Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Афиныда демократиялық құрылыстың дамуы


Афиныда демократиялық құрылыстың дамуы

Сабақтың тақырыбы Афиныда демократиялық құрылыстың дамуы

Сабақтың мақсаты:
 Демократиялық құрылыстың пайда болуы, Солон, Клисфен және Перикл сияқты қоғам қайраткерлерінің қарапайым халық үшін жасаған еңбектері туралы баяндап, оқушыларды адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу
 Сонымен бірге оқушылардың ойлану қызметін  дамыту үшін олармен бірге Афиныдағы демократиялық құрылыс пен  Спартадағы олигархиялық мемлекеттерді салыстырып, ұқсас жақтыры мен айырмашылықтарын табу. Алдымен   олигархия, демократия ұғымдарының мәнін оқушыларға түсіндіру.
Сабақтың түрі: аралас
Әдісі: баяндау
Көрнекілігі: карта
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі
• Оқу құралын тексеріп түгелдеу
• Әнұран орындау «Хабар».
 Үй тапсырмасын сұрау:
     Сабақтың бірінші мәселесіне тоқталғанда ең алдымен Аттика аймағының орналасқан жерін оқушылардың  естеріне түсіру. Ол үшін оқушыларға мынадай сұрақтар қойып, әңгімелесу.
1. Аттика аймағы Грекияның  қай бөлігінде орналасқан?
2. Бұл аймақта қандай ірі қалалар бар?
3. Аттика халқының негізгі шаруашылығын атаңдар.
Тақырыпшаны түсіндіргенде аристкратия, ақсүйек, демократия және демостар деген ұғымдарды талдай түсіндіремін. Ол үшін бұл сөздердің қай елдің сөзі екендігіне және қандай мағына беретініне тоқталамын. Сөздердің анықтамасы оқулықта бар. Сонымен бірге «Жұмыс дәптеріндегі» 1-тапсырманы орындатамын.
   Бұл тақырыпшаны түсіндіру барысында өзекті мәселелердің бірі-демостар мен ақсүйектер арасындағы теңсіздік.  Оқулыққа қосымша материалдарды пайдаланамын.
   Демостар  ақсүйектерге қарсы көтеріліске шығып отырды. Олар ақсүйектерге мемлекетті басқару ісіне демостарды араластыру, құлдық қарызын жою және жерді қайтадан бөліске түсіру сияқты талаптар қойды. Соның нәтижесінде ақсүйектер тобы халық жиналысын шақырып, оған барлық афинылықтар қатысты. Халық жиналысы Солонды өздеріне басқарушы етіп сайлады. Солон халық жиналысында көпшілік дауысқа ие болды.
   Солонның өмірі мен қызметі және барлық адамгершілік, ізгілік қасиеттері, Афины демосының мүддесін көздейтін реформалары туралы оқулықта берілген материалдар көлемінде әңгімелеп беремін. Афиныдағы халық жиналысының қалай өткендігі туралы дидактикалық материалдағы шыған әңгімені бір оқушыға дауыстатып оқытып, соңынан оқушыларға төмендегідей сұрақтар қоямын:
1. Халық жиналысын гректер қалай атаған?
2. Халық жиналысына кімдер қатысқан? Халық жиналысында қандай мәселелер қаралды?
3. Дауыс беру барысын сипаттап бер.
4. Шешім қалай қабылданды?
   Әңгімелесу барысында оқушылардың  Афиныдағы халық жиналысында демократияның қандай белгілері болғанын өздеріне анықтатамын. Соңынан   оқулықтағы суреттерді пайдалана отырып, қорытындылаймын.
    Солонның өмір бойы оқып, білім алғандығына, өлең жазғанына да тоқталған жөн.   Ол үшін   оқулықта берілген Солон өлеңдерін   оқып, оқушылармен бірлесе отырып, талдау жасаймын. Солон өлеңдерінің қандай тәрбиелік мәні бар екендігіне оқуышылардың  назарын аударамын.
     Афинының  демократиялық мемлекетке айналуы туралы баяндағанда  Афины мемлекетіндегі саяси әлеуметтік қатынастар туралы оқулық материалын негізге аламын.   Әсіресе Афины демостарының көсемі Периклдың әдеуметтік-демократиялық бағыттағы іс-шараларын мына бағытта жүйелеп, қорытындылатамын:
1. Тұңғыш рет кедей демостардың мемлекеттік қызметке  тағайындалуына қол жеткізді.
2. Бүкіл грек халқын бір орталыққа  біріктіруге күш жұмсады.
3. Оның тұсында Афины қаласында храмдар, театрлар мен саябақтар салынды.
4. Мемлекет қазынасынан Афинының кедейлегнен топтарына театрға бару үшін ақша үлестірілді.
5. Перикл әйел құдай Афина құрметіне Парфенон храмын салғазды.
6. Перикл тұсында Афины бүкіл Грекияның мәдени орталығына айналды.
7. Перикл сауатсыздықты жоюға тырысты.
Сабақты бекіту үшін оқулықтағы сыныптан тыс оқуға арналған «Перикл өмірінен» атты деректі оқушыларға өзідігінен оқытып,сұрақтар бойына әңгімелесемін.
    Деректегі материалдан Периклдің қандай адамгершілік қасиеттерін байқадыңдар?   Қорытынды жасаңдар.
   «Жұмыс дәптеріндегі» 3-тапсырманы орындау.
Үйге тапсырма:23
23-параграфты оқып келу. «Жұмыс дәптеріндегі» 2-кестені толтыру.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Ежелгі грек өнері
Герекия қала мемлекеті
Афиныдағы демократиялық құрылыс
Демократиялық толқындардың жетістіктері мен бәсеңдеуі
Афиныдағы демократиялық құрылыс
Парфия патшалығы
Грекияда таптық қоғамдар мен мемлекеттердің қалыптасуы
Ежелгі грек өнері
Ежелгі грек мектебі мен ғылыми білімдері
Ежегі Македония
Бөлім: Уроки / Тарих | Көрсетілім: 4392 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык