Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » 1930 жылдардағы қоғамдық-саяси өмір


1930 жылдардағы қоғамдық-саяси өмір

Сабақтың тақырыбы: 1930 жылдардағы қоғамдық-саяси өмір

10 сынып
Сабақтың  мақсаты: XXғасырда біздің қазақтай көп қырылып,жаппай қуғындалып, көп атылған халық жер бетінде кемде-кем. Оның ащы ақиқат екендігін іздеу барысында көз жеткізу.
Білімділік міндеті. Алған білімді бекіту, терендету, дамыту, мұғалімнің көмегінсіз оқып үйрену.Еліміздің жаңа заманға талай қырылып, талай қиыншылықты басынан өткеріп жеткенін түсіндіру.
Дамытушылық міндеті. Дайын дерек көздерін, кесте, сызбаларды пайдалана тырып, сабақтың мазмұнын аша білу дағдыларын  қалыптастыру. Сын тұрғысынан ойлап, әр түрлі тапсырмаларды орындай білулеріне бағыт беру.
Тәрбиелік міндеті. Оқушылардың Отанға, елге,туған жерге деген мақтаныш сезімдерін туғызу.
Сабақтың түрі: Конференция (білімдерін тексеру)
 
Сабақтың әдісі: Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту, өзіндік жұмысын ұйымдастыру, алған білімдерін іс жүзінде пайдалана білу.
Көрнекіліктер: құжаттар, слайтдтар, Қазақстан картасы, буклеттер.
 
Пәнаралық  байланыс: қазақ әдебиеті.                                                      
Сабақтың барысы:
 
I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.
 
     II.Сабақтың мақсаты, міндеттерін хабарлау.
 
 
Сабақтың жоспары:
1.Голощекиндік геноцид саясаты
2.Сталиндік саяси зобалаң.
3.Зиялы қауымды жаппай қудалау және Қазақстан аумағында орналасқан концентрациялы лагерьлер.
 
II мұғалімнің сөзі:
Мен қазақпын  мың өліп,мың тірілген
Жөргегімде  таныстым,мұң тіліммен
Жылағанда жүрегім жыр тұтылып
Қуанғанда күлкімнен түн тірілген.
30-шы  жылдары КСРО-да социалистік қатынастар орнығып болды. Социализмнің тоталитарлық, казармалық сипатының көрінісі. 
-Мемілекеттік меншік нығайып, өндіріс-құрал жабдықтарына  қоғамдық меншік орнап, шаруалар жерден шеттетілді.
- Бюрократиялық орталық нығайып, республикалар іс жүзінде  толық егемендік алмады.
- Республикалардың заң шығару бастамасы болмады. Елде «социализм жолымен ілгерілеген сайын тап күресі шиеленісе түседі»деген Сталиндік теория үстемдік етті.
Нәтижесінде:
-Жазалау органдарының қызметі күшейтілді.
-Мемлекеттік өкімет органы ретіндегі Кеңестер қызметі шектелді.
-Одақтың Ішкі істер халық коммиссариаты құрамында ерекше кеңес құрылып, жазалау шаралары іс жүзіне асырылды .
-Ату жазасы
-Жер аудару
-Еңбекпен түзеу лагерьлеріне қамау
-КСРО-дан тыс жерлерге қуып жіберу
 
Оқушылар жоспар бойынша өздерінің зерттеулерінортаға салады.
Мен білдім. (оқушылар сөйлейді)
 
    Филипп Исаевич Голощекин кім болған?
1-оқушы: Ф.И. Голощокин тіс дәрігер еді. Партия тарихын жазушылар Голощокиннің Қазақстанға қалай тап болғандығы туралы анық жазбады. 1925 жылы ол өлкелік партия комитетінің бірінші хатшысы болып сайланады. Оны кім сайлады-белгісіз, тек қазақстандық коммунистер сайлаған жоқ. «Огонек» журналына В. Костиков былай деп жазған: «1927 жылдың өзінде-ақ ол Сталиннің жеке, сенімді номенклатурасы болды»
Ф.И. Голощокиннің қатігездігі
 Қатыгездік Голощокиннің қанына сіңген нәрсе болатын .ОЛ қыруар тағдырдың түбіне жетті. Бір ғана мысал: 1917 жылғы 27 ақпандағы төңкерістің нәтижесінде ІІ-Николай патша тақтан құлатылды. Патшамен бірге  тұтқынға әйелі Александр Федоровна, қыздары:-22 жасар Ольга,20-жасар Татьяна, 18-жасар Мария, 14-жасар Анасиасия және 14-жасар ем қонбайтын сырқат баласы Алексей болды. Ф.И Голощокин ешқандай сотсыз, тергеусіз өлтіруді жоспарлайды. Қанды қол жендеттеріне бірінші атқызып, содан кейін сүңгімен шанышқылатқан.
17-шілде күні қараңғы түнді жамылып, атылғандардың денесін «Четыря братья» шатқалына әкеліп,ашық шахтаға лақтырады. Голощокиннің  оған да көңілі толмайды. Шілденің 18-і күні Голощокиннің жеке өзі көріп, бақылап тұрып мәйіттерді жою туралы бұйрық береді. Атылғандардың денесіне тік қазылған қазбадан шығарып, шахта алдындағы балшыққа тастатады. Бензинді,қышқыл мен спиртті алдыртады. Голощокин патша жанұясы мүшелерінің бастарын кесіп алуға бұйрық береді. Тергеу кезінде табылған  мойынға тағылған шынжыр баулардың бөліктеріндегі таңба, дақтар бастарын денелерінен бөліп алу үшін шабылғанын немесе кесіп алынғанын көрсетеді. Ең нашар жанатын тіс десек, асықпай мұқият қарағанның өзінде не костюмдерінен, не топырақтан, не шахта төгіндісінен бірде –бір тіс табылмаған. Патша мен оның жанұя мүшелерінің бастарын спирттеп, орап-буып, ағаш жәшікке салып сол күні Голощокин өзімен бірге болған оқиғаның нақты дәлелі ретінде  көрсету үшін Мәскеуге әкетеді. Мәйіттерді құрту үшін балтамен шапқызады. Тергеу кезінде шабылған ізі бар  күйген сүйектер мен қымбат бағалы тастар табылған.
Міне осыдан кейін Ф.И Голощокин шілденің 19-ы күні кештете Екатеринбургтан салон-вагонға оңаша отырып, тура Мәскеуге тартады. Ол өзімен бірге өте ауыр үш жәшікті ала кетеді. Қысқасы, Ф.И Голощокиннің өз тәжірибесінде соңғы рет тіс жұлуына тура келеді.Ол тіс жәшікте  бастарымен бірге еді.                             
2-оқушы: Сталин кім болған?
Иосиф Виссарионович   Сталин 1879 жылы 9 желтоқсанда Тифлиссин губерниясында Гори қаласында етікші отбасында дүниеге келді.Ол 1894 жылы Гориидей рухани училишесінде, сол жылы Тифлиски діни провосславиялық семинарияға түсті.Өз қызмет жолдары Кавказ елінен бастап, уақыт өте келе жалпы ресейлік қызмет қатарына жоғарылады.Осы кезде Правда газетіне басылымына өзінің теориялық жұмысы, «Марксизм және ұлттық жағдай» мақаласы шығып, осы мақаланы  В.И.Ленин жоғары бағалады.
1922 жылы сәуір айында орталық атқару комитеті пленумында И.В.Сталинді орталық атқару комитеті партиясының бас хатшысы етіп тағайындады.В.И.Ленин ауырғаннан бастап және қайтыс болғаннан кейін оның орнына Сталин сайланды.Осы қызметте оған қиында жауапты міндет-саяси және шаруашылықты басқару жүктелді.
 20-жылдардың соңында жеңіске жеткен әміршіл-әкімшіл жүйе 40-50 жылдарда күшейіп тұрған еді.Республикада И.В.Сталиннің жеке басына табыну үстемдік құрды.Қандай табыс болсын Сталиннің қабілеті деп бағаланды,ал оның тарапынан жіберілген кемшіліктермен өрескел қателіктерге көз жұмып қарады.Әр түрлі даңғаза ұрандар етек алып,жалған саяси айыптар тағу, заңды бұзу,билікті теріс пайдалану орын алды.Жетекші күш-Коммунистік партия өзінен кейінгі буындарға: кәсіподақ, комсомол, пионер, октябрят және басқада қоғамдық ұйымдарға өктем билігін жүргізді.
40-50 жылдардың басында Сталиндік ой-мүдде әбден асқынады.И.В.Сталин БК(б)П XIX съезі ашылуы қарсаңында өзінің данышпандық еғбегін жариялады. Онда: «20-жылдың ішінде кңес халқы комунизмнің көкжиегін көреді» деп көрсетілді.Оның өтірігіне сенгендер, қарсы шыққандар «қорлаушылар», «диверсия жасаушылар», «ұлы табысқа күйе жағушылар»
деп айыпталды. «Халық жаулары»,»Социализм жауларына» қарсы күрес науқандары үздіксіз жүргізілді.
3-оқушы: 20-30 жылдарда басталған саяси қуғын соғыстан кейінде жалғасады.Қатігез шеңгелге соғыс кезінде әртүрлі себептермен жау қолына тұтқынға түскен сан мыңдаған жауынгерлермен Кеңес армиясының офицерлері ілікті. «Ленинград ісі», «Дәрігерлер ісі» және тағыда басқа көптеген қолдан жасалған істер пайда болды.Жазықсыз жазаланғандардың қасіретті тағдыры туралы Шыңғыс Айтматов «Ғасырдан да ұзақ күн»(«Боранды бекет» романында жақсы суреттеп берді.
4-оқушы:30-жылдардың өзінде-ақ жазықсыз жазаланған, саяси қудалаудың құрбаны болғандарды қоғамнан бөліп ұстау үшін Қазақстан лагерьлер өлкесіне айналдырылған еді.Олардың ең үлкені-Қарағанды лагерьлер жүйесі (Карлаг) болды.Екінші дүниежүзілік соғыс қарсаңында және соғыс жылдары Қазақстанға көптеген халықтар күшпен көшіріліп әкелінді.Олардың қатарында:кәрістер. немістер, поляктар,қалмақтар, қарашайлар, балқарлар шешендер. Ингуштар,месхеті түріктер, қырым татарлары,гректер, курдтар, литвандар, эстондар,орыстар,тағы да басқа ұлттар болды.
Соғыстан кейінгі он жылдам астам уақыт бойы қазақтың кең сахарасының айтарлықтай бөлігі лагерьлер өлкесі болып қала берді.ОГПУ-дің,НКВД-нің «үштіктері» ешбір жазықсыз сотталған»халық жаулары» мың-мыңдап Карлаг пен Дала лагерінде, сонымен қатар Алжир атанған(Акмолинский лагерь жен изменников родины- халық жаулары әйелдерінің Ақмола лагері тозаққа айналдырылған аймақтарында қасірет тартты.
5-оқушы:Өлкелік партия ұйымының басшылығына келген Ф.И.Голощекин «ауылды кеңестендіру» ұранымен ауылда тап күресін шиеленістіру бағытын таңдап алды.Наразы болған ұлттық жетекшілер Т.Рысқұлов және басқалар БК(б( П Орталық Комитетінің қарамағына шақырып алынды, ал басқалары, атап айтқанда С.Сәдуақасов,С.Сейфуллин,С.Қожанов,Ж.Мыңбаев және т.б. «ұлтшыл»деп айыпталды.Бұрынғы ұлттық зиялылардың шағын тобы да қуғындауға ұшыратылады.
Коммунистік партияның XV-съезі ауылшаруашылығын ұжымдастыру бағытын жариялды.1929 жылдың екінші жартысынан бастап колхоз құрылысы жедел дамыды. Бұл шара қатаң жаппай қуғындау мен лаңкестікке негізделді.Ұжымдастыру және отырықшыландыру ауылдың ғасырлар бойы қалыптасқан өмір салтын түп негізіне дейін күйретті.
 
6-оқушы:1930-1932 жылдары аштық кең етек алды.1930 жылы аштықтан 313 мыңнан астам адам өлді,1931 жылы ондай өлім 755 мыңға жетті.1932 жылы 769 мыңнан астам адам өлді немесе көшіп кетті.Аштық, індет және басқада жоқшылықтан толық емес деректер бойынша 1750 мың қазақ шығынға ұшырады.
1926-1939 жылғы санақтар аралығындағы кезеңде көшіп барушылар есебінен қазақтар саны:РКФСР-де-2.3 есе, Өзбекстанда-1,7 есе,Түркменстанда-6есе, Тәжікстанда-7есе,Қырғыстанда-10 есекөбейді.Зұлмат ауқымының зор болғаны сонша,1930-1932 жылдардағы аштық тарихқа «ұлы жұт» ретінде енді.
7-оқушы:Бибіжамал ананың естелігінен:-Бір топ комсомол қызметкерлерін шақырып алып, республикадағы ашаршылыққа байланысты жан-жаққа көмекке жіберді.Мені Қарқаралыға бөлді. Қарқаралыда өлген кісілерді жеген адамдарды көрдім. Әсіресе, бір әйелдің көзі қанталап кеткен. Жас баланың етін жеп отырғанын көріп шошып кеттім. Күп болып ісіп кеткен сол әйелдің сөйлеуге де шамасы жоқ. Тағы бір есімде қалғаны С.Сейфуллиннің әйелі Гүлбаһрам ұлы Аянды өліп қалған күйінде  3 күн құшақтап отырды.
8-оқушы: Ғабит Мүсреповтың естелігінен: «Өлілер көшесі.Киіз үйлер қалашығына таяп келдік. Сол үйлердің бірде-біреуінде пенде жоқ. Өлді дейін десек, өліктері жоқ. 3-4 адам алтықанат бір үйге кірдік.  Төрде жүк аяқ, оның үстінде қатталып жиналған атлас көрпелер мен құс  жастықтар. Қабырғада қалың кілем. Ал ішінде жан жоқ.» Олар асықпай мұқият қарайды. Кенет бәрі бірдей, оның ішінде қаруланған екеуі әлденеден сескенгендей тіксініп тұра қалды. Содан кейін тітіркеніп, есікке шегініп кетеді. Ғабит Мүсрепов ең соңында қалады. Шашылған киімдердің жанында әлдекімнің жатқанын жүрегі сезеді. Шығып кетеді. Шыдай алмай еріксіз сол үйге қайта кіреді. Жолдастары соңынан ілеседі. Кенет қаңыраған үйдің ішінен шыққан жіңішке  ащы дауысты естіп, жүректері мұздп сала береді. Сөйткенше болмай, кішкене тірі жәндік күркенің  титтей тесігінен атып шығып, адамдарға қарай ұмтылды. Оның өн бойы қан. Өсіп кеткен ұзын шаштары мұз боп қатып, қанды сүңгіге айналып, жан-жағында салбырап тұрды, аяқтары кіп-кішкентай, тыриған арыұ, қап-қара, табаны тура қарғаның табаны. Көздері әбден есіріктенген. Беті қып-қызыл, иегінен қан тамшылайды. Тістері ақсиған, езуінің айналасынан қанды көбік көріенеді. Ол- жеті-сегіз жасар қазақ қызы. Оның жегені  адам еті еді.
 
9-оқушы: Баршын апайдың естелігінде былай дейді:-Бұрынырақта Ақмола, Қарағанды лагерьлерінде отырып келгендер бір жерге бас қосып, өткендерін есіне алып жатушы еді.  Сонда менің таңданатыным: Ұлы отан соғысына қатысушылар 9 мамырда кеуделеріне орден, медальдарын тағып, көшелерге шыққанда әкелеріміз ұсталып, атылып, аналарымыз қисынсыз сотталып келгендердің ұрпағы біздерді бір жағы намыс,  бір жағы ашу кернейтін. Біздің әке-шешелеріміз кімнен кем еді?! Тірі болса, атылып, сотталғанша жаумен шайқасып, мыналар сияқты жүрмес пе еді, орден, медальдарын жарқытратып.
 
Ғабит Мүсреповтың естелігінен: «Өлілер көшесі.Киіз үйлер қалашығына таяп келдік. Сол үйлердің бірде-біреуінде пенде жоқ. Өлді дейін десек, өліктері жоқ. 3-4 адам алтықанат бір үйге кірдік.  Төрде жүк аяқ, оның үстінде қатталып жиналған атлас көрпелер мен құс  жастықтар. Қабырғада қалың кілем. Ал ішінде жан жоқ.» Олар асықпай мұқият қарайды. Кенет бәрі бірдей, оның ішінде қаруланған екеуі әлденеден сескенгендей тіксініп тұра қалды. Содан кейін тітіркеніп, есікке шегініп кетеді. Ғабит Мүсрепов ең соңында қалады. Шашылған киімдердің жанында әлдекімнің жатқанын жүрегі сезеді. Шығып кетеді. Шыдай алмай еріксіз сол үйге қайта кіреді. Жолдастары соңынан ілеседі. Кенет қаңыраған үйдің ішінен шыққан жіңішке  ащы дауысты естіп, жүректері мұздп сала береді. Сөйткенше болмай, кішкене тірі жәндік күркенің  титтей тесігінен атып шығып, адамдарға қарай ұмтылды. Оның өн бойы қан. Өсіп кеткен ұзын шаштары мұз боп қатып, қанды сүңгіге айналып, жан-жағында салбырап тұрды, аяқтары кіп-кішкентай, тыриған арыұ, қап-қара, табаны тура қарғаның табаны. Көздері әбден есіріктенген. Беті қып-қызыл, иегінен қан тамшылайды. Тістері ақсиған, езуінің айналасынан қанды көбік көріенеді. Ол- жеті-сегіз жасар қазақ қызы. Оның жегені  адам еті еді.
Ғабит Мүсреповтың естелігінен: «Өлілер көшесі.Киіз үйлер қалашығына таяп келдік. Сол үйлердің бірде-біреуінде пенде жоқ. Өлді дейін десек, өліктері жоқ. 3-4 адам алтықанат бір үйге кірдік.  Төрде жүк аяқ, оның үстінде қатталып жиналған атлас көрпелер мен құс  жастықтар. Қабырғада қалың кілем. Ал ішінде жан жоқ.» Олар асықпай мұқият қарайды. Кенет бәрі бірдей, оның ішінде қаруланған екеуі әлденеден сескенгендей тіксініп тұра қалды. Содан кейін тітіркеніп, есікке шегініп кетеді. Ғабит Мүсрепов ең соңында қалады. Шашылған киімдердің жанында әлдекімнің жатқанын жүрегі сезеді. Шығып кетеді. Шыдай алмай еріксіз сол үйге қайта кіреді. Жолдастары соңынан ілеседі. Кенет қаңыраған үйдің ішінен шыққан жіңішке  ащы дауысты естіп, жүректері мұздп сала береді. Сөйткенше болмай, кішкене тірі жәндік күркенің  титтей тесігінен атып шығып, адамдарға қарай ұмтылды. Оның өн бойы қан. Өсіп кеткен ұзын шаштары мұз боп қатып, қанды сүңгіге айналып, жан-жағында салбырап тұрды, аяқтары кіп-кішкентай, тыриған арыұ, қап-қара, табаны тура қарғаның табаны. Көздері әбден есіріктенген. Беті қып-қызыл, иегінен қан тамшылайды. Тістері ақсиған, езуінің айналасынан қанды көбік көріенеді. Ол- жеті-сегіз жасар қазақ қызы. Оның жегені  адам еті еді.
10-оқушы.1930 жыы 25 сәуірде  лагерлерді  басқаратын  ОГПУ құрылып бір жылдан кейін   ГУЛОГ  ОГПУ атала бастады.
 Қазақстанда 1930-жылдың басында лагерьлер жүйесі қалыптасты. 1930ж. мамыр айында КСРО Халық Комиссарлар Комитеті  «Қазақстанда еңбекпен түзету лагерін құру туралы» қаулы қабылдады.1931ж.19 желтоқсанда «Гиганг» кеңшары ОГПУ-дің Қарағанды жеке еңбекпен түзету лагері қайта құрылып, қысқаша «Карлаг ОГПУ»аталды.Карлагта 1млн-дай тұтқын тіркелген.Жаңадан лек легімен адамдар әкелініп, кезең-кезеңімен өзге лагерьлерге жөнелтіліп жатты.
 Мұндай лагерлер қатарына Қазақстандағы Далалық лагерь  (Степлаг). Далалық лагерь тұтқындары «Казмысқұрылыс» тресі мен Жезқазған руда  басқармасында жұмыс істеді. Ресми құжаттарда «Карлаг» , «Степлаг» «АЛЖИР» деген атпен белгілі болған лагерьлер осы  ГУЛАГ жүйесінің бір бөлімшесі болып табылды. Ал ГУЛАГ- тың құрамында әр түрлі  салалық өнеркәсіп басқармалары енді.
Осылайша НКВД жазалау- күштеу органы бола отырып, шаруашылық-экономикалық мекемелердің жұмысын атқаратын орынға айналды. Карлаг жүйесінде мал шаруашылығы фермаларымен қатар, жеміс-көкеніс өсіру, жер жырту, кірпіш зауыттары, әк өндіру карьерлері, тас көмір шахталары болды. Тұтқындар Балқаш мыс қорыту зауытының құрылысында, халықарадлық атом электр станциясында, темір жол желілерінде еңбек етті.
11-оқушы.Алматы облысының «Жаналық» аулының жанында «Қуғын- сүргін құрбандарына арнап қойылған еркеткіш бар. Мұнда НКВД-ның зынданында атылған 3 мыңнан астам қазақстандық жерленген. Алматы қаласы әкімдігінің анықтама мәліметі бойынша 1921 жылдан 1945 жылдар аралығында бұрынғы КСРО- да 3млн 77мың адам жазықсыз сотталған оның 642мыңы атылдып кеткен. Қазақстан миллиондаған совет азаматттанының  депортациясына айналған. Сол тоталитарлық жүйенің құзырында 953 лагерь болды. Тек 1937-38 ж.ж-ң өзінде ғана республикада 100мыңнан астам адам жазықсыз сотталды, оның  25 мыңы атылды.
Дәл осы жылдары қазақ зиялылары: Т.Рұсқұлов, А.Бөкейханов, Б.Майлин, М.Жұмабаев, А.Байтұрсынов, А.Розыбақиев, Масанчи, І.Жансүгіров, Л.Мирзоян, С.Сейфуллин, С.АСфендияров, Х.Досмұханбетов, Жаһанша досмұханбетовтар атылды.
1930-1940ж.ж. және 1950ж.ж-да контрреволюциялық қылмыстар туралы істердің жартысынан астамын сот органдары емес Біріккен Мемлекеттік саяси басқарма алқасы, «үштіктер» (үш адаманан құралған комиссия), ерекше кеңестер қарағаны анықталды.
 
Қиылған ғұмырлар
Сыр жасырады анасынан баласы
Қосылды ғой ақ пен қара арасы
Жатты уланып шаққан сөздін уынан
Заман, адам, уақыттың да санасы
 
Бұдан өткен болмайды ғой азабың
Жан- жүйкеңді тоздырады азалы үн
Халық ұлы, халық жауы атанды
Бұдан өткен болмайды ғой азабың!
 
1931 жылы Қарағанды облысындағы Оскаров ауданында 25 қоныс- обсервация пайда болды. Негізінен мында қоныстандырылғандар Ресейдің орталық аудандарынан тәркіленген кулақтар болатын. Олар бас бостандықтары жоқ сталиндік социализм құрылысының арзан ақсыз жұмысшы қолы болып есептелді.
 12-оқушы.Одессада тұтқындарды тасуға арналған «Сталин вагоны» жасап шығарылды. Осындай вагондарда бұрынғы Кеңес Одғының түкпір-түпкірінен тұтқындарды тасыған. Бұл вагонда олар екі  айдан артық уақыт азап жолын жүріп отырып Каргалқа жеткізілген. Вагонда 70-тен астам тұтқынды  сыйғызған, негізінен ол 50 адамға арналған. Тұтқындар оны «Теплушка»- жылымай деп атап кеткен. Вагон екі қатарлы сәкі-төсекпен жабтықталған.Жоғарғы жағында торланған екі терезесі бар.
13-оқушы.Карлагтың №26 нүктесі болған АЛЖИР –лагері  Астанадан небәрі 35 шақырым жерде Ақмол ауылында орналасқан.»АЛЖИР» саяси қуғын сүргін және тоталитаризм құрбандары мұражай мемориалдық кешені Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың ат салысуымен ашылған. Сонау 1937ж, НКВД-ның арнайы бұйрығымен салынған Ақмола  халық  жаулары әйелдерінің лагері. Бұл азап орталығыда 20 мыңға дейін нәзік жандар жазықсыз қамауда азап шеккен, олар небәрі ел жайсандарының зайыптары,қыздары, қарындстары.Ең сұмдығы мұнда бойына нәресте біткен аналарға да мейірімділік жасамған. Нәтижесінде темір тордың ар жағынд 1мың 507 нәресте дүниеге келіп, олардың  басым көпшілігі  аштық пен суықтың құрбаны болды. АЛЖИР-де С.Сейфуллиннің, Б.Майлиннің, Ж.Шанинің,С.Асфендияровтың, С.Сармолдаевтың, С.Есқараевтың және басқа белгілі қайраткерлердің жарлары қамауда ұсталды. Сонмен қатар лагерьде азапты күн кешкендердің ішінде Тухачевская, Русланова, Плисецкая, Серебрякова және басқалары отырды. Кеңес үкіметінің түпкір-түпкірінен  әкелінген 80-ге жуық ұлт өкілдерінің қыздары мен әйелдері, лагерьдің шектен асқан қаталдығына шыдамай өздерін мерт жасағандар қаншама.Ақталу қазғадарын қолына ала-алмай арманда кеткендері қаншама 1937ж. Көз алдымызға келгенде 3,5,8 жылдан отырып, жалпы өмірінң 18 жылын қуғын сүргінде өткізген аналар өмірін тіпті айтуға қорқасын.
 
  Мына слайдта 1937ж.15 тасызындағы КСРО НКВД-сының тарихы юұйрығы бойынша Отанын сатқандарың жанұяларының мүшелеріне қарсы жаппай қысымшылық айғақтайтын құжат берілген. Қысқа мерзімде тұтқындалып, Отанын сатақандарың әйелдері 5-8 жылдарға айыпталды.Лагерь  бірнеше саман жаппалардан төрт күзет тұратын биік мінберден, тікенек сыммен қоршалды. 1937 жылы қаңтар және ақпан айларында КСРО-ның түкпір түпкірінен үздіксіз, жазықсыз айыпталған әйелдерді әкеле бстады.  
 
    Мәскеуде Бушырка түрмесінде бір уақыт 1600 әйелдер әкелінді. Жазықсыз сотталған әйелдер еліміздің шет шетінен АЛЖИР- ге толассыз келіп әкелініп жатты:Мәскеу, Ленинград, Украина, Грузия, Армения, ОРТа Азия т.б жерлерді 60-тан астам ұлттың өкілдері. Қарлы боран мен бұрқасында табиғатың өзгеруіне байланысты жолда ауырған денелерінің қызуына қарамастан өздеріне жаппа барактарын салғызып ішіне  сәкілерін орнатты. Матырастарына сабан жауып әкелік тығындап төсек жасаттырды. Жаппаларының ішін жылту үшін көлден қамыс шаптырды. Кезекші оны сүтке бойы пешке жағып отырды. Бірақ қақаған аязда қамыстың жылкуы небәрі 6-8 градустан аспады.Лагерге әкелгенен кейін әр дама ұлтын фамилиясын ұмытады. Себебі оларды аристантар ретінде дербес номерлер бойынша танып біледі. Лагерде болған алғашқы біржарым жылы өте ауыр қапас тарлыққа үйрендеге түрменің салт-дәстүрі берекесіз өндіріс осыны бәрі жазықсыз отырған әйелдерге үлкен қасірет болды. Оның үстіне күнде өтіп жатқан түрменің сәулесіз күні күнделікті таңертең ертемен дірдктетіп түгендеу, онсызда аш құрсақтарға ауыр азап еді. Әр аристанттың күнделікті асханадан ішетін асы езіліп суы шығып тұрған қара нан, баланда, шайында қара көже міне күнделікті бір айдан бір айға жылдарға созылған бейнет осы тағам туралы әңгімелесу мүлдем тиым салынған.
 
   Лагерде қайтыс болғандар саны өте көп болды. 1940-1950 жылдар аралғында 10мыңнан астам адам қайтыс болды. Адамдардың опат болу маштабтары Қарағанды және Ақмола блыстары бойынша белгісіз зираттардың санынан қана долбарлап білуге болады.
 
14-оқушы.Аяғындай ажалдың жылжымалы
Құлағыма келеді шынжыр әні
«Алжирде» өткен әйел тағдырлары
Түкпірінен тарихтың шыңғырады.
 
Бүгінде айтулы мемориялдық кешен Ақмола облысы Малиновка ауылында ашылды. «Қайғы қақпасы» момументі, «Күрес пен үміт» және «Ашу мен дәрменсіздік» секілді екі мүсіндіккомпозиядан, сондай-ақ еске алу қабылғаларынан құрылған. Мұражайдың экспозицияларыөзінің материалдық құжаттарымен саяси қуғын тарихын, жазалау институтарының әрекет ету тетіктерін көрсетеді.Мұражайға келушілер назарына 1905-1916ж.ж. қазақ зиялыларының саяси әрекеттері кеңес өкіметін орнату кезеңі,ұжымдастыру және шаруашылық қасіреті , қазақ жеріндегі аштық, 1937-38ж.ж. үлкен»террор» Қазақстан аумағындағы ГУЛАГ-тың бөлімшелері, халықтарды Қазақстанға қоныс аудару, 1940-50ж.ж.Қазақстандағы саяси және идеологиялық қуғында, 1986-шы жылғы желтоқсан оқиғалары жеке-жеке бөлім болып ұсынылған.Бүгінде осы бөлімдерде 4 мыңға тарта жәдігерлер топтастырылған. Жертөле қабатындағы экспозицияның ортасындағы «Еске алу» азаптиық күнде де мейірімділікті еске түсіргендей. Үш қабатты мұражайда барлық экспонаттар шеңберлік көрініс бойынша орыналастырылып, келушілердің сол сұрапыл жылдар тарихынан мол мағлұмат алуына мүмкіндік береді. Экспозицияның жеке бір бөлігі  «Алжир» тұтқындарының балаларына арналып отырғаны тегінен-тегін емес. Сол жылдардағы тергеушінің кабинеті өзінің сұрқымен адам денесін тіркендіреді. Шағын жер төледегі тұрмыс көрінісі тұтқынға арналағандардың жеке нәрселері, қуғын-сүргін құрбандары балаларының хаттары көрнекі жерден орын алған. Жалпы қуғын-сүргін жылдарының алғашқы ескерткіші осыдан 22 жыл бұрын Малиновка, қазіргі Ақмол ауылындағы құс фабрикасының қарапайым қызметкері Любовь Егоровна Дробатаның тікелей араласымен жаслған «Қаққа айырлыған жұлдыз» кешенінен  бастау алады.
15-оқушы: Голощекин жйлы не білдік? Ф.И. Голошекин 1925ж тамызынан 1933жылдың қаңтарына дейін Қазақ өлкелік комитетінің 1-ші хатшысы болды. Ешқандай жақсы іске қол жеткізген жоқ.
-1-ден көрнекті қазақ қайраткерлерді  «ұлтшыл-уклонистер» деп, 1926ж оларды елден кетірді.
-2-ден  «Кіші Қазан» атты ой-мүддені ойлап тауып, 1927ж  «ауылдарға азамат соғысын» бастады.
-3-ден өзі тікелей араласуң арқылы Атқару Комитетіне Қазақ дәулеттілерін тәркідеп, 1928ж  «Жер аудару» туралы қаулы қабылдаттырды.
-4-ден В.И. Лениннің алашордашыларға жасаған рахымшылығын біле тұра бұзып, Қазақстандағы «Кіші 37-ні» өте ерте 1929ж бастап жіберді.
Осындай зұлымдықтың кесірінен 1930-1932ж респуликадағы 5,8 млн қазақтың 1,8 млн қырылып, елді аштық жайлады.
  Үйге тапсырма:  «37-де опат болғандар» осы тақырыпқа дәптерлеріне  шығарма  жазу. Бағалау.
 

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Қазақстандағы ұжымдастыруға қарсы шаруалар көтерілісі
Кеңес одағы
Ұлы Отан соғысы кезіндегі Қазақстан
Индустрияландыруға бағыт алу және оның барысы
1930 жылдардағы қоғамдық саяси өмір
1920-1930 жылдардағы қоғамдық-саяси өмір
1930 жылдардағы аштық, шаруалар көтерілістері
Саяси қуғын-сүргіннің негізгі кезеңдері
Қазақстанда ауылшаруашылығын ұжымдастыруға көрсетілген қарсылық
1930 жылдардағы саяси өмір
Бөлім: Уроки / Тарих | Көрсетілім: 6394 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык