Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Халықтың ауызекі шығармашылығы


Халықтың ауызекі шығармашылығы

Сабақтың тақырыбы Халықтың ауызекі шығармашылығы

Сабақтың мақсаты:
• Білімділік: ауызекі шығармашылық туралы, тарихты жазудағы орны жайында мәлімет бере отырып, халқымыздың ауызша шығармаларын насихаттап, шежіренің маңызын, қырларын ашу.
• Дамытушылық: өз ойларын еркін жеткізе білу дағдыларын қалыптастыру, тілдік қорларын дамытуға жәрдемдесу, танымдык ой-өрістерін дамыту.
• Тәрбиелік: халықтың бай шығармашылық өнеріне деген құрмет сезімін қалыптастыру, тарихи-шығармашылық дәстүрге баулу, тарихи әңгімелер арқылы қызығушылықтарын арттыру.
Сабақтың түрі: аралас
Әдісі: интерактивті
Пәнаралық байланыс: география
 Көрнекілік: Ш. Уәлиханов, М. Ж. Көпейұлы портреттері.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі. 
II. II. Үй тапсырмасын сұрау.
Үй тапсырмасын тексеру мақсатында   сұрақтар беремін:
1. Дала әуендері дегенді қалай түсінесіңдер?
2.«Адам дүниеге әнмен келіп о дүниеге әнмен аттанады» деген сөздің мағынасын түсіндір.
3.  Әншілер мен күйшілер бұрынғы кезде неліктен халыққа өте жақын болған?
4.  Қазақтың қандай ұлттық музыка аспаптарын білесің? Оларды неден жасайды?
5.  Күйлерді қандай күйлер деп бөледі? Неге олай атайды?
6.  Қазақтың әнші, күйшілерінің ішінен кімді ерекше атайсың? Оның себебін түсіндір.
  Дәптерлеріне жазған әншілер мен күйшілердің шығармаларын тексеріп шығып, бірнеше оқушыға оқытып бағалап отырамын.
Үй тапсырмасын қорытындылап, өткен сабақтан алатын өнегелеріміздің көп екенін ескертіп өтемін.
II. Жаңа сабак.
   Сабақтың тақырыбы мен жоспарын тақтаға жазып, мақсатымен таныстырып өтемін. Сабақты түсіндіруде төмендегідей жоспар құрып аламын.
Сабақ жоспар:
1. Ауызша тарих - ежелгі дүние айнасы.
2. Көне мұралар.
3. Шежіре
Жоспар бойынша түсіндірмес бұрын оқушыларға сұрақ қоямын.
Тарихты біз қалай оқып, білеміз?
Оқушылардың жауабын тыңдаған соң   одан әрі  толықтырып өтемін.
Тарихты біз негізінен үш түрлі дерек арқылы біле аламыз:
1.  Заттай дерек (археологиялық зерттеу).
2.  Жазбаша дерек.
3.  Ауызша дерек (аңыз, өңгіме, жыр, фольклор т.б.).
  Сабақты ретімен түсіндіреді.   Ауызша тарих - бізге дейін жеткен рухани мұра. Біздің ата-бабаларымызда тарихты, өткен оқиғаны ауызша айту дәстүрі өте ерте кезден қалыптасқан, және де оны үнемі дамытып отырған.
Ауызша тарих:
 эпос,
 аңыз,
 шежіре т.б.
Ауызша деректер жазу пайда болғанға дейінгі кезде адамдардың тарихын, өз білгендерін, бастарынан кешкендерін кейінгі ұрпаққа қалдырудың ең басты құралы болған. Өте ерте кездегі тарихи оқиғалардың көбі дерлік бізге ауызша тарихи деректер арқылы жеткен.
Ең алғаш жаратушы туралы аңыздар пайда болса, кейіннен батырлар туралы эпостық жырлар дүниеге келген.
Ауызша тарихты зерттеуде Ш. Уәлиханов, М. Көпейұлы, М. Тынышбяев сияқты белгілі ғалымдар мол үлес қосқан. Халық аузындағы аңыздарды, жырларды, шежірелерді жинақтап, қағаз бетіне түсірумен айналысқан ғалымдар бірқатар нәтижеге жеткен. Мысалы, Ш. Уәлиханов «Манас» эпостық жыры мен «Қозы Көрпеш - Баян сұлу» жырларын қағаз бетіне түсірген.
Тас бетіне түсірілген тарих ретінде белгілі Орхон-Енисей жазулары, ондағы Күлтегін, Бумын қаған, Тоныкөк құлпытастардағы жазу бүгінгі күнге дейін жеткен ірі тарихи мұра. Әлемге әйгілі «Одиссея», «Илиада», «Манас» т.б. жыр-поэмалар алдымен ауызша тарап кейіннен барып қағазға түсірілген.
Ауызша тарих айтудың бір түрі ол - шежіре. Шежіре Қазақ халқының шығу тегін ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп келе жатқан көне ғылым. Кейінгі кезде XIX ғасырдың аяғында шежіре қағаз бетіне түсіріле бастады. Шежірені зерттеуде, оны кейінгі ұрпаққа жеткізуде М.Көпейұлы, М.Тынышбаев, Ш.Құдайбердиев сияқты ойшыл ғұламалар көп еңбек сіңірген.
Оқулықпен жұмыс.
Тақырыпты бірнеше оқушыларға дауыстатып оқытып сыныппен бірігіп талдаймыз.
Қорытынды кезең:
Сұрақтар:
1.  Ауызша тарих дегенді қалай түсінеміз?
2.  Ерте кездегі тарихи оқиғалар қазіргі кезге қалай жетті?
3.  Қандай көне мұралар, жыр-эпостарды білесіңдер?
4.  Шежіре дегеніміз не?
5.  Қазақ халқында ауызекі шығармашылық қалай дамыған?
Оқушылардың жауабын толықтыра отырып тақырыпты қорытындылаймын. 
Бағалау:
Үй тапсырмасы.
1.  42-параграфты оқу.
2.  Эпостық жырларды тыңдап немесе оқып келу.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Қазақ халқының наным-сенімдері
Тарих пәні туралы
Тарихтың қайнар көзі – деректер
Өлкетану дегеніміз не?
Қазақ халқының шешендік сөз өнері
Қазақ даласындағы ән-күй өнері
Қазақ халқының наным-сенімдері
Қазақ халқының материалдық мәдениеті
Ғарышты игеру
Қазақ халқының наным-сенімдері.
Бөлім: Уроки / Тарих | Көрсетілім: 5379 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык