Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Қазақ халқының шешендік сөз өнері


Қазақ халқының шешендік сөз өнері

Сабақтың тақырыбы Қазақ халқының шешендік сөз өнері

Сабақтың мақсаты:
• Білімділік: қазақ халқының шешендік сөз өнерінің қыр-сырын түсіндіру, қазақ тілінің байлығын, құдіреттілігін, сонымен қатар Қазақ халқының рухани мәдениетінің ерекшелігі жайында мағлұмат беру.
• Дамытушылық: өз ойларын түйіндей білуге үйрету, тарихи әңгіме жаздыру арқылы негізгі ойларын ықшамды түрде жаза білу дағдыларын қалыптастыру, тілдік қорларын дамыту;
• Тәрбиелік: жүйелі түрде сөйлеуге, шешендікке баулу, тілдік қорларын дамыту, ана тілінде таза сөйлеуді насихаттау, қазақ тіліне деген құрмет, сүйіспеншілікті ояту.
Сабақтың түрі: аралас
Әдісі: интерактивті
Пәнаралық байланыс: география
 Сабақтың барысы:  
I. Ұйымдастыру кезеңі. 
II. Үй тапсырмасын сұрау.
«Қазақтың ұлттық мерекелері», «Наурыз» деп тақтаға жазып қойып, сынып оқушыларының көпшілігін қатыстыра отырып әңгіме өткізу. Әңгімелесу барысында көбінесе тақырыпқа қатысты проблемалық сұрақтарды қоя отырып, оқушылардың қазақ халқының ежелден келе жатқан ұлттық мерекелері, сонымен қатар наурыз мерекесі жайында оқушылардың жеке көзқарастарын білемін. Барлығын тыңдап болған соң мұғалім  үй тапсырмасын қорытындылап жаңа сабаққа кірісемін.
III. Жаңа сабақ.
Жаңа сабақтың тақырыбын тақтаға жазып, оқушыларды сабақтың негізгі мақсатымен таныстырып емін.
Тақта ортасында «Өнер алды- қызыл тіл» деп жазылған плакатты іліп қоямын.
Содан кейін оқушыларға қағаз таратып, осы қағаздарына плакаттағы жазуға байланысты әрқайсысына үш сөзден жазуды тапсырамын. Жазып болған қағаздарын айналдыра плакатқа жапсырамын. Осы сөздердің кейбіреуін дауыстап оқып беремін. Оқушылардың жазғандарының ішінен аталған нақыл сөзге жақынырағын таңдап алып, жазған оқушыдан мағынасын сұраймын. Оқушылармен бірлесе отырып плакатқа жазылған сөздерді пайдалану арқылы ортақ талқыға саламын.
Оқушыларға төмендегідей сұрақтар қойылады:
1. Сөз өнері дегенді қалай түсінесін?
2. Қазақ тілінің қандай касиеті бар деп ойлайсың?
3. Шешендік өнер қалай қалыптасады деп ойлайсың? 
 Сұрақ  берген оқушылар жауабын тыңдап, олардың ойын білгеннен кейін   жаңа сабақты түсіндіруге кірісемін.
Қазақ тілі әлем халықтарының тілдерінің ішіндегі ең бай тілдердің бірі. Мұны бір кездері белгілі шығыстанушы ғалым, түркітанушы В. В. Радловтың өзі мойындап кеткен. Атақты ғалым қазақ тілінің құдіретін Еуропадағы ғажап тілдердің бірі француз тілімен салыстырған. Осындай бай тілге иелік еткен қазақ халқында сөз өнері, оның ішінде шешендік өнер барынша жақсы дамығаны белгілі. Бұрынғы кезде қазақ халқында сөздің жүйесін тауып сөйлеу, орынды сейлеу өзінше бір өнер саналған. Шешендік өнер жалпы алғанда адамға жас кезінен, балалық шақтан бастап қалыптасады. Жас кезінен бастап шебер сөйлей білу, сезді орынды қолдану жалпы қазақ халқына тән ерекше қасиеттердің бірі болып саналған.
Тақтаға Аяз би, Алдаркөсе, Жиренше деп жазып, оқушылардан олар туралы не білетінін сұраймын. Оқушылар жауабын тыңдаған соң   оны толықтыра отырып түсіндіремін.
Бұлар ерте кезден бастап қазақ халқының шешендік өнерінде өзіндік орны бар кейіпкерлер болып саналады. Аталған кейіпкерлер негізінен аңыз-ертегілерде кездеседі. Осындай әдеби кейіпкерлер арқылы шешендік сөздер қазіргі күнге дейін жетіп отыр.
Осыдан кейін   оқушылардың дәптерлеріне Асан қайғы, Төлеби, Қазыбек би, Әйтеке би, Бұхар жырау сөз  жазғызып, бұл жайлы не білетіндерін естеріне түсірулерін тапсырамын.
Оқушылардың айтқандарын тыңдап болғаннан кейін, аталған тарихи тұлғалар туралы оқушыларға қысқаша айтып беремін.
Қазақ халқында «бұрынғы билер мен шешендерден қалды» деген асқан шеберлікпен айтылған, қазақ тілінің байлығын паш еткен қанатты сездер өте көп. Бір ғана XV ғасырда ғұмыр кешкен атақты ойшыл Асан қайғының өзі артына, келер ұрпаққа тағылымы мол сөздерді көп қалдырған. Төле, Қазыбек, Әйтеке билер өздерінің шешен де мірдің оғындай сөздерімен қазақ елін сыртқы жаулардан қорғауда, ел арасында ауызбіршілікті сақтап мемлекеттің іргесін берік ұстауда мол үлес қосқанын біз өткен сабақтардан білеміз.
Тақтаға төмендегідей сөздерді жазамын:
 «Сөз тапқанға қолка жоқ».
 «Сөз сүйектен өтеді».
Бұл мақалдың мағынасын оқушылардан сұраймын. Оны   одан әрі толықтырып негізгі мағынасын түсіндіріп өтемін.
Қорытынды кезең.
Қорытындылау үшін   оқушыларға түрлі сұрақтар қоямын:
1.  Қазақ тілінің құдіреттілігі дегеніміз не?
2.  Қазақ халқының мәдени өмірінде шешендік сөз өнерінің алатын орны қандай?
3.  Шешендік адамда қай кезден бастап қалыптасады деп ойлайсың?
4.  «Тілінің майын тамызып», «Тілі мірдің оғындай» дегенді қалай түсінесіңдер?
Бүгінгі сабақтан біз өзімізге қажетті не алдық?
Бағалау:
Үй тапсырмасы:. 40-параграфты оқу. Қазақ тілі, сөз өнері жайында мақал-мәтелдер жазып келу.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Қазақ халқының шешендік сөз өнері
Қазақ билері
Наурыз мейрамы
Қазақ даласындағы ән-күй өнері
Халықтың ауызекі шығармашылығы
Қазақ ұлттық шешендік өнерінің ерекшеліктері
Шешендік сөздер өміршеңдігі
Қазақтың би-шешендері
Шешен билер. Ашық сабақ
Шешендік сөздер
Бөлім: Уроки / Тарих | Көрсетілім: 2757 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык