Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бөлім: Уроки / Тарих |
Көрсетілім: 7238 |
|
|
|
Қазақстандағы 1926-1941 жылдардағы индустрияландыру
Тақырыбы: Қазақстандағы 1926-1941 жылдардағы индустрияландыру
Мақсаты: 1926-1941 жылдардағы индустрияландырудың пайдасы мен зардабы және Голощекиннің Қазақстанға келуі «Кіші Қазан» идеясы туралы мағлұмат беру.
а/ Тақырыпты түсіндіре отырып, бірінші және екінші бесжылдықтағы жетістіктермен қазақ халқының ерен еңбегі туралы білімдерін толықтыру
ә/ Елжандылыққа, отансүйгіштікке тәрбиелей отырып ұлтжанды азамат тәрбиелеу
б/ Ойлау қабілеттері мен тіл мәдениеттерін қалыптастыру
Сабақтың типі: аралас
Сабақтың түрі: Жаңа сабақты меңгеру
Әдісі: Сұрақ-жауап, тест, бейне слайд көрінісі, баяндау, пікірлесу т,б.
Көрнекілігі: Слайдтар, тірек сызба, кесте, қажет материалдар
Сабақтың барысы
Ұйымдастыру: Амандасу, назарларын аудару
Үй тапсырмасын сұрау:
«Жылдар сөйлейді»
1. 1921жыл, 20-шы наурыз
2. 1924жыл
3. 1922-1924жылдар
4. 1921жыл, қаңтар
5. 1920 жыл, 26 қаңтар
6. 1925 жыл
«Ой -танымдық сұрақтар»
1. Азамат соғысынан кейінгі Қазақстанның жағдайы
2. Жетісудағы жер-су реформасының ұйымдастырылуы
3. Жаңа экономикалық саясаттың мәні қандай болды?
4. Лениннің пікірінше, жаңа эономикалық саясат мәні
Жаңа сабақ
Жоспар
І. Қазақстандағы индустриаландыру
ІІ. Голощекин “Кіші Қазан” идеясы
ІІІ. Жаппай қудалау
Алғаш индустрияландыру шаралары
- Жезқазған,Ұлытау, Байқоңыр аудандарында іздеу- барлау жұмыстары жүргізіле бастады.Нәтижесінде Жезқазған, Қарсақбай, Қияқты, Қорғасын кен орындарын зеріттеу ісі басталды.
- Көрнекті ғалым Қаныш Сәтбаев Теміртаудан ең ірі зауыт салу қажеттігін дәлелдеді.Сонымен қатар Жезқазған мыс кен орны ашылды.
- 1931 жылы Түркісіб теміржол құрылысы аяқталды. Мерзімінен бұрын аяқталуына Т.Рысқұлов түрткі болды.
- 1927 жылы Петропавл – Көкшетау теміржолы салынды.
- 1934 жылы Ащысай полиметалл кенбайыту фабрикасы, Семейде ет, Гурьевте балық-консерві,Меркі мен Талдықорғанда қант зауыттары іске қосылды.
- 1939 жылы Ақмола – Қарағанды, Ильецк-Орал, Рубцовск- Риддер темір жолы салынды.
- 1940 жылы Қарағанды- Жезқазған жолы салынды. Т.б.
«Кіші Қазан» идеясын ұйымдастырушы Голощекиннің Қызылордаға келуі, оның құйтырқы әрекеттері туралы слайд арқылы баяндау.
Бекіту:
1-ші кезең
«Ойымыз терең, ісіміз нақты болсын»
«Ой толғау»
Индустрияландырудың зардаптары туралы баяндау және тірек сызба арқылы дәптерге түсіру.
2- тапсырма
Бірінші бесжылдық Екінші бесжылдық
Нәтижесі
2- ші кезең
«Іздесең табасың, талаптансаң жетесің»
Кілт сөздер
1. Индустрияландыру
2. 1920жыл
3. 1925жыл БК/б/ П-ның ХІҮ сьезі
4. “Бесеудің хаты”
5. Көшкінбаев кім?
6. С.Садуақасов
7. Урбанизация
2- ші тапсырма
«Өзін-өзі тексеру» тестісі. Алған білімді нақтылау мақсатында.
Қорытынды:
1. Қазақ зиялылары мен олардың индустрияландыруға көзқарасы?
2. Индустрияландыру жылдарындағы маңызды нысандарды атаңдар.
3. Жұмыс күші проблемасы неден туындады?
4. Индустрияландыру қарсаңында өндіріс жағдайы қандай болды?
Үйге: § 11. “Туады ерлер ел үшін” қуғын сүргін құрбандарына арнап эссе жазу.
Бағалау:
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |