Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бөлім: Уроки / Тарих |
Көрсетілім: 6225 |
|
|
|
Аукцион ойыны
Аукцион ойыны
Ойынның мақсаты: Білім – іскерлік дағдыларын қорыту, бекіту
Ойынның шарты: Жүргізуші өтілген тақырып
(оқиғалар, фактілер, олардың мерзімі) бойынша сынып оқушыларына арнап сұрақтар дайындайды. Ойынды жүргізу үшін гонг (немесе ағаш балғаша) қажет.
Жүргізуші аукцион өткізеді: сұрақтар қояды, жауаптарға түсініктеме беріп, бағалайды,
жеңімпазды анықтайды. Дұрыс жауаптары үшін неғұрлым көп фишка жинаған оқушы жеңімпаз
болады.
«Аукцион» сұрақтары:
1. «Дін үшін соыс» ұранымен араб қолбасшысы Насыр ибн Сейяр Қазақстанның Оңтүстігін басып алды
2. Қимақтар туралы дерек қалдырған парсы тарихшысы:
3. 714 жылы Шашты басып алған араб қолбасшысы:
Біздің жерімізде ерте орта ғасырларда ірге тіккен алғашқы феодалдық мемлекеттердің бірі?
4. Қандай оқиғадан кейін Бумын Түрік қағанатының билеушісі болды?
5. “Теле сөзінің мағынасы?
6. “Түрік” этнонимі бірінші рет деректерде қашан кездесті?
7. Бумын елді қай кезеңде басқарды?
8. Түрік қағанатының екіге бөлінген уақыты?
9. Батыс Түрік қағанатының жазғы ордасы?
10. Салық жинауға жергілікті адамдарды бекітіп,оларға “селиф”деген атақ берген қаған?
11. Батыс Түрік қағанатында яғбу,шад,елтебер атағы кімдерге берілген?
12. Түркеш қағанаты бөлінген аймақ саны?
13. Түркеш қағанатының мерзімі?
14. Батыс Түрік қағанатында “Қара бұдындар”деп кімдерді атаған?
15. Батыс Түрік қағанатында сот істерін атқарушылар?
16. Арабтар “Сүзеген” деп атаған қаған?
17. Атлах шайқасынан кейін 756жылы Түркеш қағандығын құлатып,билікті өз қолына алған тайпа?
18. Түркештердің Күнгет қаласы қай жерде орналасқан?
19. Түркеш мемлекетінің негізін қалаған қаған?
20. Соғдылардың Түркістан мен Жетісуға қоныс аударуы саудаға байланысты деп айтқан зерттеуші?
21. 1Х ғасырдың басында қарлұқтар жеңілген ел?
22. Оғыз мемлекетінің өмір сүрген уақыты?
23. Жабғудың “Инал” атты мұрагерін тәрбиелеуші?
24. 965ж. оғыздар хазарларға қарсы әскери одақ құрды?
25. Оғыз мемлекетінің күшеюіне үлес қосқан?
26. Жабғудың кеңесшілерін қалай атаған?
27. Оғыздардағы тайпалар саны?
28. Қимақтар құрамында болған ең ірі және күшті тайпа?
29. Х ғасырда Қимақтарда тараған дін?
30. VII ғасырлардың басында Қимақтар мекендеген аймақ?
31. Қимақтардың екінші астанасы орналасқан көлдің жағасы?
32. Х ғасырдың 2-ші жартысында қимақтардың жеріне шабуыл жасаған мемлекет?
Жарысты жалғастыр” (“Эстафета”) ойыны
Ойынның мақсаты: Білім – іскерлік дағдыларын қорыту, бекіту
Ойынның шарты: Жүргізуші сыныпты үш командаға бөледі.
2. Жүргізуші оқып-үйренуге тиісті мәтін бөлігін береді. Белгі бойынша оқи бастаймыз (5-7 минут).
3. Жүргізуші нөмірленген үш парақ дайындап, оларды әр командаға береді. Белгі бойынша оқушылар оқиғаларды, фактілерді, олардың мерзімдерін жазып, үндеместен бір – біріне жылжытып отырады. Бұған үш минуттай ғана уақыт бөлінеді.
4. Ойынның қорытындысын шығару. Қай команда неғұрлым көп фактілерді, оқиғаларды, олардың мерзімдерін көрсеткенін; қай команда неғұрлым толық, нақты, анық жауап бергенін жүргізуші анықтайды.
Жүргізуші жеңімпаздарды құттықтайды. Сөйлесу бөлімін «3» - ке, «4» -ке және «5» - ке бағалауға болады.
Қорытындылау. Үйге тапсырма: § 1-9 оқып, дайындалып келу
Қорытынды бөлімі 6 - сабақ
Тест
1. “Теле сөзінің мағынасы.
А) Ұйғыр В) Қарлұқ С) Түрік
D) Оғыз Е) Қимақ
2. Түркеш қағанатының мерзімі
А) 704-756 жылдар. В) 703-705 жылдар. С) 704-706 жылдар.
D) 706-756 жылдар. Е) 707-708 жылдар.
3. Алғаш рет түрік атауы ------------ жылы қытай жазбаларында кездеседі.
4. Сәйкестендір:
а) Ябғу, шад, елтебер – 1. сот ісін атқарушылар
ә) бұрықтар мен тархандар – 2. қара халық
б) бек – 3. құл
в) «Қара будундар» – 4. жергілікті жердегі
қағанның негізігі
тірегі
г) тат – 5. қаған руынан шыққан
ақсүйектерге берілетін атақтар
ғ) дулу - 6. салық жинаушы
д) селиф - 7. дулаттар
5. Түрік қағанатының басым көпшілігін ………..(……………..) тайпалары құрады
6. Ерте орта ғасырлардағы мемлекеттерді өмір сүру ретімен жаз.
а) Қарлұқ қағанаты ә) Түркеш қағанаты
б) Оғыз мемлекеті
в) Батыс Түрік қағанаты г) Қимақ қағанаты
ғ) Түрік қағанаты
7. VII ғасырлардың басында Қимақтар мекендеген аймақ
А) Жетісу В) Ертістің бойы С) Монғолияның солтүстік батысы
D) Қытайдың солтүстігі Е) Шығыс Қазақстан өңірі
8. Сәйкестендір:
а) Оғыз мемлекеті 1. Үшлік қаған
ә) Қимақ қағанаты 2. Бумын қаған
б) Түрік қағанаты 3. Білге Күл Қадырхан
в) Батыс Түрік қағанаты 4. Әли хан
г) Түркеш қағанаты 5. Жанақ
ғ) Қарлұқ қағанаты 6. Тардуш қаған
9. Х ғасырда Қимақтарда тараған дін
А) христиан В) ислам С) манихей
D) зороастра Е) будда
10. Түрік және Батыс Түрік қағанаттарының өмір сүрген уақыттарын көрсет.
11.Түрік қағанатының ыдыраған жылы
А)552 жыл В) 545 жыл С) 563 жыл
Д) 581 жыл Е) 603 жыл
12. Батыс Түрік қағанатының әлеуметтік құрылымын ретімен көрсет.
а) Қара бұдундар ә) Жабғу, шад, елтебер, бұрық, тархан б) Бек в) Қаған г) Қаған сайлаған ұлықтар
13. Көне түрік жазуы жерімізде біздің жыл санауымыздан бұрынғы бірінші мыңжылдықтың ортасында қалыптасқан. а) Дұрыс ә) Дұрыс емес
14. “Тат”сөзінің мағынасы
А) Бай В) Бек С) Бұйрықтар
D) Құл Е) Салық жинаушылар
15. Арабтар “Сүзеген” деп атаған қаған
А) Сұлу В) Білге С) Бумын
D) Тон Е) Мұқан
16. 1Х ғасырдың басында қарлұқтар жеңілген ел
А) Ұйғыр қағанатынан В) Енисей қырғыздарынан
С) Арабтардан
D) Қарахандардан Е) Қимақтардан
17. Жабғудың “Инал” атты мұрагерін тәрбиелеуші
А) Ябғу В) Сюбашы С) Атабектер
D) Селифтер Е) Шад
18. Оғыздардағы тайпалар саны
А) 20 В) 24 С) 30 D) 34 Е) 40
19. Қимақтар құрамында болған ең ірі және күшті тайпа
А) Қыпшақтар В) Қарлұқтар С) Оғыздар
D) Наймандар Е) Керейлер
20. Қимақтардың екінші астанасы орналасқан көлдің жағасы
А) Ертіс В) Есіл С) Шу
D) Алакөл Е) Балқаш
Кілті:
1. с)
2. а)
3. 542 жыл ,
4. а5, ә1, б4, в2, г3, ғ7, д6
5. Теле (тирек)
6. г, в, ә, а, б, ғ).
7. с
8. а4, ә5, б2, в6, г1, ғ3
9. с
10. 552-603 жж, 603-704 жж
11. Е)
12. в, г, ә, б, а.
13. а
14. д
15. а
16. а
17. с
18. в
19. а
20. д
Тарихи сынақхат
…. ғасырдың басында бүгінгі …… жерінде аса күрделі бетбұрыстар орын алды. Алтай, Сібір, Монғолия жерінде ……… тайпаларының үстем тап өкілдері бірігіп, күшті әскер күшіне сүйенген …………………………… атты феодалдық мемлекет құрылды.
…… жылы көктемде түріктердің билеушісі ……….. өздерінің билеушісі аварларға (жуань-жуандарға) қарсы шығып, оларды ойсырата жеңіп, …………………….. құрады. Түрік ордасының алғашқы қағаны ………….. болды.
Түрік қағанатындағы саяси күйзеліс ақырында ......... . қағанаттың екіге - ……….. және …………..қағанаттарына бөлінуімен аяқталады.
........ ғасырдың ортасына қарай ......................... (640-657) созылған қағанат ішіндегі өзара тартыс, тайпалар арасындағы соғыс қағанатты әлсіретеді. Осыны пайдаланған ................ империясы Жетісуды басып алып, онда таққа өз адамын отырғызады. Түріктер мен Таң империясы арасындағы үздіксіз соғыстардың нәтижесінде ....................... күшейіп VIII ғасырдың басында Жетісудағы билікті өз қолдарына алады.
....... жылы Сұлу қаған арабтарға қарсы жорық ұйымдастырып ........................... дейін жетті, бірақ көп ұзамай жеңіліп, қайтар жолында өзінің қолбасшыларының бірінің қолынан қаза табады. Сұлудың орнына оның баласы ........................ қаған болды. Оның тұсында қағанат ішінде ....... және ....... түргештер арасында билік үшін 20 жылға созылған ұзақ күрес басталып, қағандықтың саяси және экономикалық жағдайы мүлдем әлсірейді.Осы алауыздық кезінде Жетісуға Алтайдан ................. тайпалары көшіп келіп қоныстана бастайды.
Түргештер қарлұқтарға лайықты қарсылық көрсете алмады.
әлсіреген Түргеш қағанаты қайтадан қалпына келмей, ............. ж. қарлұқ тайпаларының қысымына шыдамай, біржола құлайды.
Қорытындылау. Үйге тапсырма: § 1-9 оқу, емтиханға дайындалу
7 - сабақ
Емтихан
1 – билет
1. Түрік қағанатының құрылуы, этникалық құрамы.
2. Түргеш қағанатының ішкі және сыртқы саяси жағдайы
2 – билет
1. Түріктердің тәуелсіздік жолындағы күресі, саяси жағдайы.
2. Оғыз мемлекетінің құрылуы, жер аумағы.
3 – билет
1. Батыс түрік қағанатының жер аумағы, этникалық құрамы.
2. Оғыз мемлекетінің кәсібі мен қолөнері
– билет
1. Түрік қағанатының ыдырауы
2. Қимақ қағанатының тайпалық құрамы, құрылуы
5 – билет
1. Батыс Түрік қағантының саяси жағдайы мен әлсіреуі.
2. Түргеш қағанатының жер аумағы, халқы
6 – билет
1. Жетісудағы соғдылар
2. Қарлұқ қағанатының құрылымы және олардың орналасқан жерлері
7 – билет
1. Қарлұқ қағанатының саяси жағдайы
2. Оғыздардың тайпалық құрамы және қоғамдық құрылысы
8 – билет
1. Қимақ қағанатының қоғамдық құрылысы
2. Оғыз мемлекетінің саяси жағдайы
9 – билет
1. Оғыз мемлекетінің саяси жағдайы
2. Батыс Түрік қағанатының әлеуметтік жағдайы
10 - билет
1. Қимақ қағанатының саяси жағдайы
2. Қимақ қағанатының шаруашылығы
Қорытындылау.
Модуль №2 VI – IX ғасырлардағы отырықшылар және
көшпелілер мәдениеті (5 сағ)
Бөлімі Бөлінетін сағат Сабақтың мазмұны мен түрі Уақыты
Кіріспе 1 – ші сабақ 1. Модульдің құрылымы мен мақсат - міндеттерімен таныстыру
2. Тірек – сызба арқылы тақырыпты түсіндіру
3. Дәптермен жұмыс
4. Қорытынды. Үйге тапсырма
Сөйлесу бөлімі 2 – ші сабақ
Оқу материалын меңгерту және дамыту
1. “Жылдам оқу” оқыта – үйрету ойыны
2. Қорытынды. Үйге тапсырма
3 – ші сабақ
Білім – іскерлік дағдыларын дамыту және білім деңгейін пысықтау.
1. “Өз жартыңды тап ” оқыта-үйрету ойыны
2. “Даналық ағашы” оқыта-үйрету ойыны
3. Қорытынды. Үйге тапсырма
4 – ші сабақ
Білім – іскерлік дағдыларын қорыту, бекіту
1. “Білім биржасы” ойыны
2. “Басқатырғылар базары” ойыны
3. Қорытынды. Үйге тапсырма
Білімдік мақсаты: Түрік тілдес халықтар мәдениетінің даму ерекшеліктері
және халықтардың өзара туысқандық қарым –
қатынастарына әсері мен ықпалы туралы баяндап,
мәдениетте айшықты орын алатын сәулет, бейнелеу және
қолданбалы өнер ескерткіштерімен және рухани
мәдениетімен таныстыру,
Дамытушылық мақсаты: Оқушыларды тарихты ғылыми тұрғыдан талдауға,
оны саналылықпен түсіне білуге үйрету,олардың қабілетін
жан – жақты дамыту. Олардың тарихқа, халқының
мәдениетіне деген қызығушылығы мен құрмет сезімін
дамыту;
Тәрбиелік мақсаты: Тарихи материалды дұрыс іріктеп, сапалы оқыту арқылы
оқушыларды өз ұлтының мәдениетін, тарихын
құрметтеуге, адамгершілікке, сүйіспеншілікке,
ұлтжандылыққа, өз елінің, бүкіл адамзаттың мәдениетін
толықтыруға үлес қоса алатын азамат етіп тәрбиелеу.
Оқушылар нені білу керек:
- қазақ халқының басынан өткен тарихи оқиғаларды;
- тіршілігін, кәсібін, тұрмысын, еңбек құралдарын; ертедегі діни, археологиялық және өнер ескерткіштерін;
- қазақ қоғамының әлеуметтік құрамын (хан, сұлтан, батыр, би, төре, қожа, шаруа т.б),
- орта ғасырлардағы Қазақстан территориясындағы мемлекеттердің калыптасып, дамуының ерекшеліктерін.
Оқушылар нені меңгеру керек:
- тарихи терминдердің анықтамасын айтуы және оларды қолдана білуі;
- мемлекет шекараларын, басқа да объектілерді көрсете алуы;
- хронологиялық, синхронды кестелер жасауы;
- тарихи мәтіннің толық жоспарын жасауы;
- орта ғасырлардағы қалаларға, түрлі ғимараттарға жазбаша сипатгама беруі;
- орта ғасырлардағы қоғамдық, мемлекеттік құрылыстарды сызбалар арқылы көрсетуі;
- Шығыс мәдениеті мен ғылымының әлемдік мәдениеттің дамуына қосқан үлесін дәлелдей алуы;
- орта ғасырлардағы дүниежүзінің геосаяси картасындағы өзгерістердің себептерін ашып көрсетуі;
-Мемлекеттік құжаттармен өздігінше жұмыс істеп, солардың негізінде рефераттар, шағын баяндамалар дайындауы.
Пайдаланатын әдебиеттер:
1. М.М.Жанпейісова “Модульдік оқыту технологиясы оқушыны дамыту құралы ретінде” Алматы,2002 ж
2. “Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы оқыту әдістемесі”
3. М.Жанпейісова, А.Ш.Орақова “Интерактивті оқыту әдістері”.
4. М.Қани “Қазақтың көне тарихы”
5. Л.Гумилев “Көне түркілер” Алматы “Білім” 1994
6. Т.Жұртбаев “Дулыға” 2 - том. Алматы “Білім” 1994
Мәнжазба тақырыптары:
1. VI – IX ғасырларда қалалық мәдениеттің дамуы
2. VI – IX ғасырлардағы діни сәулет өнері
3. Күлтегін, Тоныкөк жазулары
Негізгі ұғымдар:
“Оғызнама”, ортағасырлық қалалар, Дың ескерткіштері, сардоба, діни құрылыстар, терракота, балбалтастар, руна жазулары, Орхон – Енисей және Талас ескерткіштері
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |