Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Қазақ хандығының құрылуы


Қазақ хандығының құрылуы

Сабақтың тақырыбы Қазақ хандығының құрылуы

Сабақтың мақсаты:
• Білімділік. ХІV-ХV ғ-да қазақ жерінде қалыптасқан этносаяси қауымдастықтардың Қазақ хандығының құрылуына негіз болғандығы және қазақ, жүз, алты алаш ұғымдары жөнінде білім беру.
• Дамытушылық. Қазақ, алаш атаулары жөніндегі пікірлер мен болжамдармен таныстыра отырып, оқушы-лардың танымдық кабілеттерін дамыту.
• Тәрбиелік. Ел тарихын, жер тарихын, әулет тарихын білуге, құрметтеуге, елін сүюге тәрбиелеу. 
Сабақтың түрі: аралас
Әдісі: интерактивті
Пәнаралық байланыс: география
Көрнекілік:
1. Жошы хан күмбезінің суреті.
2. Алаша хан күмбезі.
3. Таңбалыжардағы тас бетіндегі рутайпалардың таңбалары.
4. ХҮ-ХҮІІІ ғ. Қазақстан картасы. 
Сабақ барысы.   I. Ұйымдастыру кезеңі.
   ІI. Үй тапсырмасы.
Үй тапсырмасын өткен сабақтағы параграфтың соңындағы сұрақ-тапсырмалар негізінде сұрап шығады. 4-тап-сырма бойынша оқушылардың ата-аналарының көмегімен жазып алып келген «Алаш» ұғымы туралы шағын әңгімелерін тексеріп, 2-3 оқушының үй тапсырмасы ауызша оқылып, талданады.
Жаңа сабақтың жоспары:
1.  «Қазақ» атауының шығуы туралы болжамдар мен пікірлер.
2. Алтын Орданың қазақ мемлекеттінің құрылуында атқарған рөлі.
3. Қазақ хандығының күрылуы.
4. Қазақ жүздерінің пайда болуы.
Жаңа тақырыпты меңгеруде  сыныпты №1,М2,№3,№4 нөмірленген оқушыларға бөлемін. Сонда бір топ, яғни үй тобы №1,№2,№3,№4 нөмірленген 4 оқушыдан кұралады. Жаңа сабақты меңгеруде мұғалім осы нөмірленген бірдей санды оқушыларды бір топтарға біріктіреді. Әр №-ге төмендегі үлгідегідей тапсырма беріледі. Ол үшін оқушылар дәптерлерін 4-ке бөледі.
№1 «Қазақ» атауының шығуы. №»2 Алтын Орда мемлекетінің Қазақ хандығының құрылуындағы рөлі.
№3 Қазақ жүздерінің пайда болуы. №4 Қазақ хандығының құрылуы.

Нөмірленген оқушылар бірігіп өздеріне берілген тапсырманы мұқият орындап, өз үй тобында түсіндіріп беруі керек. Есте сақтау үшін жазып алуға болады. Оқушылардың тапсырмамен жұмысты жеңілдетуі үшін төмендегі сұрақтар тізімін құрамын
№1.
1. Алғашқыда әлеуметтік мағына берген «Қазақ» ұғымын қалай түсінесің?
2. Қазақ атауы қалыптасқанға дейін Алтын Орда мемлекетінің құрамында өмір сүрген және қазақ халқына негіз болған тайпаларды қалай атады?
3. Алаш тайпалары кімдерден бөлініп, Шу өзені бойына көшіп барды? Оларды бастап барған кімдер?
4.  Моғолстанға көшіп келген алаш көшпелілері, енді қалай атала бастады?
Ол сөз қандай мағынаны білдіреді?
5. «Қазақ» термині тараған аумақты атап, картадан көрсетіңдер.
6.  «Қазақ» терминінің толық орнығуы кай ғасырларда аяқталды?
№2
1. Қазақ хандығы тарихында ерекше орын алған мемлекет. Оның негізін салған кім?
2. Жошы хан туралы кандай ертегіні білесіңдер? Жошы хан күмбезі қайда орналасқан?
3.  Жошы хан каза болғаннан кейін, оның иелігін кім иеленді?
4. Алтын Орда халқын қалай атады?
5. Алтын Орда қай ғасырда дағдарысқа ұшырап, нәтижесінде не болды?
6. Ақ Орда мемлекеті қалай пайда болды? Онда кімнің ұрпақтары билік етті?
№3
1. Әбілқайыр мемлекетінің қүрамында кандай Ұлыс, рулар мекендеді? Оларды қалай атады?
2. Әбілкайыр кім?
3. Қай жерде Әбілқайыр хандығынан бөлінген қазақ рулары ел боламыз деп, тасқа ез руларының таңбасын қашап белгіледі?
4.Үйсін бастаған Ұлы жүздің мекендеген аумағы.
5. Орта жүзді қүраған ірі рулар.
6. Кіші жүз Қазақ жерінің қай аумағын мекендеді?
№4
1. Алтын Орда ыдырағаннан кейін, оның құрамындағы ру-тайпалардың жағдайы қандай болды?
2. Қазақ хандығы қашан құрылды?
3. Қазақ хандығы қалай пайда болды? Оның құрамындағы тайпалар бұрынғы қай мемлекеттің құрамына енген еді?
4. Қазақ хандығының негізін салған хандар кімдер?
5. Алғашқы казақ хандығы пайда болған аумақты картадан көрсетіңдер.
6. Қазақ хандығының орнығуы кай кезеңде жүзеге асты? Осылайша оқушыларға кестені толтыруды жеңілдетуге болады.
  Бекіту:
 Нөмірленген оқушылар тапсырманы орындап болған соң өз үй тобына қайтады. Онда олар кезек-кезек өздерінің реті бойынша басқа оқушыларға түсіндіріп, жазғызады. Жалпы сыныптың бұл тапсырманы қаншалықты дұрыс орындап, жаңа тақырыпты бекіту үшін «Ішіне» және «Сыртына» кестесін толтыртқызамын.  
Бағалау:
Үйге тапсырма.28-параграфты окып келу. Қазақ хандығы пайда болған аумакты контур картаға түсіру.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Қазақ хандығының құрылуы
ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН НЫҒАЮЫ
Қазақ хандығының құрылуы
Хақназар хан тұсындағы Қазақ хандығы
XIV ғасырларда және XV ғасырдың бірінші жартысындағы қазақстан аумағындағы хандықтар
Қазақ хандығының құрылуы
XIV ғасырларда және XV ғасырдың бірінші жартысындағы Қазақстан аумағындағы мемлекеттер
Қазақ хандығының қалыптасуы мен нығаюы. Қазақ хандығы
Қазақ хандарының тарихынан
Қасым хандығы
Бөлім: Уроки / Тарих | Көрсетілім: 5858 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык