Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Қазақстанда көшпелілер өркениетінің пайда болуы және оның дамуы


Қазақстанда көшпелілер өркениетінің пайда болуы және оның дамуы

Сабақтың тақырыбы: Қазақстанда көшпелілер өркениетінің пайда болуы және оның дамуы

Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Көшпелі қоғамның өзіне тән белгілерін, шаруашылық, сауда, кәсіптік 
                    ерекшеліктерін көрсету, әлеуметтік-саяси дамуын түсіндіру, ежелгі көшпелілерде 
                    мемлекеттік қоғамдық құрылым болғандығын, ондағы басқару жүйесі мен әскери 
                    істің дамуы жетілдіріп отырылғанын түсіндіру;
Дамытушылық: Проблемалық сұрақтарды талқылау арқылы логикалық ойлау қабілеттерін 
                               жетілдіру, өз бетімен іздену дағдыларын қалыптастыру;
Тәрбиелік: Өз елінің өткеніне құрметпен қарауға тәрбиелеу.
Сабақтың типі: аралас сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, баяндау, мәтінмен жұмыс, 5 жолды өлең стратегиясы
Сабақтың көрнекілігі: Қазақстан тарихынан топтамалар
Б А Р Ы С Ы:
Ұйымдастыру бөлімі
Оқушылармен амандасу, түгендеу, сабаққа назарын аудару, тілек тілеу
Қызығушылықты ояту
Үй тапсырмасын тексеру сұрақтары:
• «Қазақ» сөзінің шығуы жөнінде ғалымдар пікірлерін салыстырыңыздар
• «Жүз» сөзінің мағынасы жөнінде білесіңдер ме?
• «Алаша хан» аңызында қандай оқиға бейнеленген?
• Қазақ жүздерінің пайда болуы қай уақытқа сәйкес келеді, оларға қарасты рулар мен аумағын ажыратып беріңіздер
Жаңа сабаққа көшу:
- «Номад», «номадизм» ұғымының мәнін кім ашып береді және оның қазақ халқына қатысы не?
Мағынаны тану
Жоспар:
 Қазақстанда ежелгі дәуірде мал өсірудің пайда болуы
 Көшпелі мал шаруашылығының дамуы
 Көшпелі өркениеттің Қазақстандағы көріністері
 Қоғамдық құрылыс
 Көшпелі қоғамдағы әскери іс
Ұсынылатын сұрақтар: 
І қатарға:
 Қай уақытта ежелгі адамдар малды қолға үйрете бастаған?
 Қола дәуірінің алғашқы кезеңінде, яғни б.з.б 2-1 мыңжылдықта қоғамда қандай кәсіптер өмірге енді?
ІІ қатарға:
 Мал шаруашылығының түрлеріне кесте толтырыңдар(түрлері, таралған аймағы)
 Көшпелі мал шаруашылығы дүние жүзі өркениетінің дамуында шаруашылықтың басқа салаларынан кем түспеген, дәлелдеңіз?
ІІІ қатарға:
 Есік обасынан табылған күміс тостағанда жазылған сөздердің мәтіні қандай және ол нені білдіреді?
 Ежелгі тайпалардағы басқару жүйелерін салыстырыңдар?
ІҮ қатарға:
 Сақтардың әскери өнері барынша дамыған тайпа болғандығын дәлелдейтін деректерді атап беріңдер?
 Ғұндар әскерінің құрамы қалай бөлінген?
 Әскерді қалай басқарған?
 Батыс Түрік қағанатын құрайтын тайпаларды атаңыз?
Негізгі мәлімет
Б.з.б. 3 мыңжылдық, энеолит кезеңі – малды қолға үйрету қалыптасқан
Б.з.б. 2-1 мыңжылдық – отырықшы мал өсіру мен жер өңдеу кәсібі пайда болған
 
Мал шаруашылығының түрлері Таралған аумағы
Көшпелі Батыс және Орталық Қазақстан
Жартылай көшпелі Жетісу, Шығыс қазақстан, Батыс Алтай, тау бөктерлері
Отырықшы Оңтүстік Қазақстан, Сырдария, Шу, Талас, Кеген
Көшпелі өркениет артықшылықтары:
- Есік  обасындағы алтын киімді адам бұйымдары материалдық мәдениеттің;
- Алтыннан жасалған зергерлік бұйымдар – рухани мәдениеттің;
- Күміс тостағандағы жазу – мемлекеттіліктің;
- Бесшатыр, Түгіскен, Ұйғарақ күмбездері – сәулет өнерінің дамығандығын дәлелдейді.
Күміс тостаған түбінде: «Халықта азық-түлік мол болғай!»деген тілек мемлекеттің болғандығын көрсетеді.
Ежелгі тайпалық бірлестіктер Жоғарғы басшыларының титулы
Сақ Патша 
Үйсін Гуньмо, күнби
Қаңлы Хан(иелік басшылары – кіші хан)
Ғұн Шаньюй, тәңірқұт
Сармат Әскербасылар 
Сақтардың әскери өнері туралы деректер:
Геродот: «Скифтерді ешбір жау әскерлері қуып жете алмаған»
                «Сақтардың барлығы бірдей әскер қатарында қызмет еткен»
Ежелгі дәуір деректері: «Сақтардың жорыққа шығар алдында өздері құрбандыққа шалған мал 
                                           терісінің үстіне отыруы салт»
Ғұн әскерлерінің құрамы: ондық, жүздік, мыңдық, онмыңдық(түмен)
Батыс Түрік қағанаты тайпалары: 5 дулу, 5 нушеби(«он оқ будун»)
Ойтолғаныс
«Көшпелілер өркениетінің қазақ елінің дамуында қандай әсері болды?»
Жағымды                                                  Жағымсыз
 
 
Қорытындылау
Көшпелі өркениет – көшпелі қоғам экономикасының қайнар көзі мал өсірудің және 
                                   одан алынатын өнімнің өсуі
Бағалау
Үйге тапсырма беру: § 13 оқу

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Сақтардың қоғамдық құрылысы және мәдениеті
Көшпелілер мәдениеті
Қола дәуіріндегі ру-тайпалардың шаруашылығы, қоғамдық қатынастары және мәдениеті
Қазақстанда көшпелі өркениеттің пайда болуы және оның дамуы
Көшпелілікті зерттеу тарихы. Қазақстан жерінде мал шаруашылығының қалыптасуы
Көшпелілердегі қоғамдық қатынастар. Көшпелі және отырықшы мәдениеттердің өзара байланысы
Қазақстан аумағындағы мемлекеттілік тарихының зерттелуі
Көшпелі мал шаруашылығының қалыптасуы
Көшпелі бақташылық шаруашылықтың негізгі түрі
Ежелгі Қазақстан тарихы
Бөлім: Уроки / Тарих | Көрсетілім: 6997 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык