Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Қазақ хандарының тарихынан


Қазақ хандарының тарихынан

Сабақтың тақырыбы Қазақ хандарының тарихынан

Сабақтың мақсаты: 
• Білімділік. Хан басқарған мемлекеттік басқару жүйесінің ерекшелігі, ханның атқаратын қызметі және Қазақ хандығының коғамдык саяси құрылысымен таныстыра отырып, аты аңызға айналған Кенесарыға дейінгі қазақ хандарының қызметіне баға беру.
• Дамытушылық. Қазіргі Қазақстан Республикасы мен Қазақ хандығының мемлекеттік басқару жүйесін салыстырып, ерекшеліктерін таба білуге үйрету.
• Тәрбиелік. Қазақ хандарының ұлт мемлекеттігінің негізін салуы мен нығайту жолындағы ерлікке толы еңбектеріне баға бере отырып, олардың Қазақ хандығын жауға бермей, ұлан-ғайыр жерді ұрпаққа мұра етіп қалдыруда атқарған қызметін үлгі етіп, жастардың бойларына сіңіру.
Сабақтың түрі: аралас
Әдісі: интерактивті
Пәнаралық байланыс: география
Көрнекілік:
1. Қазақ хандары. Абылай хан, Кенесары хандардың портреттері.
2. Қазақ хандығы құылғаннан Қазақстанда хандық биліктің жойылғанға дейінгі кезеңдері сипатталған жеке карталар. Кесте.
Сабақтың барысы.   I.Ұйымдастыру кезеңі. II.Үй тапсырмасы.
Үйге берілген тапсырмаларды   төмендегі сұрақтар негізінде тексеремін. Сұрақтарды сыныпты екі нұсқаға бөліп таратамын.
І-нұсқа.
1. «Қазақ» деп алғашқыда кімдерді атады?
2. Алтын Орда мемлекетінің негізін салушы хан.
3. Жошы хан күмбезі кайда орналасқан?
4.1227 жылы Жошы өлгеннен кейін, оның Ұлысын кай балалары иеленді?
5. Алтын Орда мемлекетінің халқын қалай атады? Ал-тын Орданың ыдырауы кай ғасырда жүрді?
6. Қазақ хандығының негізін құрған хандарды атаңдар.
7.  М. Ж. Көпеев Қазақ халқының және мемлекетінің пайда болуын аты аңызға айналған қай ханның есімімен байланыстырады?
ІІ-нұска.
1.  Ақ Орда мемлекеті қалай пайда болды?
2.  Орда Ежен ұрпақтарынан Ақ Ордадағы билікті 1428 жылы кім тартып алды?
3.  Әбілқайырдың билігін мойындамаған рулар Шу өзені бойына көшіп болашақ қай мемлекеттің негізін салды?
4.  Ұлы жүз тайпалары қай аймақты мекендеді?
5.  Алаш тайпалары бұрын қай мемлекеттің құрамында өмір сүрген?
6.  Ш. Құдайбердиевтің «Шежіресі» бойынша Алтын Орда мемлекетінің өзбек, Қазақ, ноғай болып бөлінуінің себебі неде?
7.  Қазақ хандығының орнығуы ңай ханның есімімен байланысты?
Жаңа сабақтың жоспары:
1.  Хан-ел билеушісі.
2. Қазақ хандығының қоғамдық құрылысы.
3. Аты аңызға айналған қазақ хандары. Алаша хан.
4. Уыз хан.
5. Жошы хан.
6. Орда Еженнен тарайтың қазақтың Ұлы хандары. Қазіргі кезде дүние жүзінде 200-ден аса мемлекет бар.
Республика - мемлекет басшысы белгілі бір мерзімге сайланатын халықтық басқару түрі.
Монархиялық - әкеден балаға мұра ретінде берілетін, мемлекетті бір әулеттің басқару түрі.
Бүгінде монархиялық тәртіп сақтаған мемлекеттер әлі де бар. Сол сияқты XIX ғ-ға дейін қазақ елінде монархиялық жүйе сақталып мемлекетті Шыңғысханнан тарайтын төре ұрпақтары басқарды. Қазақ билік жүйесін кестенің көмегімен түсіндіремін.
 ХАН
 СҰЛТАН
 БИ
 АҚСАҚАЛ
 АУЫЛБАСЫ
 БАТЫРЛАР
 ТӨЛЕҢГІТТЕР
Осы кестенің негізінде олардың қызметіне қысқаша тоқталып өтемін немесе өздеріне тапсырма беремін.
Сабақтың келесі сатысында қазақ хандарының тарихына тоқталамын. Алаша хан, Уыз хан, Жошы хандардың билік еткен жылдарын дәптеріне жазғызып қояды. Оларды қосымша әдебиеттерді пайдалана отырып, әңгімелеп беремін. Оқушыларға Алаша ханға, Жошы ханға арналып салынған күмбездердің суреті көрсетіледі.
Одан кейінгі Қазақ хандары тақырыпшасын оқушыларға кезек-кезек оқытып, қалған оқушылардан мазмұнын сұраймын. Дәптерге оқушылар «Қасым ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы», «өз Тәукенің «Жеті жарғысы» деп жазып қояды.
Қорытындылау: Қазақ дәстүрінде ірі ұлыстарға билік жүргізген сұлтандарды да хан деп дәріптеді. Дегенмен алтын тақта отырған ұлы хандардың орны жоғары болған. Қазақ халқы хандарын сыйлап ак киізге кетеріп отырған, сонымен бірге Қазақтың хандары караша елін, туған жерін құрметтеген, игі жақсыларын сыйлаған, елге жау келгенде алдымен қарсы тұрған. Хандардың ішінде жауымен жағаласып соғыста қайтыс болғандары да аз емес. 
Бекіту үшін   мына сұрақтарды қоямын:
1. Ханның атқаратын қызметіне баға беріңдер.
2. Хан болу үшін қандай басты талап қойылды?
3. Қазақтың қандай хандарымен, олардың ерлік істерімен таныстыңдар?
Бағалау:         Үйге тапсырма. 29-параграфты оқу.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Қазақ хандығының құрылуы
Қасым хан
Хақназар хан тұсындағы Қазақ хандығы
Қазақ хандығының мемлекеттік-әкімшілік құрылымы
Қазақ хандығының қалыптасуы мен нығаюы. Қазақ хандығы
Қазақ хандығының басқару жүйесі
Қазақ хандығынан Кеңестер билігіне дейінгі Қазақстан
Қазақ хандығының құрылуы
Қасым хан
Қасым хандығы
Бөлім: Уроки / Тарих | Көрсетілім: 5376 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык