Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Сәулет ескерткіштері


Сәулет ескерткіштері

Сабақтың тақырыбы Сәулет ескерткіштері

Сабақтың мақсаты: 
• Білімділік: оқушыларға жалпы сәулет өнері туралы түсінік бере отырып Қазақстандағы орта ғасырлардағы сәулет өнерінің дамуы, тарихи ерекшелігі жайында мәліметтерді ұғындыру.
• Дамытушылық: Қазақстандағы сәулет өнері туындыларынан нақты мысалдар келтіре отырып оқушылардың танымдық қабілеттерін арттыру.
• Тәрбиелік: орта ғасырлардағы сәулет өнерінің туындыларын қазіргі замандағы архитектураның озық үлгілерімен салыстыра отырып, оқушылардьщ сәулет өнеріне деген сүйіспеншілігін арттыру, эстетикалық тәрбие беру.
 Сабақтың түрі: аралас
Әдісі: интерактивті
Пәнаралық байланыс: география
Сабақтың көрнекілігі: Қазақстан картасы, Қожа Ахмет Йасауи кесенесі, Айша бибі мазарының суреттері. Қазіргі заманғы архитектура үлгілерінің суреттері, Астана, Алматы қалаларындағы сәулетті ғимараттар суреттері.
Сабақтың барысы:  I. Ұйымдастыру кезеңі. II. Үй тапсырмасын тексеру.
Үйге берілген 37-параграфтың мазмұнын айтқызып, оқушыларға сұрақтар қоямын. Ыбырай жайлы үйде жазған әңгімелерін екі оқушыға оқытып бес минуттық әңгіме өткізу. Бұдан кейін   қысқаша үй тапсырмасын қорытындылаймын.
III. Жаңа сабақ.
Жаңа сабақтың тақырыбын тақтаға жазып, негізгі мақсатымен оқушыларды таныстырып өтемін. Бір плакатқа «Сәулет өнері - архитектура» деп жазып тақтаға іліп коямын. Сонымен қатар көрнекі құралдар арасынан Қожа Ахмет Йасауи кесенесі мен бүгінгі күнгі сәулетті құрылыс суретін тақтаға қатар іліп қоямын.
   Осы суреттерге байланысты  оқушыларға сұрақ қоямын.
1.  Мына қүрылыстар жайлы не білесіңдер?
2.  Осы құрылыстардың салыну тәсілінің ерекшелігі неде деп ойлайсыңдар?
3.  Құрылыстарды осылай әдемі салу тәсілін қалай атайды?
Сұрақтарға жауап алғаннан кейін  оқушылардың назарын аудара отырып тақтадағы суреттер арқылы жаңа тақырыпты таныстырып өтемін. Ерте кездегі және қазіргі замандагы әдемі құрылыстардың ерекшелігін айта отырып, осындай әсем кұрылыс салу өнерін архитектура немесе сәулет өнері деп атайтынын түсіндіремін.
Дәптерге жаздыру. Архитектура - ежелгі грек тілінен аударғанда үй салу деген мағынаны береді.
Сабақ жоспары:
1. Сәулет өнерінің тарихы.
2. Орта ғасырдағы сөулет ескерткіштері.
3. Қазіргі заманғы сәулет өнері.
Осыдан кейін  жоспар бойынша тақырыпты қыскаша түсіндіруге кірісемін. Сәулет өнерінің тарихы өте тереңде жатыр. Адам баласының алғашқы баспанасы табиғи үңгірлер, жартас, тау қуыстары болған. Ауа райының үнемі өзгеріске ұшырауы және адам баласының біртіндеп жетіле түсуі ерте кездің адамдарына жаңа өмірге лайық баспана салуды қажет етті.
Сонымен адамдар баспананың жаңа түрін салып, оны біртіндеп жетілдірді.
Баспана салуға шикізат ретінде табиғи тас, ағаштарды пайдаланды.
Жоспардың екінші бөлімін түсіндірмес бұрын бір-екі оқушыға «Орта ғасырдағы сәулет ескерткіштері» тақырыпшасын дауыстап оқытып түсінігін айтқызамын.
Бұдан соң   оқушыларға Қожа Ахмет Йасауи кесенесі, Айша бибі мазары, Бабаджа қатын кесенесі, Қарахан кесенесі, Жошы хан мазарының көбейтілген суреттерін таратып беріп жұптасып осы ескерткіштерге қатысты сөздер және әңгіме құрастыруды тапсырамын.  Кемінде төрт оқушыға жазғандарын оқытамын да басқа оқушыларға толықтыртып талдатамын.
Оқушылардың талдауынан кейін қысқаша түсіндіріп өтемін.
Орта ғасырда Қазақстан жерінде өз заманына лайықты құрылыстар көптеп салынған. Қазақстан аумағының Ұлы Жібек жолының бойында орналасуы қалалардың көптеп салынуына және де сәулет өнерінің өсіп-өркендеуіне үлкен әсерін тигізген. Отырар, Түркістан, Тараз, Сайрам, Сығанақ т.б. қалаларда керуен сарайлары, мешіт, кесене, монша сияқты ортағасырлық құрылыстар тұрғызылған. Әрине олардың көбі бүгінгі күнге дейін жеткен жоқ. Сақталғандары өте аз.
Көрнекі құралдарды пайдалана отырып олардың кейбіреуі жайында түсінік беріп етемін.
1. Қожа Ахмет Йасауи кесенесі.
2.  Айша бибі мазары.
3.  Бабаджа қатын кесенесі.
4.  Жошы хан мазары.
   Жоспардың үшінші бөлімі бойынша оқушыларды үш топқа бөлемін. Осы үш топқа қазіргі заманғы Қазақстан қалаларындағы сәулет өнер озық туындылары болып табылатын құрылыс суреттерін беріп, ой жинақтап ақылдасуға, шағын түсінік жазуға уақыт беремін (Астана, Алматы қалаларындағы құрылыстар т.б.). Үш топтан бір оқушыдан шығып суретті тақтаға іліп ортақ ойларын айтады. Келесі екі топ мүшелеріне тақтадағы оқушыға сұрақ бергіздіремін.
Суреттерді пайдалана отырып түсінік беремін. Онда қазіргі заманғы сәулет өнерінің озық үлгілері жайлы айтып, оны ерте замандағы тарихи құрылыстармен салыстыра отырып түсіндіремін. Адамзат баласының өркениетке жетуі осындай зәулім құрылыстарды тұрғызуға мүмкіндік берді. Сәулет өнері қазіргі кезде өте биік белеске жетті т.б.
Қорытынды:
«Сәулет өнері» деп оқушыларға дәптерлеріне жаздырып екі-үш сейлеммен өз ойларын қорытындылауды тапсырамын.  Өткен тақырыпты қысқаша қорытындылап өтемін. Онда сәулет өнерінің тарихына, ерекшелігіне, қазіргі кездегі жағдайына тоқталамын. Ерте кезден қазіргі уақытқа дейінгі құрылыс салу ісінің дамуына қысқаша шолу жасаймын.
Бағалау:
Үй тапсырма:          38-параграфты оқу.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Қазақстанның ХIV – XV ғасырлардағы сәулет өнері
Сәулет ескерткіштері
Сәулет өнері және құрылыс
Қазақстанның ХIV – XV ғасырлардағы сәулет өнері
Архитектура және өнер (ҮІ-ІХғғ)
Наурыз мейрамы
Сәулет өнері
Қазақстанның ХIV – XV ғасырлардағы сәулет өнері.
Архитектура және өнер
XIV-XV ғасырлардағы Қазақстан мәдениетінің дамуы. Қазақстанның XIV-XV ғасырлардағы сәулет өнері.
Бөлім: Уроки / Тарих | Көрсетілім: 6343 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык