Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Ежелгі Қытай мәдениеті


Ежелгі Қытай мәдениеті

Сабақтың тақырыбы Ежелгі Қытай мәдениеті

Сабақтың мақсаты:
 Жазу мен әдебиетінің  ерекшеліктеріне тоқталу. Кун-фуцзы, сыма Цянь туралы, олардың оқымыстылығы мен данышпандығы туралы баяндау.
 Сабақтың түрі: аралас
Әдісі: интерактивті
Көрнекілігі: кітап, көркем әдеби шығармалар, дәптер, түрлі түсті суреттер, плакат т.б.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру./Перфокарта бойынша немесе жазбаша, ауызша тапсырмалар арқылы/
ІІІ. Жаңа  сабақ:
    Қытайда өте ертеден иероглифтік жазу болғандығы туралы, жазудың бірыңғай жүйесінің құрылуы, алғашқы кітіптардың пайда болуы жөнінде баяндаймын.  Б.з.б. І мыңжылдықта  Қытайда жібек матаға жазу, б.з.б. ІІ ғасырда қағаз пайда болды. Әдеби шығармалар жазылып, дүниенің жаратылуы әдеби тілмен  әңгімелеп айтамын.
    Ежелгі Қытайда ақындар көп болды. Соның бірі-Сыма Сянжу деген ақын. Оның өмірі мен тұрмысы туралы әңгімелеп айтып, көрініс ретінде көрсету.
   Сыма Сянжу өлеңдерінде өз өмірін көбірек баяндаған. Алғаш ол әрі мемлекеттік қызметкер әрі ақын болып сарайда қызмет етеді. Билеуші  қытай болған соң, ол сарайдан кетіп, кедейшілік жағдайға душар болды. Бірақ оның ақындық қабілетін білетін ауданның әкімі өзіне шақырады. Қонаққа барғанда ақынды өзімен бірге ертіп жүреді. Өзі білетін байлармен, атақты адамдармен таныстырады. Бірде ақын жергілігкті бір байдың тойында оның қызын көреді. Ол қыздың сұлулығына тәнті болып, қызығып, көп ән-өлең арнайды. Ақынның сәнді киімі, сарай қызметкерлері сияқты мәдениеттілігі, өзіне арнаған өлеңдері байдың қызына ұнап қалады. Оны естіп ашуланған әкесі қызына көк тиын да бермейтінін, тіпті өлтіретінін айтады. Қыз ақынға күйеуге шығып, ақынның туыстары арасында нашар өмір сүреді. Ақыры ақылды да айлакер қыз қулыққа көшеді. Ол ақын күйеуі екеуі әкесі тұратын ауданға келіп, аттары мен арбасын сатады да , ақшасына шағын асхана ашады. Қыз ошақ басында жүрсе, ақын алдына алжапқыш байлап,  құл сияқты ыдыс-аяқ жуады. Қыздың әкесі мұндай масқараға ұялып, көшеге шыға алмай қалады. Ақыры қызының жасауы ретінде жүз құл және көп ақша береді....
  Конфуций өмір сүрген кез,  тұрмыс-тіршілігі туралы әңгімелей келіп, оның нақыл сөздеріне тоқталамын. Ол өз халқының салт-дәстүрін, өлең-жыр, мақал-мәтелдерін жақсы білетін.
   Конфуций өсиеттері бойынша «Нақылдар» деп аталған жинақтан берілген диологтік әңгімені рөлдер бойынша оқып, талдатамын.
    Сыма Цянь – Қытай тарихының атасы. Ол әкесінің өсиеті бойынша Қытай елінің тарихын жазды. Ескі жазбалармен, көне кітаптармен жұмыс істеді. Ол кітабын «Тарихи жазбалар» деп атады.  Негізінен кітапқа аспан мен жердің арасындағы өзгерістер, көрші елдер мен халықтардың өмірі арқау болды.  Ежелгі қазақ елінің тарихын жазғанда, бұл еңбек әлі күнге пайдаланылады.  Ол бұл еңбегінде аңыз әңгімелерді, жылнамаларды пайдаланды. Жылнамаларында атақты, білікті адамдардың өмірбаяны, сол кезеңдегі  ақындардың, билеушілердің, оқымыстылардың шыққан тегі, басынан өткізген оқиғалары туралы жазды.
   Сыма Цянь туралы айтқанда төмендегідей мәліметтерді пайдаланамын. Ол ел аралау сапарының барысында көне патшалықтардың астаналарын аралады. Императордың күзет бөлімінде қызмет ете жүріп, оңтүстік-батысқа жасаған жорықтарына қатысты.
  «Тарихи жазбаларда» әр түрлі деректік мәліметтердің негізінде жекелеген адамдар өмірі, елдің шаруашылығы, билеушілердің саясаты, сондай-ақ ғылым мен мәдениет жетістіктері де баяндалады. Бірақ бұл тек адам мен жер атаулары, оқиғаның уақыты ғана көрсетілетін құрғақ жылнама емес еді. Сыма Цянь оқымыстылардың, билеушілердің, ақындардың шығу тегі, кімнен білім алғаны, бастан кешкендері туралы жазды.  Кейбіреулердің хаттарынан, әдебишығармаларынан үзінділер келтіріп, өз ойын дәлелдеп, нақтылап отырды. Сыма Цянның бұл еңбегінің маңызы зор. Өйткені ол шынайы тарихты жазудың тәсілі мен жолын көрсеткен алғашқы еңбек еді. Сондықтан да ол Қытай тарихшылары үшін ғана емес, Корея, Въетнам, және Жапон тарихшылары үшін де үлгі кітап болды.Ол кітаптан Қытай т.б. елдер әдебиетшілері де өздеріне қажетті мәліметтер алып, тамаша әдеби шығармаларды дүниеге келтірді.
    Ежелгі Қытай ғылымы мен өнер табыстары туралы айтатын болсақ, математика саласында үш бұрыштың көлемін білді.   Аспан денелерінің қозғалысын, орын ауыстыруын жеке зерттеп отырды. Бір жылда қанша тәулік барын есептеді. Ол бірінші болып жұлдызды аспанның картасын  жасады.   Олардың зерттеулері күнтізбе жасауға жол ашты.  Билеушілердің жерлерді басып алуы, саяхатшылар мен елшілердің басқа елдерге баруы географиялық білім аясын кеңейтті.   Жер өңдеу, суару тәсілдері, жібек құртын өсіру, шай бұталарын күту дамыды.  Қытайлар шайды дәрі-сусын ретінде пайдаланды. Компас (тұсбағдар) , жер сілкінісін болжайтын аспап, қағаз, мылтық дәрісін ойлап тапқан да қытайлар болды.
     Төмендегі сұрақтар бойынша оқушылардың тақырыпты меңгеру деңгейін тексеремін:
1. Қытай жазуының ерекшелігі неде? Ол қалай жазылды?
2. Ақын Сыма Сянжу өмірі туралы не білесің?
3. Конфуций өмірі туралы не білесің? Ол неге данышпан Кун деп аталды?
4. Конфуций адамгершілік тәрбие және мемлекет туралы не деді? Конфуций мен оның 3 шәкірті туралы әңгімеде не туралыайтылған? Ол әңгіме бойынша қорытынды жаса.
5. Сыма Цянь ткралы не білесің?   Сыма Цяньды неге Қытай тарихының атасы дейміз?
6. Қытайлардың жұлдызнамалық, географиялық білімдері, өнертапқыштары туралы не білесің?
7. Конфуций нақылдарын оқып, мағынасына қарай талдап, қазіргі өмірмен байланыстыр. Бұл нақылдармен қазақ халқының мақыл-мәтелдері арасында ұқсастық бар ма?
IV. Қорыту, оқушылар білімін бағалау.
     Ежелгі Шығыс деп Африканың солтүстік шығысы мен Жерорта теңізінен бастап Қытайға дейін созылып жатқан Азияның орталық оңтүстік белдеуіндегі ежелгі  таптық қоғамдар мен мемлекеттерді айтамыз.  Кейбір ұқсастықтар мен өзара әсеріне қарамастан, олардың даму жолдары,  даму қарқыны, өмір сүру кезеңдері әр түрлі болды.
    Барлығында дерлік басты орында жер шаруашылығы болғанымен, олардағы әлеуметтік қатынастар әр түрлі болды. Мысалы, құлиеленушілік Египетте, Вавилонда т.б. жерлерде болғанмен, басқа елдерде негізгі өндірушілер шаруалар мен қолөнершілерден тұрды. Индия, Парсы патшалығында, қытайда, әлеуметтік қатынастардың күрделі жүелері болды.
    Діни, дүниетанымдық көзқарастары әр түрлі болғандықтан, әр түрлі құдайларға табыну кең тарады. Сондықтан мемлекеттің дамуы, алдымен шағын мемлекеттер пайда болып, олардың үстемдік үшін күресінің нәтижесінде ірі, орталықтанған мемлекеттердің қалыптасуы көптеген елдерге ортақ құбылыс болды. Басқару жүесі-патшалық билік мұралық жолмен жалғасып отырды.
V. Үйге тапсырма:§21.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Ежелгі Оңтүстік және Шығыс Азия тарауын қайталау
Ғұн мемлекеті
Орта ғасырлардағы Қытай мемлекеті
Орта ғасырлардағы Қытайдың мәдениеті мен өнері
Қытай, Монғолия
Орта ғасырлардағы Қытай мемлекеті
Ежелгі дүние тарихы
Ежелгі Қытай
Ғұндардың тұрмысы мен шаруашылығы
Ежелгі Қазақстан мәдениеті
Бөлім: Уроки / Тарих | Көрсетілім: 12119 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык