Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бөлім: Уроки / Тарих |
Көрсетілім: 2790 |
|
|
|
Тарих- ғасырлар куәсі
Сайыстың тақырыбы Тарих- ғасырлар куәсі
Сайыстың мақсаты:1.Тарихи оқиғалар тізбегін еске түсіре отырып, танымдарын
арттыру.
2.Өткенді еске түсіре отырып,болашаққа бағдар беруге баулу
3.Тарихи ұлы тұлғалардың ерліктерін насихаттай отырып,
Отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі:Ерлік туралы қанатты сөздер жазылған плакаттар,сайыстың
жоспары ілінеді.
Сайыстың барысы:
«ХХІ ғасыр мәдениеттің, ғылым мен ақыл-ой бәсекесінің ғасыры болмақ,»- деп президентіміз Н.Ә.Назарбаев айтып өткендей бұл ғасырда өмір сүріп отырған барша ұрпақ ғылым саласында өзіндік жол салар дара ұрпақ болуы тиіс.Олай болса болашаққа нық қадам жасау бүгіннен басталады.
«Ата-бабаларымыз бізге бірліктің,ынтымақтың,тұтастықтың ұлы үлгісін көрсетіп кетті.Қазақстанның арғы-бергі тарихының ең ғибратты тағылымы,міне осында.Олай болса бүгінгі: «Тарих-ғасырлар куәсі» атты сайыс сабағымызды бастаймыз.
Сайыстың әділқазылар алқасымен таныстырып өтейін:
1.
2.
3.
І-тур.Таныстыру.(5балл)
ІІ-тур.Сәлемдесу. (5балл)
ІІІ-тур.Танымдық сұрақтар. (5балл)
7 «а»сыныбына:
1.Түркеш қағанатының астанасын ата:
Жауабы:Суяб,екіншісі Ордабасы-Іле бойындағы Күнгіт.
2.Қимақ қағанатының тарихи шеңбері:
Жауабы:ІХ ғасырдың соңы мен ХІ ғасырдың басы.
3.Қарлұқ қағанатының тайпаларын ата:
Жауабы: үш жікіл, үш бескіл, бұлақ, көкеркін,тухси,фаракия, лазана.
4.Қазақстандағы ең ірі сәулет орындарын ата:
Жауабы:Қожа Ахмет Яссауи,Арыстан баб,Айша бибі,Қарашаш ана,Ибрахим ата т.б.
5.Батыс түрік қағанатында 610-618 жылдары қай қаған билік етті?
Жауабы:Шегу қаған.
7 «ә» сыныбына:
1.Батыс түрік қағанатының тайпаларын ата:
Жауабы:Барлық түрік тайпалары: оғыз, қырғыз, ұйғыр,үйсін т.б.
2.Оғыз мемлекетінің астанасын ата:
Жауабы: Янгикент (Жаңа Гузия)
3.Қимақ елінің құрамында жеті тайпа болғандығын жазған ортағасырлық тарихшы:
Жауабы: Парсы тарихшысы Гардизи.
4.Қарахан мемлекетінің негізін кім қалады?
Жауабы: Сатұқ Боғра –хан.
5.Түріктер отбасына шапағатын тигізеді деп кімге табынған?
Жауабы:Ұмай анаға.
7 «б» сыныбына:
1 «.Сардоба» деген қандай құрылыс?
Жауабы: Құдық үстіне салынған ғимарат.
2.Қимақ қағанатының билеушісі қалай аталған?
Жауабы:Қаған.
3.Оғыз жабғуы Киев кінәзі Святославпен Хазарларға қарсы қай жылы одақ құрды?
Жауабы: 965 жылы.
4.Жанып тұрған оттың арасынан өткен Византия елшісі:
Жауабы:Земарх.
5.Қарлұқтардың Ұйғыр қағанатына қарсы күресі қанша жылға созылған?
Жауабы: 20 жылға.
7 «в» сыныбына:
1.Батыс Түрік қағанатының құрылған жылы:
Жауабы: 603 жылы.
2.Түркеш қағанаты қанша әкімшілік аймаққа бөлінді?
Жауабы: 20 аймақ.
3.Қарахан мемлекетінің құрылуында басты рөлді атқарған тайпа:
Жауабы: Қарлұқ тайпасы.
4.Найман ханы Білге қайтыс болған соң, билік үшін таласқан кімдер?
Жауабы:Бұйрық хан мен Даян хан.
5.Керейіт хандығының құрамына қанша аймақ кірген және оларды ата.
Жауабы: 8 аймақ:керейіт,жиркиы,қоңқай, сақай, тутау, албат, тунхай,қыркун.
ІV-тур. Көрініс. (10балл)
V-тур.Өнер сайысы(ән, би,күй.) (5балл)
VІ-тур.Топ басшылар сайысы 5сұрақ қойылады. (10балл)
7 «а» сыныбының топ басшысына:
1.Айша- бибі кесенесі қай облыстың территориясында орналасқан?
Жауабы: Жамбыл облысы.
2. «Диуани – лұғат –ат-түрік» еңбегінің авторы кім?
Жауабы:Махмұд Қашғари.
3.Қ.Р.Конституциясы қашан қабылданды?
Жауабы: 1995 жыл 30 тамыз.
4.Түрік қағанатының тарихи шеңбері:
Жауабы: 552-603 ж.
5.Монғолша « найман» сөзі қазақшаға аударғанда қандай мағынаны білдіреді?
Жауабы: «сегіз».
7 «ә» сыныбының топ басшысына:
1.Арыстан-баб кесенесі қай жерде орналасқан?
Жаубы: Отырарда,Шәуілдір.
2. «Құтты білік» еңбегінің авторын ата:
Жауабы: Жүсіп Баласағұни.
3.Қ.Р. тәуелсіздігі туралы заң қашан қабылданды?
Жауабы: 1991 жыл 16 желтоқсан.
4.Қарахан мемлекетінің тарихи шеңбері:
Жауабы: 942-1212 жыл.
5. «Руна» сөзі қазақшаға аударғанда қандай мағынаны білдіреді?
Жауабы: «Ескі,көне».
7 «б» сыныбының топ басшысына:
1.Ибрахим ата кесенесі қай жерде орналасқан?
Жауабы: Сайрамда.
2. «Диуани хикмет» еңбегінің авторын ата:
Жауабы:Қожа Ахмет Яссауи.
3.Қ.Р.Конституциясы қанша бап, қанша тараудан тұрады?
Жауабы: 98 бап,9 тарау.
4.Батыс Түрік қағанатының территориясы:
Жауабы: Жетісу.
5. «Он- оқ бұдун» сөзінің қазақша мағынасы:
Жауабы: Он тайпа.
7 «в» сыныбының топ басшысына:
1.Қарашаш ана ескерткіші қайда орналасқан?
Жауабы: Сайрамда.
2. «Қорқыт ата» кітабы неше жырдың қосындысынан тұрады?
Жауабы: 12.
3.Қ.Р.Премьер- министрі кім?
Жауабы: Серік Ахметов.
4.Түрік қағанатының әлсіреу себебі:
Жауабы:Ішкі талас- тартыс, Қытай мемлекетінің қысымы.
5. «Бұдун, тат» сөздерінің мағынасы.
Жауабы: «Халық, құл».
Сайысты қорытындылап, жеңіске жеткен топты марапаттау.
«Тарих –ғасырлар куәсі»сайысының бағалау парағы.
Қорытынды
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |