не?
Көрнекі құралдарды қолдана отырып әлемдегі барлық мемлекеттерде өздерін айқындайтын, бір-бірінен ажырататын белгілі бір нышан белгілері болатынын айтамын. Оны рәміз деп атайды. Рәміздердің қатарына елтаңба, ту, әнұран жатады. Осыдан кейін   оқушыларды қызықтыра отырып, рәміздер қандай жағдайда қолданысқа енетінін түсіндіремін. Мәселен, мемлекеттің туы шетелде елбасы сапары және олимпиада жеңімпаздарын марапаттаған кезде көтеріледі. Сонымен қатар осы жағдайда әнұран да ойналады.
Оқушылардың назарын мынаған аударамын: «геральдика» - елтаңбаларды зерттейтін, «виксикология» - туларды зерттейтін ғылым.
Бұдан кейін жоспардың екінші бөлімі бойынша әңгіме түрінде түсінік беріп өтемін. Түсіндіру бағыты:
 Түркі кезеңіндегі рәміз-белгілер, таңбалар.
 «Бөрілі байрақ» туы.
 «Таңбалы тас».
 Қазақ хандығының белгінышандары.
 Ру таңбалары.
 Үран.
 Кеңестік Қазақстанның рәміздер тарихы. 
    Осы бағытпен оқушыларға жан-жақты баяндап беремін. Арасында оқушыларды да әңгімеге тартамын.
Оқушыларға қызықты болу үшін бұрынғы кездегі әр рудың таңбалары мен ұрандарын жаздырамын.
Найман тайпасының ұраны - «Қабанбай», Албанның ұраны - «Райымбек», Керей тайпасының ұраны - «Ақ-жол» т.б.
Жоспардың үшінші бөлімі бойынша   түсінік беремін.
 Елтаңба - авторлары Ш.Уәлиханов, Ж. Мөлібеков. 1992 жыл.
 -Ту- авторы Ш. Ниязбеков. 1992 жыл.
 - Әнұран - авторлары Ж. Нәжімеденов, Н. Ә. Назарбаев, әні Ш. Қалдаяқов.
Өздік жұмыс.
 Оқушыларға рәміз белгілерді, немесе аттары жазылған қағаздар таратамын.
Олар: елтаңба, ту, әнұран.
Оқушылар оларға сипаттама жасайды. 5-10 минуттан кейін    жазғандарды жинап алып, үш оқушыға көрнекі құралдарды пайдалана отырып талдап айтқызамын.
Қорытынды кезең
Өткен сабақты бекіту мақсатында төмендегідей сұрақтарды қоямын:
1. Рәміз дегеніміз не?
2. Мемлекеттік рәміздер қандай жағдайда колданылады?
3. «Таңбалы тас» туралы айт.
4.  «Бөрілі байрақ» жайлы не білесіңдер? Неге солай аталады?
5.  ҚР елтаңбасы мен туы қандай жағдайда қабылданды?
6. Әнұран жайлы не білесіңдер?
Оқушылардың жауабын жалпылама толықтырып, бүгінгі тақырыпты қысқаша қорытындылап шығамын. 
Бағалау:
Үй тапсырмасы:
1.  57-параграфты оқу.
2.  Рәміздер жайлы мәліметтер жинау


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Мемлекеттік Рәміздер
Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері
Қазақстан Республикасының рәміздері
Сәулет ескерткіштері
Қазақстандықтар Ленинград және Мәскеу үшін шайқастарда
Ғарышты игеру
Тәуелсіз Қазақстанның Ата Заңы
Ұлттық теңге-мақтанышымыз
Астана-Қазақстанның бас қаласы
Бүгінгі Қазақстан
Бөлім: Уроки / Тарих | Көрсетілім: 5109 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык