Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Ежелгі грек өнері


Ежелгі грек өнері

Сабақтың тақырыбы Ежелгі грек өнері

Сабақтың мақсаты: 
 Оқушыларды ежелгі грек халқының мерекелерімен, ойындарымен, театрларымен, өнерімен, діни нанымдарымен және мифтерімен таныстыра отытыр, оларың ерекшелігі мен  дүниежүзілік маңызын ашып көрсету.
 Бұл сабақтың тәрбиелік мәні ерекше. Сабақта оқушыларға Грекия халқының ежелгі дүниедегі бай мәдени мұрасы жайлы мағлұмат берумен қатар, өнер туындыларын құрметтеу, үйренуге  және оған деген қызығушылығын арттыруға, сондай –ақ эстетикалық тәрбие беруге мүмкіндік туады.
Сабақтың түрі: аралас:
Әдісі: әңгіме, әңгімелесу
Сабақтың көрнекілігі: «Ежелгі Грекия картасы», оқулық суреттер мен «Дидактикалық матриалдар».
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі
 Оқу құралын тексеріп түгелдеу
 Әнұран орындау, «хабар»
Үй тапсырмасын сұрау:
Сабақты оқушылардың ойы мен қызметін дамыту мақсатында «Дидактикалық материалдар» мен «Жұмыс дәптеріндегі» тапсырмалар, кестелер, сөзжұмбақтар бойынша, яғни оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмыстарын ұштастыра отырып жүргіземін.
 Алдымен ежелгі грек халқының мәдениет саласындағы ерекше жетістіктеріне тоқталамын.
   «Грекиялық мерекелер мен ойындар» деген тақырыпшаны түсіндіргеннен кейін, оқулықта берілген матералдармен қатар, «Жұмыс дәптеріндегі » тапсырманы орындатамын.
  «Олимпиялық ойындар» тақырыпшасын оқулық материалы негізінде баяндаймын. Бұл тақырыпшадағы ең маңызды ұғым-«олимпиада». Бұл ұғымды оқушыларға түсіндіру барысында төмендегі сұрақтар бойынша әңгімелесемін:
1. Пелопоннес аймағы Грекияның қай бөлігінде орналасқан?
2. Ежелгі Гректер үшін Олимп қаласы нелектен қасиетті жер болып есептелінді?
3. Қалай ойлайсыңдар, Зевске арналған басты храмның Олимпия жеріне салыну себебі неде?
 Осы мәселені қазіргі кезеңмен байланыстыру мақсатында оқушыларға «Ең соңғы Олимпиадалық ойын қашан, қай мемлекет жерінде болды? Қандай қазақстандық жүлдегерлерді білесіңдер?» деген сұрақтар қоямын.  Содан кейін ең алғашқы Олимпиялық ойындардың  қай жылы болғаны, онда спорттық қандай түрлерінен жарыс өткізілгені туралы әңгімелеймін.   Оқулыққа қоса мына материалдарды қосымша айтамын: Олимпияның ең соңғы күні марапаттау рәсімі болды. Марапаттау рәсімі Зевс храмы алдында жасалды. Храмның алдында алтын мен піл сүйегінен жасалған үстел, ал оның үстіне зәйтүн ағашынан жасалған гүлалқа қойылған. Ежелгі гректер зәйтүн ағашын қасиетті деп санаған. Сондықтан әрбір жеңімпаздың мойнына зәйтүн ағашынан жасалған гүлалқа таққан.
    Марапаттау рәсімінің соңына қарай алаңда мерекелік шерулер ұйымдастырылған. Шеру алдында сарапшылар, одан кейін жеңімпаздар мен бәйгеде жеңіп шыққан аттар жүріп отырған. Олимпиялық ойынның грек  халқы үшін үлкен маңызы болды, ол бүкіл эллиндерді біріктіруге үлес қосты.
   Тақырыпшаны қорытындалау үшін, қазіргі кезде Олимпиада ойындарының жеңімпаздары қалай марапатталатыны және спорттың қай түрінен жарыс өткізілетіні жөнінде оқушылармен әңгімелесемін.
   Оқушылар «Жұмыс дәптеріндегі» 1-тапсырманы өз бетінше орындай отырып, Олимпиада ойындарының бүгінгі таңда қандай дүниежүзілік маңызы бар екенін анықтаймын.
 Ежелгі грек театры туралы тақырыпты түсіндіргенде оқулық мәтінін пайдалана отырып, үш мәселеге тоқталамын. Олар: театрдың пайда болуы, ежелгі Грекия театрының құрылысы, трагедия мен комедия.
 Кіріспе сөзде оқушыларға ең алғашқы театрлардың Грекия жерінде пайда болуы, театр сөзінің «ойын көрсететін алаң» деген мағына беретіндігі тулары айтамын. Театр ежелгі гректердің сүйікті орны болғандығына тоқталамын.
  Театр ұғымын кеңірек айту үшін оқулықта берілген  «Ежелгі Грекия театры» атты суретті көрсетіп, оны қазіргі уақыттағы театрлармен салыстырамын.
   Театрдың пайда болуы туралы оқулықта берілген мәтінді әңгімелеп бергеннен кейін Дионис мерекесіндегі шерулерді бейнелейтін театрландырылған көрініс қою. Бұл көрініс ежелгі Грекия жеріндегі театрдың пайда болуы туралы тақырыпты әсерлі жеткізуге көмектеседі.
   Оқушылар театр құрылысы, яғни театрдың үш бөлігі туралы оқулық мәтінінен  оқып-білген соң, бұл бөліктердің әрқайсысының орналасу ретін дәптерлеріне сыздыруға болады .
  Ежелгі Грекия театрларында қойылған трагедиялық, комедиялық қойылымдар туралы түсінліргенде оқулықта берілген трагедия, комедия терминдерінің мәніне жан-жақты  тоқталамын. Ол үшін оқушылрға төмендегідей сұрақтар мен тапсырмалар беремін.   «Трагедия», «комедия» сөздерінің мәнін түсіндір. Көрермендер трагедиялық қойылымдарды көренде қандай әсер алады? Ал комедиялық спектакьдер көргенде ше? Ежелгі гректерде  қандай трагедиялық, комедиялық шығармалар болған?
        Тақырыпшаны қорыту мақсатында «Жұмыс дәптеріндегі» тапсырмаларды оқушылармен бірлесе орындаймын. Соңынан   грек театрларының дүниежүзілік маңызына тоқталып өтемін. 
  «Гректердің діни нанымдары мен мифтері» тақырыпшасын түсіндіру үшін, оқушылармен төмендегі сұрақтар бойнша әңгімелесемін:
- Дін дегеніміз не?
- Сендер оны қалай түсінесіңдер?
- Ежелгі адамдарда сиыну қалай  пайда болған?
- Ежелгі Египетте қандай құдайлар боды?
- Бастықұдай қалай аталған?
- Египеттіктер құдайларды қалай бейнелеген? Оқушылармен әңгімелесе отырып, ежелгі гректердегі діннің пайда болу ерекшеліктерне тоқталамын.
     Оқулықта берілген материалдар негізінде ежелгі Грекия дінін Египет дінімен салыстыра түсіндіремін.  
Сабақты қорытындылау барысында «Дидактикалық материалдардағы» тапсырманы пайдаланамын
   «Сәулет өнері» тақырыпшасын түсіндіру үшін сырттай саяхат сабағын ұйымдастырамын.  Ондағы мақсат-оқушыларды б.з.б. Ү ғасырдағы Афины т.б. қалаларының көрікті жерлерімен сырттай таныстыру. «Сәулет өнері дегеніміз не? Колонналар дегеніміз не?  Гректерде колонналар дегеніміз не? Гректерде колонналар болды ма?   
- Афины қаласының ең көрікті және әсем жерлері қалай аталады?
- Неліктен бұл жерлер ең көрікті жерлер деп саналған?
- Олар қаланың қай бөлігінде орналасқан? Оқулықта берілген сурет бойынша акропольдегі сәулет өнерінің  ескерткіштерін жеке-жеке сипатта. Акропольдің ең биік жерінде Парфенон храмы орналасқан. Ежелгі Гректер храмды неге биік жерге салған?  Ежелгі Грекияның қай қалаларында храмдар болды?»   деген сияқты сұрақтар қою арқылы әңгімелесемін. Оқулықта колонналардың үш түрінің суреті берілген.  Оқушыларға осы суреттерді көрсете отырып, колонналардың бір-бірінен айырмашылығы туралы  пікірлерін сұрайды. Сабақта агора жөнінде де әңгімелеп кетемін.
«Дидактикалық материалдарды» берілген карточканы пайдалан отырып  Парфенон храмы туралы әңгімелеймін.
    Ежелгі Грекиядағы мүсін өнері туралы  мәселе оқулықта берілген материал негізінде түсіндіріледі. Сабақты түсіндіру барысында оқушыларға «Жұмыс дәптеріндегі» 4-тапсырманы орындатамын.   Сонымен бірге  оқулықтағы суреттерге де оқушылар назарын аударып отырамын.
    Сабақты бекіту мақсатындағы сұрақтар: Театр, комедия, трагедия, Парфенон, акрополь, олимпиада деген терминдердің  мағынасын түсіндір. Ежелгі Грекиядағы мифтерде қандай оқиғалар суреттелген?
Үй тапсырмасы:§24.
1. 24-параграфты оқып келу. Оқулықта берілген сұрақтар мен тапсырмаларға дайындалу.
2. «Пелопоннес» аймағын контур картаға түсіру.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Ежелгі грек өнері
Грекиядағы алғашқы өркениет ошақтары
Герекия қала мемлекеті
Ежелгі грек өнері
Ежелгі дүние тарихы
Грекияда таптық қоғамдар мен мемлекеттердің қалыптасуы
Афиныда демократиялық құрылыстың дамуы
Ежелгі грек мектебі мен ғылыми білімдері
Ежегі Македония
Қорытынды сабақ
Бөлім: Уроки / Тарих | Көрсетілім: 4395 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык